Сабақ-тың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
|
2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі
(20 мин)
|
Масштаб дегеніміз (немісше мас-өлшеу; штаб-таяк)- жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек санды айтады.
Масштаб
Сандық атаулы сызықты
Сандық масштаб туралы айтып, мысал келтіру.
Атаулы масштаб туралы айтып, мысал келтіру, сандықтан атаулыға айналдыруды үйрету.
Сызықты масштаб туралы айтып, мысал келтіру, сандықтан сызықтыққа айналдыру жолдарын үйрету.
|
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
|
3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
(10 мин)
|
Картадан материктердің Солтүстіктен Оңтүстік бағыттағы қашықтығын өлшеу, екі қала аралықтарын өлшеуді, масштабқа айналдыруды үйрете отырып төмендегі тапсырманы беру:
- Еуразия материгінің С-О бағытындағы қашықтығын өлше;
- Алматы мен Астана қала аралықтарын өлшеп, масштабын анықта;
- Мәскеу мен Астана қаласы аралығындағы ара қашықтықты өлшеп, масштабын анықтау, сандық маштабтан сызықтық масштабқа айналдыр.
|
Картаны пайдаланып тапсырмаларды орындау. Түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап алу.
|
4. Сабақты қорытындылау кезеңі
(10 мин)
|
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
Масштаб дегеніміз не?
Оның неше түрі бар?
Масштабтың қандай маңызы бар?
Түрлері бойынша мысалдар келтір.
|
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
|
5. Бағалау кезеңі
(2 мин)
|
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
|
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
|
6. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
|
|