Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет280/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Климаттық белдеулер. Еуразияның алуан түрлі климат жағдайлары туралы толық мәлімет алу үшін климаттық белдеулерді қарастырайық.
Арктикалық климаттық белдеуге Еуразияның арктикалық аралдары мен Солтүстік Мұзды мұхит суы мен шайылып жатқан солтүстік бөлігі кіреді. Жыл бойы аса суық, құрғақ арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Ауа температурасы тұрақты түрде төмен , қыста -40ºС, -50ºС –қа деінгі қатты аяздар байқалады. Ұзақтығы бірнеше айдан аспайтын қысқа полярлық жаз кезінде көкжиектен онша биік көтерілмейді.
Субарктикалық климаттық белдеу Исландия аралынанбасталып, жіңішке жолақ түрінде өтеді. Арктикалық климатқа қарағанда салыстврмалы түрде жұмсақ: өтпелі белдеу болғандықтан қыста арктикалық, жазда қоңыржай ауа массалары ықпал етеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері аз болуы мен топырақтың тоңдануына байланысты батпақты жерлер көп.
Қоңыржай климаттық белдеу  Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу. Сондықтан мұнда климаттық жағдайлардың батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі айқын байқалады. Белдеуде қоңыржай теңіздік (атланттық) және қоңыржай континенттік ауа массалары қалыптасады.
Белдеудің еуропалық бөлігінде Солтүстік Атлант жылы ағысы мен Атлант мұхитынан соғатын батыс желдерінің әсерінен теңіздік климат қалыптасады. Мұнда қыс жұмсақ, қаңтардың орташа температурасы 0ºС-тан жоғары, ауа райы құбылмалы, тұмандар жиі байқалады. Көбінесе жаңбыр күйінде жауатын жауын-шашынның мөлшері жылына 1000 мм-ден артық, оның басым бөлігі қыс кезіне келеді. Атлант мұхитының әсерінен жаз онша ыстық болмайды. Осындай климаттық жағдай солтүстіктегі Исландияға да тән.
Шығысқа қарай Атлант мұхитының ықпалы әлсіреп, континенттік ауа массаларының әсері күшейетіндіктен Орал тауына дейінгі аралықта климат қоңыржай континенттік сипатқа ауысады. Жазы жылы, қысы суық. Қыста ашық, аязды ауа райы жылымық күндермен алмасып отырады. Ауа райының мұндай құбылмалы сипаты әсіресе Шығыс Еуропа жазығына тән.
Жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артады. Мұндай климат шұғыл континенттік деп аталады.
Тынық мұхит жағалауларына қарай климат біртіндепмуссондық сипатқа ауысады. Муссондық климаттың ерекшеліктерін ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасуы анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет