Қара металлургия: өндірісте екі рет қайта қолданылуы. Қара металлургияға қысқаша тоқталып кетеді. Олар толық циклді және қайта өңдеу комбинаттардан тұратынын айтады.
Оқулық материалдары мен карталарды қолдана отырып, жоғарыдағы сұрақтарға толық жауаптарын табады.
Конструкциялық материалдар
Мұғалімнің әңгімесін тыңдап, дәптерлеріне конструкциялық материалдардың анықтамасы мен түрлерін сызбанұсқа ретінде жазып алады:
1.
2. Ең алдымен металлургияға анықтама береді: қарапайым механизмдерден күрделі машиналарға дейінгі өндіріс құралдары металлургияны құрайды. Ол қара және түсті деп бөлінеді. Қазақстандағы металдардың 90%ын қара металдар құрайды. Кейін металлургиялық кешеннің географиясын анықтайды: 1) материалды, қаржыны, еңбекті көп қажет етеді және экологиялық жағынан лас б.к.; 2) онда өндірісті құрамдастыру таралған; 3) өндірістегі шоғырлану деңгейінің жоғары болуы. Осы жерде минералдық шикізатты кешенді пайдалану әдістерін анықтайды. Мұнда байыту фабрикалары, концентрат, флотация ұғымдарына тоқталады.
3. Ең алдымен қара металлургияның шикізатын және оның қасиеттерін анықтайды. Қара металлургиядағы конструкциялық материалды өндіру процестерін, жағдайлары мен факторларын қарастырады: болатты қорыту үшін отынды кокстелетін көмірден алады. Ал негізгі шикізат – темір кенінің 90%-ы Қостанай мен Атасу алаптарында орналасқан. Болат өндіру:1) темір кенінендомна пешінде шойын алу; 2) балқытылған шойыннанконверторларда болат алу. Прокаттың анықтамасын табады.Толық циклды металлургиялық комбинатына анықтама береді, олардың орналасу факторларын қарастырады. Кейінқайта балқытузауыттарының қалай жұмыс істейтінін сипаттайды. Олардың орналасу факторларын қарастырады. Осы жерде ара металлургияныңферроқорытпаөндірісін сипаттайды, оның энергия қуатын көп қажет ететін өндіріс деп аталатынын және орналасу факторларын анықтайды.
V
Тақырыпты бекіту үшін оқулық мәтініндегі 77, 78, 79, 80, 81, 82 суреттерді және 12-кестені талдайды. Мәтін соңындағы 1-2-3-4 тапсырмаларды орындайды.
77-сурет: Қазақстанда қара және түсті металдар өндіру: қ.м. - болат- 4286 мың т, т.м. - мыс, мырыш -366-тан астам, қорғасын мен алюминий-106 мың т, титан, күміс, галий, алтын мөлшері 100-8 мың т аралығында.
80-сурет: прокат түрлері – жазық беттік, құбырлық, сұраптау: дөңгелек, шаршы, бұрыштық, таврлық, рельстік.
81-сурет: металлургия комбинатының жоспар-сызбасын талдайды.
VІ
Қорытынды сұрақтар.
1. қандай материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды?
2. Қара металлургия комбинаттары қандай бастапқы шикізат пен отын көздерін пайдаланады, қандай дайын өнім өндіреді?
Сұрақтарға қолдарын көтеріп карта бойынша жауап береді.
1. Дайын өнім шығару мен құрылыста қолданылатын материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды.
2. Бастапқы шикізат – темір кені, отыны – кокстелетін көмір, темір кенінен домна пештерінде шойын алады, одан болат балқытатын цехтерде болат алады, соңында прокат шығарады.
VІІ
Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.
Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.