Субэкваторлық климаттық белдеу Үндістан, Үндіқытай түбектері мен оларға жалғасып жатқан аралдарды (қандай?) қамтиды. Гималай тауы климат айрық жота болғандықтан белдеудің солтүстік шекарасы оның биік бөлшіктері арқылы өтеді. Осы тау жотасы арқылы екі өтпелі климаттық бедеу бір-бірімен шектеседі (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Жазда Үнді мұхиттан мол ылғал әкелетін экваторлық ауа массалары субтропиктік белдеу шегіне дейін жетеді. Гималай тауы мен Үндіқытай түбегі шектесетін ауданда жауын-шашынның Жер шарындағы мол түсетін ауданы (орташа мөлшері 12000 мм, ең көп мөлшері 20000 мм). Қыста материктен соғатын құрғақ тропиктік ауаның ықпалы күшейеді. Тропиктік және экваторлық ауа массаларының маусым бойынша алмасуынан қалыптасатын, қысы құрғақ, ал жазы жаңбырлы болатын мұндай климат тропиктік муссондық деп аталады.