Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Халқы және елдері
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Оқушыларды Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңыздыларына тоқталу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылықпен жұмыс істеуге, картамен жұмысты жандандыруға есте сақтау қабілеттерін жандандыру.
3. Тәрбиелік: Басқа елдің табиғатымен таныса отырып, өз елінің, жерінің табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Схема арқылы
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карталар, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.
Жаңа сабақ: Халқы. Еуразия халқының саны, орналасуы, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі болып келеді. Материте 4 млрд-тан астам халық тұрады, бұл Жер шары халқының ¾бөлігін құрайды. Халықтың жыл сайынғы өсуі, әсіресеОңт.Шығыс Азияда қарқынды жүруде. Осы аймақтағы екі ел – Қытай мен Үндістан халқының өзі 2 млрд-тан асып отыр. Сондықтан халық ең тығыз қоныстанған жерлер осыОңт.Шығыс Азияға сәйкес келеді. Осы аймақта халықтың орташа тығыздығы 1 км жерге – 1000-1500 адамға жетеді. Еуропалық бөлікте де халық салыстырмалы түрде тығыз қоныстанған. Әсіресе Атлант мұхитының жағалық бөліктерінде халық өте-мөте тығыз орналасқан. Материктегі табиғаты қатал солтүстіктегі аудандар мен биік таулы өңірлерде, аптапты шөлдерде халық өте сирек қоныстанған. Кейбір жерлері мүлдем елсіз деуге болады. Еуразияда Жер шарындағы барлық нәсілдердің өкілдері кездеседі. Олардың ұлттық және тілдік құрамы да алуан түрлі. Ең көп таралғаны – еуропалық тектес халықтар. Олар өңі аққұба, шаштары сарғыш түсті, көздері көгілдір болып келеді. Солт.Еуролпалық және өңі қараторы, шаштарымен көздері қоңыр, кейде қара болып келетін оңт.еуропалық тармақтарға бөлінеді. Азиялық бөлікте монғол тектес нәсілге жататын қытай, монғол, жапон, және басқа халықтар тұрады. Түркі тілдес халықтардың біразы осы нәсілдік топқа жатады. Ал экваторлық нәсілдің өкілдері Шри-Ланка аралдарымен Үндістанның оңт.-де қоныстанған. Еуразия материгінде қазіргі кездегі ірі әлемдік діндер – ислам, христиан, буддизм және олардың әртүрлі тармақтары п.б-п дамыған. Сондықтан материк халқының діни құрамы да өте күрделі. Жалпы алғанда, діни нанымдар түсініктердің алуан түрлілігі Еуразия халықтарының мәдениеті мен салт дәстүрлерінің даму бағыттарын анықтайды.
Еуразияда 90-ға жуық егеменді елдер және дамыған мемлекеттердің иеліктері орналасқан. Материктің қазіргі саяси картасы ұзақ уақыт бойы ұдайы өзгеріске түсіп отырған. Жер көлемі жағынан Еуразиядағы үлкен елдер қатарына Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Сауд Арабиясы жатады. Сонымен қатар жері өте шағын, кішігірем елдер де бар.
Халқының саны 100млн-нан асатын ірі елдердің көпшілігі Еуразияда орналасқан. Мемлекеттік құрылымы мен ұстанған саясатына қарай Еуразия елдері республикалық және монархиялық болып бөлінеді. Республикаларда заң шығарушы ұйым – парламент, ал басқару жүйесі өкіметарқылы жүзеге асырылады. Нақты басшылықты Конституция негізінде ел президернті жүргізеді. Республикалар ұстанған бағытына қарай социалистік, капиталистік және дамушы елдер болып бөлінеді.