Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет357/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Батыс Африка елдері. Аймақтың құрамына Атлант мұхиты жағалауы бойындағы Кабо-Верде, Сенегал, Гамбия, Гвинея-Бисау, Гвинея, Сьерра-Леоне, Либерия, Кот-д-Ивуар, Гана, Того, Бенин, Нигерия және ішкерірек орналасқан Буркина-Фасо, Нигер, Мали, Мавританияелдері кіреді.
Батыс Африка аймағының жер бедері негізінен аласа таулы, үстіртті болып келеді.Ойпатты жазықтар Сенегал жері мен Гвинея шығанағы жағалауына, көбінесе батпақты болып келетін өзен бойларына тән болады. Осы жазықтарды ылғалды экваторлық ормандар алып жатыр. Ыстық, ылғалды климат жағдайында дамыған құнарлы топырақ жамылғысында өсірілетін каучук, кофе, майлы пальма, какао, банан, ананас, маниок, батат, сорго, жүгері, қант құрағы, жер жаңғағы плантациялары бірте-бірте ормандарды ығыстыруда. Атлант мұхитының жағалауында орналасқан елдерде теңіз траспорты, балық аулау мен балық өңдеу шаруашылықтары дамыған. Аймақтағы Нигер, Сенегал, Вольта, Бенуэ сияқты ірі өзендердің шаруашылық маңызы бар.
Батыс Африка халықтарының тарихы ежелден басталады. Аймақта орта ғасырда Бенин, Ифе, Дагомея, Гана, Мали, Сонгай тәрізді мәдениеті дамыған мемлекеттер болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет