Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет363/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Аустралияның физикалық  картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақты түсіндіру:
Аустралия – Жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн км². Материк атауының өзі латыншадан аударғанда «оңтүстік» деген мағына береді. Өйткені Аустралия түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр, оңтүстік тропик шеңбері оны дәл ортасынан кесіп өтеді. Ауданының кіші болуына қарамастан, материк табиғатының өзіндік ерекшеліктері бар:

  • Аустралия – Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі – 215 м.

  • Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден-бір материк.

  • Аустралия - Жер шарындағы ең құрғақ материк: оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.

  • Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүт қоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар эвкалипттер (биіктігі 100 м-ден асады) сақталып қалған

  • Материк жағалауындағы ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым – Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан.

  • Аустралия материгінің жерін бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр.

  • Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі биіктігі 2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлінің деңгейі (-16м).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет