Мақсаттары: Оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазбалары, олардың кен орындары, орналасу ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Білімділік. Платформалар мен қатпарлы облыстарда пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыруды дамыту. «Кен орны» ұғымын қалыптастыру. Қазақстанның қазба байлықтары жөнінен дүние жүзіндегі алатын орнын көрсету. Қазақстанның негізгі қазба байлықтарының кен орындарымен таныстырып, олардың ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылық.Геологиялық, физикалық карталармен жұмыс істеу арқылы пайдалы қазбалардың кен орындарын табуға,Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіруге және оны кескін картаға түсіре білуге,оқушылардың білім қабілеттерін дамыту арқылы икемділіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік. Қазақстан пайдалы қазбаларының алуан түрлілігі мен халық шаруашылығындағы рөлі туралы түсінік беру. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту. Оқушыларға пайдалы қазбалардың сарқылатындығы жөнінде, сондықтан да оларды тиімді әрі кешенді пайдалану және қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы экологиялық білім-тәрбие беру.