Сендер тұратын жерде қандай табиғат зонасы қалыптасқан? Оны сипаттаңдар.
Өздерің тұратын жерде қандай тау жүйесі бар? Ондағы биіктік белдеулерді анықтаңдар.
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, жалпы географиялық зоналылыққа толық түсінік бердім.
Үйге тапсырма: §13 оқу. Кескін картамен жұмыс жасау. Қосымша материалдар жинау.
Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Оқушыларды солтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтарымен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
2.Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, картамен жұмысты жандандыруға өз пікірін ашық айтуға шығармашылық пен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға ондағы жердің бетіндегі ерекшеліктеріне тоқталып, еңбекке, ұжымдылыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.