Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет307/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Пайдалы қазбалары. Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материктің солтүстігіндегі жазықтарда металдардың (темір, мыс, никель және т.б.) кен орындары кең таралған. Орталық жазық пен Ұлы жазықтың шөгінді жыныстарында және Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмір көп. Кордильера тау жүйесінің қойнауы шөгінді жолмен қалыптасқан мұнай, газ, тас көмірмен қатар, магмалық жолмен түзілген түсті металдарға, алтын мен уранға бай болып келеді. ХІХ ғасырда Кордильера қойнауынан өзендер ағызып әкелген шөгінді жыныстардан алтынды шайып алу кең етек алды. Мол алтынға кенеліп, тезірек баюды ойлаған мыңдаған адамдар материктің батысына қарай ағылды. 1849 жылы алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған, жер кейіннен «Өлім аңғары» деген атқа ие болды. Тарихта бұл кезең «алтын дүрбелең» деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет