Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет277/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Шөгінді пайдалы қазбалар теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған. Темір, фосфорит, боксит кендерімен әртүрлі тұздар да шөгінді жыныстар құрамында кездеседі. Жанғыш пайдалы қазбалардың дүние жүзілік қорының көпшілік бөлігі шоғырланған: мұнай мен газ қоры жөнінен Еуразия басқа материктерден алда тұр.
Мұнай мен газдың мол қоры мұхиттағы органикалық заттардың түпкі шөгінділер құрамында ұзақ уақыт жатуы нәтижесінде п.б. қазіргі кезде мұнай құрлықтан ғана емес материктік қайраңдардан да табылған. Мұнай негізінен Парсы шығанағында, Солтүстік және Жерорта теңіздерінде, Батыс Сібірде, Каспий маңы ойпаты мен Каспий теңізі қайраңында, Ұлы Қытай жазығында өндіріледі. Парсы шығанағы мұнай қоры мен оны өндіру жөнінен дүние жүзінде 1-ші орын алады. Таскөмір кен орындары ежелгі жылы су айдындары жағалауларындағы қаулап өскен өсімдіктердің қалдықтарынан түзілген. Таскөмір Еуропаның орта бөлігіндегі Уэльс, Жоғағы Силезия, Рур және Донецк, Кузнец, Қарағанды алаптарында, Қытай жерінде көптеп өндіріледі. Дүние жүзіндегі аса ірі фосфорит кен орындары біздің еліміздегі Қаратау қойнауында шоғырланған, фосфорит тыңайтқыш өндіруде пайдаланылады. Алюминий алуға пайдаланылатын бокситтің шөгінді кен орындары Қазақстанда, Ұлы Қытай жазығының солтүстігінде, Альпіде кездеседі. Ал таяз сулы көлдер мен теңіздерден ас тұзы мен калий тұздары өндіріледі. Пайдалы қазбаларды өндіру барысында қоршаған ортаға зиян келеді: жер қойнауында бос кеңістіктердің п.б-уы, жер бедері сипатының өзгеруі, ауа мен судың, топырақтың ластануы, өсімдіктер мен жануарларға нұқсан келуі және т.б. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, оларды өндіру барысында табиғатты қорғаудың шараларын ескеудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет