Тақырыбы: Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері.
Мақсаты: Білімділік: Ауа райы туралы түсінік бере отырып, оның өзгеру себептерін ашып, болжау түрлеріне тоқталу. Жердің күнді айнала қозғалысы параграфы материалдарын пайдалана отырып жарық пен жылудың таралу заңдылықтарына тоқталу. Күн тоқырау, күн мен түннің теңелуі, поляр күні мен поляр түні, жылулық белдеулер туралы түсініктер қалыптастыру.
Дамытушылық: Кескін картаға поляр шеңберлері, тропик шеңберлерін түсіру арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру. Кескін картада тропик және поляр шеңберлерін түсіру арқылы икемділіктері мен іскерліктерін арттыру.