Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет262/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, жарты шар картасы, суреттер.
Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.
Жаңа сабақ:
Жер шарында құрлықтар мен мұхит айдындарының үлесінің түрліше екендігін белгілі. Әсіресе солтүстік жарты шарда құрлықтың аумағы үлкен, оның басым бөлігін ұзақ геологиялық уақыт бойы біртұтас Лавразия құрлығының құрамында дамыған Еуразия мен Солтүстік Америкаматериктері алып жатыр. Бұл екі материктің географиялық орнындағы ең басты ұқсастық – олардың солтүстіктеАрктикадан оңтүстікте экваторға дейінгі аралықта созылып жатуы. Осыған байланысты бұл материктерде солтүстік жарты шарға тәнтабиғат компоненттері қалыптасқан. Әсіресе материктердің солтүстік жағалық бөліктерінің табиғат жағдайларының қалыптасуына Солтүстік Мұздымұхиттың тигізетін әсері орасан зор. Ал екі материктің де Батыстан шығысқа қарай кең алқаптарды алып жатуы табиғат кешендеріндегі ішкі айырмашылықтарды күшейтеді.
Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің географиялық орны мен пішіндерінде аиырмашылықтар да бар. Еуразия ендік бағытта әлдеқайда көлемді, әрі оң түстіктегі аралдық бөлігі оңтүстік субэкваторлық белдеуге дейін созылған. Ал Солтүстік Американың солтүстіктегі полюске қарай ығыса орналасқан. Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірленіп, Оңтүстік Америкамен жалғасады.
Екі материктердің де жер бедері күрделілігімен ерекшеленеді. Олардың аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін кең-байтақ жазықтар алып жатыр. Олар көбінесе материктердің солтүстігінде шоғырланған. Солтүстік Америка материгінің негізін бір ғана платформа құрайды, ал Еуразия материгі бірнеше платформалардың бірігуінен тұрады. Олардың аралығы әр түрлі жас жастағы тау жүйелері алып жатқандықтан,Еуразияның жер бедері Солтүстік Америкаменсалыстырғанда күрделірек келеді.
Материктердің солтүстігіндегі жазықтардың жер бедері климаттың салқындауына байланысты бірнеше рет қайталанған мұз басуларға ұшырады. Мұз басулар кайнозойдың антропоген дәуірінде жүрген. Осыдан 10-15мың жыл бұрын ғана аяқталған материктіакмұз басулар әсерінен жер бедері, қатты майысулар мен тілімденуге ұшыраған.
Екі материкте де мұз басу әсерінен күшті тілімденген фьордты жағалаулар кең тараған.
Географиялық орны мен даму тарихының ортақтығы материктердің қазіргі климаттық жағдайы мен табиғат зоналарының ұқсастығына негіз болды. Екі материктіңқоңыжай белдеудің солтүстігінде орналасқан бөліктерінде климаттық жағдайлар ұқсас. Сондықтан мұндағы тундра,орманды тундра, орман зоналарының топырақ-өсімдік жамылғылары мен жануарлар дүниесі онша айырмашылық жасамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет