Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі VІІ – бағалау кезеңі
ІІ – үй тапсырмасын тексеру V– жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІІІ – үйге тапсырма беру
ІІІ – жаңа тақырыпқа көшу кезеңі VІ – сабақты қорытындылау кезеңі
Сабақтың барысы
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
ІІ
Ең алдымен дәптерлеріндегі тапсырмаларын тексереді. Кейін мәтін соңындағы ақпараттар бойынша сұрақтар қояды:
1) Қазақстанның темір кенінің құрамындағы металдың үлесі қанша?
2) Ақсу ферроқорытпа зауыты мен АҚШ ферроқорытпа зауыттарын салыстырыңдар.
3) Қарағанды металлургия комбинаты қай шетелдік компанияның басқаруына және қашан берілді?
Дәптерлерін көрсетіп, тексереді. Кейін сұрақтарға жауап береді:
1) 35-53%, концентраттағы мөлшері Қаржал КБК-да 56%, Соколов-Сарыбай КБК-да 66%
2) Ақсу ферроқорытпа зауыты АҚШ ферроқорытпа зауыттарының бәрін қосқандағыдан 3 есе көп ферроқорытпа өндіреді.
3) 1995 жылы Лакшми Митталдың «Арселор Миттал» «болат империясының» құрамына енді.
ІІІ
Кіріспе сұрақтар:
1) машина жасау кешенін еске түсіреміз: автокөлік 200 мыңнан астам бөлшектен тұрады. Олар қандай салалармен тығыз байланыстылығын көрсетеді?
2) машина өндірісіндегі технологиялық кезеңдерде бөлшектерді дайындау үшін қандай материалдар қолданылады?
3) осы екі мысалда қандай саланың қажеттілігі көп байқалады?
Сұрақтарға жауаптары:
1) тоқыма-тігін саласы, химия өнеркәсібі, қара және түсті металлургия салалары.
2) болат, шойын, түсті металдар
3) қара және түсті металлургия, тетіктер қажет
ІV
Жаңа тақырыпты меңгеру жоспары:
Түсті металлургия: кешен ішіндегі кешен.
Ауыр металдар өндірісінің географиясы: шикізат көздеріне бағытталуы
Жеңіл металдар металлургиясы: қуат көздеріне бағытталуы
Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтіндері мен тақырыптық карталарды пайдаланады.
Жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеру үшін нұсқаулар береді: 1. Түсті металдардың маңызы мен қолданылуын анықтаңдар.
Түсті металлургияның құрамын білу үшін 84-суретті талдау.
Мұғалім өзі металдар топтарына қысқаша сипаттама беріп
кетеді: ауыр металды кендердің құрамы өте көп. Сондықтан оларды тиімді пайдалану үшін шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар құрылған. Шымкентте қорғасыннан басқа 14 түрлі өнім алынады. Ауыр металдардың тағы бір ерекшелігі – құрамында пайалы компоненттердің аз болуы. Сондықтан балқыту зауыттары шикізат көзіне таяу орналасады. Осы себептен мұнда көп кезеңді флотация қолданылады.біздің елімізде ауыр түсті металдарды мыс және қорғасын-мырыш (полиметалл) өндірісі салалары шығарады. Мыс қоры Қазақстанның барлық аудандарында бар, ең үлкендері Орталыұ пен Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Еліміздегі полиметалл өндірісінің басты ауданы – Кенді Алтай. Мұнда үш ірі орталық бар – Зырян, Риддер, Өскемен. Осы жерде оқушыларға тапсырма береді: Шығыс және Оңтүстік қорғасын-мырыш өнеркәсіптерін салыстырыңдар. Ауыр металдарға қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы компоненттерінде көп болады. Бірақ оны өңдеуге көп электр қуаты қажет.
Оқушылардың тақырыпты меңгеру үшін орындайтын тапсырмалары мен сұрақтары:
1. Түсті металдардың маңызы мен қолданылуын анықтайды:
Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Түсті металдардың көбі ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде кеңінен қолданыла бастады. Реактивті ұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар жаңа конструкциялық материалдар – түсті металдар. Қорғасын, никель және қалайы жемірілмейді (коррозия), титан ыстыққа төзімді келеді, күміс, мыс, алюминий жоғары электр өткізгіштігімен ерекшеленеді. Олар мединицалық аспаптар мен материалдар дан бастап күрделі элетроника мен ядролық техника осы металдардан жасалады. Көптеген түсті металдардан сапасы жөнінен бастапқыв материалдардан асып түсетін қорытпалар жасалады.
2. 84-суретті талдау: Түсті металдардың негізгі тобы бар және одан басқа тобы қалыптасқан. Негізгі тобына ауыр металдар (мыс, қорғасын, мырыш, никель, қалайы), жеңіл металдар (титан, магний, алюминий), бағалы металдар (алтын, күміс, платина) жатады. Басқа металдар тобына қиын балқитын (вольфрам, молибден) және сирек кездесетін берилий, тантал, ниобий, галий, скандий, ванадий, рений, селен, теллур) металдар тобы жатады.
Қорғасын мен мырыштың ортақ шикізаты – полиметалл. Шығыстың кенінде қорғасынға қарағанда мырыш көп. Керісінше, Оңтүстіктің кенінде мырышқа қарағанда қорғасын көп. Риддерде қорғасын мен мырыш өнеркәсібінің барлық кезеңдері – кенді өндіруден бастап, металл және қорытпа алуға дейінгі кезеңдер түгел бар. Шымкентте де «өндірістің жоғарғы қабаттары» жолға қойылған.
Оқушылар мұғалімнің келесі тапсырмасы бойынша жұмыс істейді: жеңіл металдар өздерінің жеңілдігі мен жоғары электр өткізгіштігіне байланысты шаруашылықта кеңінен қолданылады. Магниттік қасиеттерінің болмауы, әсіресе, авиация, электроника
Біздің елімізде жеңіл металдарды алюминий және титан-маггний өнеркәсіптері өндіреді.Оқушыларға тапсырма: жеңіл металдардың ерекшеліктерін анықтау. Алюминийді құрамында алюминий тотығы бар бокситтен алады. Алюминий алу 2 кезеңнен тұрады: 1) бокситтен алюминий оксидін алу, 2) алюминий оксидінен алюминий алу. Осы жерде оқушыларға сұрақ қойылады: Павлодар облысында қандай зауыттар бар? Олар қандай факторларға байланысты салынған?
Бағалы және сирек кездесетін металдардың ішінен елімізде алтын Батыстан басқа барлық аудандарда өндіріледі. Оқушыларға тапсырма: бағалы және сирек кздесетін металдар қайда өңделеді?
Осы барлық металдардың таралуы мен аудандардың мамандануына байланысты Қазақстанда 3 металлургиялық база қалыптасқын: Шғысы, Орталық, Солтүстік.Металлургиялық база – ортақ шикізат немесе отын қорарын пайдаланатын зауыттар тобы. Ең ежелгісі – Шығыс, ол «өндірістің жоғарғы қабаттарын» қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Орталық металлургиялық базаның мамандануы кеңейіп келеді. Солтүстік металлургиялық база ең жас болып табылады.
және кеме жасауда, ал улы болмауы – тамақ өнеркәсібі үшін құнды болып саналады.
Алюминийдің жеміірілімге төзімді болуы – көлік пен құрылыс үшін тамаша сапалы болып табылады.
Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді: Павлодар облысында Ақсу ферроқорытпа зауыты, Алюминий зауыты, Электролиз зауыты бар. Феррақорытпа зауыты металл сынықтарын қайта балқытып, прокаттар шығарады. Алюминий және Электролиз зауыты алюминийді алуға бағытталған. Олар шикізат және электр қуатының, яғни Ақсу МАЭС-нің арзан электр қуатына негізделіп салынған.
Тапсырманы орындаулары: алтын ауыр металдармен серіктес ретінде алынып, Өскемен, Балқашта шақпақталады. Күміс серіктес ретінде алынады. Оның 2/3 бөлігін Жезқазған кен орны береді. Қазақстанныңбарлық зауыттарында сирек кездесетін металдар ілеспе түрінде алынады. Сонымен қатар Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты сияқты кәсіпорындар тантал мен берилий қорытпаларын «атом металы» ретінде шығарады.
Тақырыпты бекіту үшін 157-беттегі 1-5 тапсырмаларды береді. Кейін сұрақтар қояды: 1) Түсті металдардың қандай топтары бар? 2) Неліктен түсті металлургияда шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар салу тиімді? 3) Жеңіл түсті металл кендерінің қандай қасиеттері оларды орналастырудағы негізгі принциптерімен байланыстырады? 4) Мыс және алюминий өнеркәсібінің негізгі орталықтарын атаңдар. 5) Қазақстандағы негізгі металлургиялық базаларды картадан көрсетіңдер.
Тапсырмаларды орындаулары:
1-тапсырма: Жезқазған және Қоңырат. Жезқазғанда сирек металдар мен рафинадталған мыс шығарылады. Оның шикізат базалары: Жезқазған, Тасқора, Жыланды, Жомарт.
2- тапсырма: 1 т титан алу үшін 40000 кВт сағат электр қуаты жұмсалады. 3 адамнан тұратын отбасына ондай қуат мөлшері күніне 10 кВт сағаттан 4000 күнге пайдаланады, яғни 11 жылға (40000:365) жетеді екен.
3-тапсырма: Шымкент – қорғасын, Жезқазған – мыс, Павлодар – алюминий, Риддер – қорғасын, мырыш, Балқаш – мыс, алтын, Өскемен – мырыш, титан, Алматы – қайта қолданылатын мыс.
4-тапсырма: Мыс: Қытай, Италия, қорғасын: Ресей, Швейцария, мырыш: Қытай, Швейцария, Ұлыбритания, Нидерланды, титан: АҚШ, Жапония, глинозем: Ресей.
5-т:флотация, алтын, Теміртау, ферроқорыт., алюм., берил., Жезқ.
Сабақты оқушылармен бірігіп қорытындылайды: Сонымен, түсті металлургияның маңызы мен Қазақстандағы даму жағдайы қандай екен?
Түсті металлургия – Қазақстан өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі. Өндірістің аяқталған циклі ауыр металдар металлургиясында қалыптасқан, ал жеңіл түсті металдар арзан энергия көздеріне таяу орналасады.
Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне байланысты бағалайды.