Психологиялық қолдау:
|
Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызыгушылығын арттыру мақсатында сергіту сәтін жасату.
Топқа бөлу. -Біздің оқушыларымыз осы заманға сай алғыр, тапқыр, ойшыл, білгір балалар. ХХІ ғасырға лайықты деп ойлаймын. Сондықтан қазір кімнің қай топқа жататындығын анықтап алайық.
|
Мұғалімнің айтқаны бойынша сергіту жұмысын жасайды.
Оқушылар топтың аты жазылған қиындыларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.
|
Үй тапсырмасын сұрау:
|
Сұрақтар:
1-топ
1)Үйсін тайпалары қай жерлерді мекендеген?
2)Үйсін атауы Қытай жазбаларында б.з.б. қай ғасырдан бастап кездеседі?
2-топ
1) Үйсіндер туралы кімнің еңбегінде кездеседі?
2) . Үйсіндер басшысының атағы:
3-топ
1.Үйсіндердің астанасы қалай аталады:
2.Үйсіндердің өмір сүрген уақыты:
4-топ
1 Үйсіндер туралы кімнің еңбегінде кездеседі?
2.Үйсін қоғамын кімдер құрады?
Сөздерден сөйлем құрастыру
Дұрыс емес сөйлемдер.
І топ
1.Үйсіндер, аймағын, Жетісу,мекендеген, кейін сақтардан.
ІІ топ
1.Шығу тегі, Сыма Цянь,Қытай тарихшысы, үйсіндер,жазып,қалдырды,мәлімет.
ІІІ топ
1.Ордасы,Чигу(ҚызылАңғар),қаласы, орналасты,Үйсіндердің,аралығында Іле,Ыстықкөл өзендері.
ІҮ топ
1.Әскербасыларда, алтын, билеушілер, мен, мыс, мөрлер, адамдарда, және, болған, ауқатты
|
Жауаптар:
1) 1-топ
Жетісу жерлерін.
2) Б.з.б. 2 мыңжылдықтан.
2-топ
1. Қытай тарихшысы Сыма Цянь
2. Гуньмо
3-топ
1. Қызыл Аңғар(Чигучен не Чигу)
2. б.з.б.3-ғ.-б.з.-5ғ.
4-топ
1. Қытай тарихшысы Сыма Цянь
2.Тайпа мен рубасшылары, ауқатты адамдар, жасауылдар, абыздар мен қатардағы бұқара халық
І топ
1.Жетісу аймағын сақтардан кейін үйсіндер мекендеген
ІІ топ
1.Қытай тарихшысы Сыма Цянь үйсіндердің шығу тегі жайлы мәлімет қалдырды.
ІІІ топ
1. Үйсіндердің ордасы Чигу(Қызыл Аңғар) қаласы Іле, Ыстықкөл өзендері аралығында орналасты
ІҮ топ
Билеушілер мен әскербасыларда, ауқатты адамдарда алтын және мыс мөрлер болған.
|
Жаңа білімді қалыптастыру:
|
1)Үйсіндердің мал шаруашылығы.
2)Егіншілік пен отырықшылық.
3)Түрлі кәсіпшілік.
4)Үйсіндердің салт-дәстүрлері мен діни-нанымдары
Әр топқа мәтінмен танысып постер жасауға 7 минут уақыт беріледі.
Постерді бағдаршаммен бағалау Жасыл түс – 3 ұпай, сары түс-2 ұпай, қызыл түс – 1 ұпай.
|
Оқушылар әр топ өз тақырыбы бойынша мәтінмен танысып постер жасайды
Постерді әр топтың баяндаушысы мен қорғаушылары «галерия әдісі» арқылы қорғайды.
Оқушылар топпен бірін-бірі бағалайды
|