Сабақ № 30 Күні: 24.12.09/25.12.09
Сынып: 9 А, Б (І топ)
Тақырыбы: Агроөнеркәсіптік кешен. АӨК-тің құрамы мен маңызы. Өсімдік шаруашылығы.
Мақсаттары: Білімділік. Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы мен маңызы туралы оқушылардың көзқарастарын қалыптастыру. Кешеннің буындары туралы, ерекшеліктері мен салаларының даму факторларын анықтау. Өсімдік шаруашылығының салаларын қарастырып, ерекшелігін анықтау.
Дамытушылық.Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін физикалық карта бойынша сипаттау арқылы және оны кескін картаға түсіру арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.