Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет305/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, атлас карта, оқулық, суреттер, карточкалар
Сабақтың жоспары:


Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

3.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

4.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

5.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Жаңа сабақты түсіндіру:
Солтүстік Америка – өзіміз тұратын Еуразиямен бірге солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еуразия мен Африкадан кейінгі 3-ші орындыалады, жерінің ауданы 24,2 млн.км².
Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:

  • Д.ж-гі аса ұзын әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000 км-ге жуық ең енді бөлігі 1600 км-ге тең.

  • Д.ж-гі ең үлкен арал – Гренландия аралы Солтүстік Америка материгінің құрамына енеді, оның ауданы 2 млн.176 мың км.

  • Д.ж-гі ең үлкен әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі1600м, ұзындығы 446 км, ені 25 км-ге дейін жетеді.

  • Д.ж-гі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт Аппалачтауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы  500 км.

  • Д.ж-гі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұз.145 км.

  • Д.ж-лік мұхиттағы биіктігі 18 м-ге жететін ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағында байқалады.

  • Д.ж-гі ең биік ағаш-биіктігі 100 м-ден астам мәңгі жасыл секвоя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі.

  • Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландияаралының орталығы, мұнда -70ºС тіркелген.

  • Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі –Өлім аңғары, ол теңіз деңгейінен 86 метр төмен жатыр.

  • Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары (+57С) бұл солтүстік жарты шар материгінде байқалатын ең жоғары температура.

  • Материктегі жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Кордильераның солтүстік батыс жағалауы, мұнда 6000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі.

  • Солтүстік Америкадағы жылдық жауын-шашынның ең аз жауатын жері – Калифорния шығанағының солүстігі менҮлкен Алап, мұнда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден кем.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет