Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет296/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер, қосымша жабдықтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу, зейіндерін тұрақтандыру.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оңтүстік –Батыс Азия - Еуропа, Азия, Африка дүние бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан ерекше аймақ.Оңтүстік –Батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы қыратын алып жатыр. Құрамына Түркия, Кипр, Иран, Ирак; Ауғанстан; Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, БАӘ, Йемен, Оман, Катар, Бахреин, Кувейт кіретін бұл аймақты «Таяу Шығыс» деп те атайды. Географиялық орнына сәйкес ТМД құрамындағы Кавказ елдері деОңтүстік –Батыс Азияға жатады.
Оңтүстік –Батыс Азияның Жерорта теңізі мен Үнді мұхиты аралығындағы орнына сәйкес, табиғат жағдайы алуан түрлілігімен сипатталады.
Жер бедерінде кең-байтақ Алдыңғы Азия, Армян, Ирантаулы қыраттары мен оларды көмкеріп жатқан қатпарлы биік таулар басым.
Тау лы қыраттардың ішкі бөліктері құрғақ климат жағдайында өте күшті физикалық үгілуге ұшырайды. Сондықтан тау аралық аңғарлар қиыршық тастар мен үгінділерге толған. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуінің құрамына кіретін бұл аймақта тау жасалу әлі жүріп жатқандықтан, күшті жер сілкінулер байқалады. 1999 жылы Түркияда дүркін-дүркін қайталанып, күшті 7 баллғажеткен жер сілкінулер кезінде мыңдаған адамдар қаза болып, қалалар қирады. Күшті жер сілкінулер 2000 жылы да қайталанды.
Жер шарының теңіз деңгеінен ең төмен жатқан бөлігі-Өлі теңіз(-403м) орналасқан. Өлі теңіздің суы аса тұзды болғандықтан, оның суы мен жағалауында тіршілік белгісі жоқ. Суының емдік қасиеттеріне байланысты Өлі теңіз дүниежүзілік маңызы бар емдеу-сауықтыру орталығы болып табылады.
Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде аласарып, қатты майысқан Месопотамия ойпатына ұласады. Бұл ойпаттың атауы «Екі өзен аралығы» деген мағына береді, ойпат арқылы Тигр және Евфрат өзендері ағып өтеді.
Мұнай-газ Каспий теңізінің жағалауы мен қайраңынан және Солтүстік Кавказ аймағынан да өндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет