Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет437/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: амплитуда, тмепература
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі

  1. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:
1) Оттегі мен азоттың тіршілік үшін қандай маңызы бар?
2) Тропосферада биіктік артқан сайын температура неліктен төмендейді?

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:
1) Адам мен жануарлар оттегімен тыныс алады. Оттегі жануды қолдайды. Азот – кез-келген ағзаның тіршілігі үшін қажетті зат.
2) Өйткені атмосфераның бұл қабатындағы ауа оған түскен күн сәулелерінен тікелей жылынбайды, алдымен Жер беті жылынып, кейін ол ауаға тарайды.

3

Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Ауаның тікелей күн сәулесінен қызбайтыны неліктен? 2) Биіктеген сайын температура қалай өзгереді?
Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды: 
1. Ауаның жер бетінен жылынуы. Ауа температурасының тәуліктік өзгерісі.
2. Тәуліктік және айлық орташа температуралар.
3. Ауа температурасының жылдық өзгерісі. Көп жылдық орташа температура.
4. Ауаның температурасын өлшеу.
5. Ауаға су буы қайдан таралады.
6. Ауадағы су буының температурамен байланыстылығы.
7. Абсолют және салыстырма ылғалдылық. Су буының конденсациясы. Ауаның ылғалдылығын өлшеу.
8. Тұман қалай пайда болады?
9. Бұлт және оның түрлері
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.

Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Күн сәулелері ауадан кідіріссіз өтіп кетеді де, ең алдымен Жер бетін, кейін ауа қабаттарына таралады. 2) Биіктеген сайын ауа температурасы төмендейді.
Кейін мұғалімнің бағыттауы бойынша тақырыпты меңгеруге кіріседі:
1. Оқушылар келесілерді анықтап жазып алады: Әрбір 100 м биікке көтерілген сайын температура 0,6°С төмендейді. Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақыт. Ауаның тәулік ішіндегі ең жоғары температурасы түстен 2-3 сағат кейін байқалады. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең тқменгі температуралардың айырмасын Т.Т.А дейді.
Мыналарды түсініп, еске сақтайды: Темепетаруаның тәулік ішінде өзгеруі Жердің өз білігінен айналуына, соған сәйкес күн сәулесінің түсу мөлшерінің өзгеруіне байланысты болады. Тәулік ішіндегі ауа температурасының ауытқуы қысқа қарағанда жазда үлкен. Неғұрлым төмен ендіктерден жоғарғы ендіктерге барған сайын температураның тәуліктік амплитудасының мөлшері азая береді.
2. Мыналарды анықтап жазып алады: тәуліктік орташа температураны табу үшін өлшеулердің нәтижелерін қосып, бақылау санына бөледі. Мысал: сағат 1-де +5°С, 7-де -2°С, 13-те +10°С, 19-да +9°С. Тәуліктік жиынтығы 5°С-2°С+10°С +9°С=22°С. Тәулік бойынша орташа температура +22°С:30=+7°С
Мынаны түсініп еске сақтайды: тәуліктік орташа температурадан айлық орташа температурашығарылады. 
3. Мыналарды анықтап еске сақтайды: температураның жыл ішіндегі өзгерісі Жердің Күнді айналу жолындағы орнына байланысты.
Мыналарды анықтап жазып алады: Ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температураларының айырмасы ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы деп аталады. Әр айдың көп жылдық орташа температураларының негізінде жылдық орташа температуралар есептеп шығарылады.
4. Келесілерді анықтап жазып алады: Ауаның температурасы термометрмен өлшенеді.
5. Мынаны еске сақтап қалады: Егер ауаға сол температурада ұстап тұра алатын су буы жинақталса, оны су буымен қаныққанауа деп атайды.
Мынаны еске сақтайды: кез-келген ауада белглі бір мөлшерде бу күйіндегі су бар. Табиғатта су буы тынымсыз айналыста жүреді. Атмосфераның жоғарғы қаьаттарында бу салқындаған кезде бұлтқа айналады. Одан жауын-шашын түрінде жер бтіне қайтып оралады. 
6. Мыналарды анықтап жазып алады: Ауадағы су буының мөлшері буланатын беттің жағдайына және температураға байланысты. Сонымен бірге неғұрлым температура жоғарылаған сайын ауадағы су буының мөлшері арта береді.
7. Мыналарды анықтап жазып алады: Абсолют ылғалдылық – 1 мауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептеледі (г/м3). Салыстырма ылғалдылық – 1 м3ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%). Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге (су тамшыларына) айналуынконденсация д.а. (латыншаконденсацум – қоюлану). Ауаның салыстырма ылғалдығы шаш гигрометрі д.а-тын құралмен өлшенеді (грекшегигрос – ылғал, метр - өлшеу) 
Мыналарды еске сақтайды: ауа су буымен қаныққанда салыстырма ылғалдылық 100%-ға жетеді. 0°С-тан төмен температурада су булары қатты күйге ауысады, яғни мұз түйіршіктеріне айналады.



8. Мыналарды анықтап жазып алады: ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда тұман түседі.
9. Мыналарды анықтап жазып алады: Бұлт – жер бетінен біраз биікте, атмосферада жинақталғанұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры.Будақ бұлт үйіліп жатқан жұнге немесе мақтаға ұқсайды. Олар әдетте 800-1000 м биіктікте түзіледі де, жоғары қарай 2 км биіктікке дейін таралады, ал қалыңдағанда 3-4 км-ге дейін көтеріледі. Қабат бұлт тұманға ұқсас бірсідірғы сұрғылт қабат құрайды. Ол 2 км биіктікке дейін түзіледі. Шарбы бұлтөте биікте (6 км және одан да жоғ,ары) түзіледі, ол майда мұз кристалдарынан тұрады. Өте биікте қабат-шарбы бұлт түзіледі. Күннің немесе айдың төңірегіндегі жарық шеңберді Күннің немесе Айдың қоралануыдеп атайды. Аспанды бұлттың торлау дәрежесінбұлттылық деп атайды. Ол 0-10 бал аралығында белгіленеді.
Мыналарды еске сақтайды: 0-аспан шайдай ашық, 5 – бұлт аспанның жартысын басқан, 10 – бұлт аспанды түгел торлап алған.

4

Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: 1) Шілде айында сағат 1-де +18°С, 7-де +10°С, 13-те +25°С, 19-да +20°С. Тәуліктік жиынтығын және тәулік бойынша орташа температураны тап.
2) Айлық орташа температураға мысал келтір.
3) Петропавл қаласында қаңтар айының орташа температурасы -19°С, шілде айының орташа температурасы +19°С. Орташа жылдық амплитуданы тап.
4) Абсолют және салыстырма ылғалдылық дегеніміз не?

Оқушылардың жауаптары: 1) Тәуліктік жиынтығы 18°С+7°С+10°С+25°С= 82°С. Тәулік бойынша орташа температура +22°С:30=+20,5°С 
2) мысалы, қаңтар айындағы орташа тәуліктік температуралар жиынтығы -636°С болды, айлық орташа температура -636°С:30=-21,2;
3) Петропавл қаласының орташа жылдық амплитудасы 0°С
4) Абсолют ылғалдылық – 1 мауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептеледі (г/м3). Салыстырма ылғалдылық – 1 мауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%)

5

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

6

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына §§29, 30, 31. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ №32, 33
Күні: 21.12.09/22.12.09
Сынып: 6 «А, Б»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет