Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет279/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүниежүзінің физикалық картасы, Еуразияның климат картасы, оқулық, сұрақтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.
Жаңа сабақ:
Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттық барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді, тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдар оңтүстік жарты шардың исубэкваторлық белдеуін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлардың әсерінен болатындығы түсіндіріледі.
Материктің географиялық орны мен әртүрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай біртіндеп артады.
Сондықтан материктің солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, онда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орнайды, ал оңтүстігінде қыс мүлде болмайды. Жазда еуразияның қиыр солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температурасы едәуір жоғары ьолады.
Материк бойынша жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі әр түрлі. Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жері Еуразиядағы Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейі болғанымен, жалпы алғанда материктің көпшілік бөлігінде, әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте құрғақ. Ьұл құрлық аумағының өте үлкен болуына, мұхиттар мен ондағы беткі ағыстардың ықпалына, ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің сипаттарына байланысты.
Еуразия материгінде едәуір үлкен аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеу бойынша өзгереді. Биіктік климаттық белдеулер Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Гималай тауларында айқын байқалады. Тибет пен Памирге жвлдың басым бөлігі аязды, ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет