Сабақ жоспары Практикалық сабақ



бет6/13
Дата29.01.2017
өлшемі1,25 Mb.
#8210
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




Назар аударыңыз!

Буын түрлері


Қазақ тілі дауыстыларының дауыссыздарынан басты айырмашылығы - дауыстылар буын құрай алады.

Сөздің айтылуында бөлшектенетін бір толқынды буын деп атайды.

Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар:



  1. Ашық буын дегеніміз - бір дауысты дыбыстан ғана тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауысты дыбысқа аяқталатын буын.

Мысалы: А - ла - са.

  1. Тұйық буын дегеніміз - дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын. Мысалы: Ор, үй.

  2. Бітеу буын дегеніміз - дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын. Мысалы: Жер, құр.


Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

3. Жақшадағы сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемді толықтырыңыз:

а) (Некоторые работы художника ) топтасып, жинақталып, жалпы және арнайыға бөлінеді.

в) (Қыл қалам, жақтау, тиянақ таған) сурет салуға қажетті құралдар.

4. Қазақ тіліне аударыңыз:

Гуашь — вид акварельных красок, более плотный и матовый, чем обычная акварель. Гуашью выполнялись книжные миниатюры уже в Средние века. В эпоху Возрождения художники применяли технику гуаши для эскизов, картонов и других подготовительных работ, а также для портретных миниатюр. Гуашью можно работать не только на бумаге, но и на грунтованном (не размываемом) холсте, на ткани, картоне, фанере. Гуашь широко применяется в декорационной живописи, при выполнении различных эскизов. Очень часто используют её для цветных набросков. Гуашь удобна в работе и, что важно, даёт возможность вносить исправления в процессе работы. Слой краски средней толщины сохнет от 30 минут до 3 часов в зависимости от влажности воздуха. Плакатная гуашь отличается от художественной большей кроющей способностью и цветовой насыщенностью.



5. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңыз:

қалың ,ұнамаса, қателік, қыл қалам, жақтау, тиянақ таған



6. Сөйлемдегі сөздерге тиісті жалғауларды жалғаңыз:

Сурет салу кезеңінде жіберілген қателіктер…. түзеу үшін, гуаш … жұмыс істеу ыңғайлы болып келеді. Гуашьпен ашық түсті бояу … қаралау бояу … жабуға болады. Гуашьпен салынған кепкен сурет, жаңа ғана салынған сурет … ашықтау болады. Сондықтан,бояу түрін таңдап алу қиын… соғады. Егер бояу тым қалыңырақ жағылса,суретте кішкентай жырықшақ … пайда болады.



7. Төмендегі сөздерді буын түрлеріне бөліп жазыңыздар:

Жарқын, түс , топтасып, жинақталып, айқын, жұмсақ ,жалпы, кезеңінде, жіберілген, өйткені, қателіктер, салу.



8. Көп нүктенің орнына дүрыс жалғауларды қойып,сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз:

Зат... қарап сурет салғанда қағаз бетіне нәрсе... жоғарғы және төменгі шекаралар... белгілеп алу керек. Сурет... шекаралар... белгілегенде нәрсе... негізгі пропорциялар... белгіленеді. Егер осы кезде қателік... кетіп, ол дер мезгілінде түзелмесе, онда нәрсенің форма... дұрыс шықпайды, сурет мүлдем жарамсыз болуы мүмкін.



9. Эпиграфта берілген сөздің авторы Абай Құнанбаев туралы не білесіз, айтып беріңіз.

Практикалық сабақ №8



Мақсаты:сөздердің көпмағналығы,антоним,синоним,омонимтуралы тұсініктерін жаттығу арқылы пысықтау;мәтін бойынша теориялық білімдерін тиянақтау.

Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сөздік жұмысы.

3.Мәтін бойынша жұмыс


Өмірден өткен ұлы суретшілердің ойлары кез келген

суретшіні, оқырманды бейжай қалдыруы мүмкін емес.

Врубель.

Акварель

«Акварель» деген атау латынның "agua" ("су") дейтін сөзінен шыққан. Бұл сөз суға езілетін бояуды да, сол бояумен салынатын шығармаларды да білдіреді.

Акварель бояу қағаз бетіне мөлдіреп түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты құнды қасиеті болып табылады. Суреттің бояу мөлдір жағылған жерлерінде қағаздың өз түсі көрініп жатады.

Бояуды қалың жағу керек тұстарға, әлденеше бояу қабаты түсіріледі, бірақ суретші сонда да мөлдірлікті жоғалтпауға тырысады. Көптеген суретшілер бір түс пен екінші түстің арасында кереғар айырмашылық болмау үшін де акварель бояуларын пайдаланады: олар бір - біріне жігін білдірмей жалғасып, өте бір биязы жұмсақ реңк танытады.

Әр түсті бояулардың мұндай жымдаса атасуы акварельге өте - мөте тән.

Өнер туындыларының қандай болмасын үлкен - үлкен көрмелеріне арнайы каталогтар шығарылады. Онда шығармалары көрмеге қойылатын суретшілердің атақ - жөндері мен туындыларының аты жазылады. Ал, шығарманың атынан кейін әдетте «акварель"» «майлы бояу», «гуашь» деп, оның қандай бояумен салынғаны көрсетіледі. Ондай жазулар шығармаға жапсырылған жарлықтарда да ұшырасады.



Сөздік
Бояу – краска

Езу – разжижать

Мөлдір - прозрачный

Қағаз бетіне – на поверхность бумаги

Басты құнды қасиеті – главное ценное свойство

Түс – цвет

Реңк – тон, оттенок

Кереғар айырмашылық – противоположная разница

Жік – грань

Өнер – искусство

Туындылар – произведения

Көрме – выставка

Атақ – звание

Ұшырасады – встречается



Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Сұрақтар құрастырып, оларға жауап беріңіз.

3. Берілген сөзідерді жіктеңіз:

мүсінші, қайраткер, мақтаншақ .



4. Берілген сөздерге тиісті жіктік жалғауларын жалғаңыз:

мен кәсіпкер... , біз жұмыскер.... , сендер маман.... , сіз суретші..., олар кәсіпкер..., сіздер мүсіншілер... .



5. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз:

кереғар, қасиет, жік, құнды, туынды, көрме, акварель.



6. Көп нүктенің орнына "о" немесе "ө" әрпін қойып жазыңыз:

Ж...ндері, ж...ғалтпау, ж...ғары, к...птеген, ...те, қ...лданбалы, ...нер, қ...ғам, к...рме.



7. Берілген сөздерді жуан, жіңішкелігіне қарай топтап жазыңыз:

Аталған, шығарма, көрме, керек, жігін, жұмсақ, қолдану, каталог, жазылады, суретшілер, бояу, түс, тұстар, мөлдір, қағаз.



8. Қазақ тіліне аударыңыз:

Работа акварельными красками на природе, с натуры, требует быстроты и отработанной техники. Вместе с тем, под рукой должен быть сосуд с чистой водой и губка, которая, как правило, участвует в процессе наравне с кистями. Качество акварельной бумаги является очень важным для работы, но самая дорогая и лучшая бумага не всегда доступна начинающим художникам, и потому вполне можно приспособиться к уже имеющейся — настолько, что даже на самой хорошей, но непривычной бумаге результат может оказаться слабее.



9. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын қойыңыз:

Акварель ... жұмыс істегенде ең алдымен салатын зат ... өңі ... ұқсас бояу ... бастаған орынды. Бояу үйлесімділіг ... іздеп табуды ес ... шығармау керек.



10. Қазақ тіліне аударып, жалғаулардың түрін анықтаңыз:

Краски делятся на две группы – теплые и холодные. К теплым относятся желтые, оранжевые, красные, коричневые, то есть все краски, которые в основе своей содержат то или иное количество красного или желтого цвета. К группе холодных — голубые, синие, зеленые, фиолетовые, если в них преобладают холодновато-синие оттенки. Зеленые, фиолетовые, серые и черные цвета могут быть как холодными, так и теплыми в зависимости от особенностей колера и влияния окружения.



11. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.

Практикалық сабақ №9



Мақсаты:мәтін бойынша теориялық білімдерін пысықтау,сөздік қорын молайту,тілдері дамыту.

Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сөздік жұмысы.

3.Мәтін бойынша жұмыс



Бояу живописьті әрлендіреді,

Бояу жұмбақ, ғажап әлем.

Энгр Жан Огюст Доминик


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет