Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.
Жаңа сабақ:
Еуразия – дүние жүзіндегі ең ірі материк. Оның ауданы аралдарымен қосып есептегенде 54 млн км² астам, құрлықтың 1/3 бөлігіне сәйкес кееді. Еуразияны екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азия құрайды.
Материктің табиғат жағдайларының алуан түрлілігі оны ауданының үлкен болуымен түсіндіріледі. Бұл мынадай табиғат ерекшеліктерінен көрінеді:
Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы – Гималай тауындағыДжомолунгма шыңы, оның биіктігі 8848 м;
Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солтүстік-батысындағы Өлі теңізорналасқан Гхор ойысы. Оның деңгейі 403м;
Жер шарындағы ең үлкен түбек – Арабия, оның ауданы3млн км² артық;
Солтүстік-Шығыс Сібіріндегі - 71ºС температурасында тікелген Оймякон елді мекені солтүстік жарты шарындағы суықтық полюсі болып табылады;
Ыстық әрі аптапты Үндістандағы Тар шөлінде +53ºСтемпература байқалған;
Жер шарындағы жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы – Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейіндегіЧерапунджи елді мекені, мұнда жылына 12 мың мм-ден артық жауын-шашын түседі;
Аса құрғақ аптапты Арабия түбегінің оңтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 15 мм-ден де аз;
Жер шарындағы ең үлкен көл – Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан, оның ауданы 390 мың км²;
Жер шарындағы ең терең көл – Байкал көлі Азиялық бөлігінде орналасқан, оның тереңдігі 1620м;
Еуразияда солтүстрік жарты шарға тән барлық климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі;
Еуразия материгінің жағалауларын барлық мұхит сулары шайып жатыр.
Материк батыстан шығысқа қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр.
Еуразияны құрайтын екі дүние бөлігі – Еуропа мен Азияарасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Каума-Маныч ойысы мен Азов, Қара теңіздері және Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы өтеді.
Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі – Челюскин мүйісі(77º43´с.е. 104º 18´ ш.б.) мен оңтүтіктегі шеткі нүктесі – Пиай мүйүісі (1º16´с.е. 103º30´ш.б.) аралығындағы қашықтық8000 км.кейбір аралдар солтүстік полюске таяу орналасса,Малайя архипелагының аралдары экватордан оңтүстікке қарай 11º о.е. дейін созылып жатыр.
Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізі маңынан басталады. Осы жағалауда тұңғыш географиялық түсініктер қалыптасып, алғашқы географиялық ұғымдар жинақталған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеюіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарда Критаралын мекендеген ежелгі миной халқы негіз салған.Минойлар Египет және Кипр, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сада қарым-қатынасын жүргізген.
Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. олар батысқа және солтүстікке жорықтар жасап, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.
Тек ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедициялар құрыла бастады.бұл зерттеулерді жүргізуде орыс саяхатшы ғалымдарының еңбектері ерекшк зор. Әсіресе Н.М.Пржевальскийбасшылық еткен әкспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орта Азиияда 15 жыл болып, 33 мың км-гежуық жол жүрген. Сол аймаққа жасаған 4 саяхаты нәтижесінде Н.М.Пржевальский Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және янцызы өзендерінің бастауын тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |