Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні


Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақты үйымдастыру формасы



бет165/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар.
Негізгі ұғымдар: биіктік белдеулік, биік таулар, тау шыңы, мұздықтар, қазаншұңқыр, жаңа тектоникалық қозғалыстар.
Номенклатура: Солтүстік Тянь-Шань жотасы, Жоңғар Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай, Шу, Іле, Зайсан қазаншұңқырлары, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Кетмен жотасы, Күнгей Алатауы, Теріскей Алатауы.
Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1-2 мин)

Дәптерлерінен кестелерін тексереді. Кескін карталарын тексереді. Өткен тақырып бойынша келесі сұрақтарды қояды:
1. Қазақстанның батысында қандай ойпат, қыраттар бар?
2. Аласа таулы өлкелерге қай таулар жатады?


3. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Кіріспе сұрақтар қойылады:
1. Қазақстанның қанша аумағын биік таулар алып жатыр?
2. Биік тауларға биіктігі қанша метр болатын таулар жатады?
3. Олар Қазақстанның қай бөлігін алып жатыр? (карта бойынша анықтау)
4. Тектоникалық картадан биік таулардың қай кезеңдерде пайда болғанын анықтаңдар.


3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Аласа таулар мен биік тауларды салыстырады. Бұл жерде негізгі мәселе таулардың қай кезеңде қалыптасқанын салыстыра отырып, жер бедерінің дамуында тектоникалық қозғалыстар мен геологиялық уақыттың ролін ашып көрсету. Қазақстан аумағындағы биік таулардың ерекшелігін анықтау үшін мынадай тапсырмалар береді:
1. Бұл таулардың барлығы дерлік палеозой қатпарлықтарында қалыптасқанына қарамастан биік болып келу себебін қалай түсіндіруге болады?
2. Биік таулы аймақтардың бүгінгі күнге дейін қалыптасып, дамып жатқандығын қалай дәлелдеуге болады?
Кейін мұғалім биік таулы аймақтарға сипаттама беруді бастайды. Сипаттама беруде жеке тау жүйелеріне олардың географиялық орны мен бұл тау тау жүйесіне жататын тау жоталарына және ең биік нүктелеріне тоқталады.

1. Оның себебі бұл таулар мезозойда тегістеліп, кайнозой эрасының жас альпілік қатпарлықтарында қайта көтерілуі
2. Бұл аймақтарда осы күнге дейін жер сілкіну процестерінің жүріп жатуы.

4. Жаңа тақырыпты бекіту

Оқулық мәтінін және физикалық картаны пайдалана отырып тау жүйелеріне сипаттама беру тапсырмасын береді:1) қандай тау жоталарынан тұрады; 2) ең биік нүктелері


5. Сабақты қорытындылау

1. Қазақстан аумағында қандай биік таулар бар?
2. Олар еліміздің қай бөлігінде орналасқан екен?


6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.


7. Үйге тапсырма беру

Кескін картаға Қазақстанның биік тауларын түсіру. Тапсырмаларын аяқтамаған жағдайда оларды соңына дейін аяқтау.


Астана қаласы № 15 мектеп-лицейі
геогафия пәні мұғалимасы
Бердиярова Гүгзада Қиянтаевна
Сабақ №16
Күні:
Сынып: 8
Тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы қазбалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет