Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет401/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта , глобус 
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)

Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою арқылы және салған суреттерін, интерактивті тақтада суреттерді, сызбаларды түсіндіру арқылы талқылау, сұрақтар қою.

Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

1. Жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде күн мен түннің ауысыу туралы 1 слайд көрсету, оны түсіндіру. Жер өз білігінен 24 сағатта 1 айналым жасай отырып, Күнді 1 жылда 1 айналып шығады.
2. Глобусты пайдалана отырып Жердің өз білігінен айналуынан тіршілікке келтіріп жатқан пайдасы туралы айту.
3. Жердің жылдық қозғалысы туралы 2 слайд көрсету. Кейін қандай заңдылықтар болып жатқанын олардың маңыздылығын айту. Слайд арқылы дәлелдеу, оған көз жеткізу.
4. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы жыл мезгілдерінің ауысу сипатын көрсету. «Кібісе жылы» туралы айтып, дәлелдеу.
5. Жер шарындағы жыл мезгілдерінің ауысу барысында жылу таралу заңдылықтары, оңтүстік тропик, экватор, тропик, поляр аймағы, қоңыржай белдеулер, суық белдеуғ ыстық белдеулер туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі 

Бүгінгі тақырыпқа арналған қысқа, бірақ мазмұнды эссе жазу.

Оқушылар эссе жазады, жазып болғанан кейін бір-бірден оқып шығады.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

  1. Жердің Күн жүйесіндегі орнын анықта.

  2. Жер Күнді қалай, қай уақыт аралығында айналып шығады.

  3. Айналу барысында Жерде еқандай өзгерістер болады?

  4. Жер өз білігінен қай уақытта айналады және неге айналаады?

  5. Жердің айналуына байланысты осы екі заңдылық арасындағы байланысты айтып, түсіндір, мысалдар келтір.

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет