Экваторлық тектес: Шри-Ланка аралы мен Оңтүстік Үндістан.
Монғол тектес: Қытай, Монғол, Жапон
Еуропалық тектес
Қорытынды: Бүгінгі сабақты Еуразия материгінің халқы мен елдері туралы қосымша материалдарды қолдана отырып өткіздім. Сонымен қатар Еуразия халықтарының нәсілдерін, халықтарының тілдік топтары мен діндеріне кесте арқылы шолу жасадым.
Үйге тапсырма: §23 – оқу. Кескін картаға Еуразия халықтарын түсіру, тест құрау.
Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Солтүстік және Батыс Еуропа елдері
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Оқушыларды Солтүстік және Батыс Еуропа елдерімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сөз қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын және тез ойлауға, өз пікірін айтуға дағдылындару.
3. Тәрбиелік: Оқушылырды басқа мемлекеттердің табиғатымен қоса өз елі, жерінің табиғатын сүюге, құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карталар, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру, өзіме назар аударту.
Жаңа сабақ: Солтүстік Еуропа елдері. Еуропаның бұл бөлігін атына сәйкес, солтүстіктегі Скандинавия түбегінде орналасқан Норвегия, Швеция, Финляндия және аралдықИсландия мен Дания елдері құрайды.
Географтар Скандинавия түбегін Финляндиямен қосаФенноскандия деп атайды. Бұл елдердің барлығы атлант мұхиты мен оның теңіздерінің жағалауында орналасқан. Сондықтан аймақтың табиғаты, халқының шаруашылық әрекеті мен тұрмыс-тіршілігі теңізбен тығыз байланысты дамыған.
Солтүстік Атлант жылы ағысының әсерінен батыстағы жағалық теңіз сулары қыста да қатпайды. Скандинавия түбегінің жағалауы өте күшті тілімденген, мұнда мұз басу әсерінен қалыптасқан тік жағалы, терең, тар шығанақтар –фьордтар көп кездеседі. Жағалауда жартасты шағын аралдар көп. Мұнда герман тобына жататын исландиялықтар, норвегтер мен шведтер, шығысында финдтер тұрады. Олар ежелден бұғы шаруашылығымен, аң және балық аулаумен айналысқан. Норвегтердің тұрмысы теңізбен тығыз байланысты, олар ежелден-ақ ержүрек теңізшілерімен әйгілі.
Дания жерінде климат қолайлы болғандықтан халық тығыз қоныстанған, жері анағұрлым жақсы игерілген.
Солтүстік теңіз қайраңынан мұнай өндірумен, ағаш өндірумен айналысады. Швецияның «Вольво», «Скания»машина жасау, «Эрикссон» байланыс құралдарын жасайтын концеріндері, Финляндияның «Нокия» кәсіпорны әлемге әйгілі. Ал Дания дүниенің түкпір –түкпіріне сүт өнімдерін жөнелтеді. Солтүстік Еуропа елдерінде халықтың тұрмысы өте жоғары дәрежеде. Басқа елдермен салыстырғанда аймақтың табиғаты да біршама жақсы сақталған.
Батыс Еуропа айамғына Еуропаның батыс бөлігіндегіҰлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланд, Аустрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді. Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден Ла-Манш бұғазы арқылы бөлініп жатыр.
Батыс Еуропа елдерінің табиғат жағдайына Атлант мұхитының тигізетін ықпалы өте зор. Блритан аралдарының оңтүтігі мен материктеге елдердің солтүстігін жазық жерлер алып жатыр.
Батыс Еуропа – дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы. Аймақта халық тығыз қоныстанған, олардың басым көпшілігі қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық құрамы да күрделі. Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын реактивті ұшақтар, автомобильдер(«Мерседес», «Рено», «Ауди», «Пежо»), күрделі электрондық техника (компьютерлер, есептегіш құралдар) дүние жүзіне әйгілі. Швейцарияда жасалатын сағаттар өте дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады.
Батыс Еуроп елдерінің табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштерін көріп, тамашалау үшін, жанға жайлы табиғатының аясында емделіп, демалу үшін бұл аймаққа жыл сайын әлемнің көптеген елдерінен миллиондаған туристер мен демалушылар ағылады.