Жаңа сабақты бекіту: 1. Табиғат байлықтарының қандай түрлерін білесіңдер?
2. Өздерің тұратын жерде қандай табиғат байлықтары бар және олар қалай пайдаланылады?
3. Адамның шаруашылық әрекеті мен тұрмыс-тіршілігіне табиғат жағдайларының әсері қандай?
4. Табиғи ортаға адамның шаруашылық әрекеті қалай әсер етеді? Өздерің тұратын жердегі адам әрекеті өзгерткен табиғат жағдайларына мысал келтіріңдер.
Қорытынды: Жер біздің ортақ үйіміз болғандықтан өмірімізге нәр беріп отырған Жер-Ананы құрметтеу, оның әрбір сүйем жерін, ондағы табиғат байлығын қорғау әрбір адам үшін басты борыш пен міндетке айналуы тиіс екенін әрдайым жадымызда сақтайық.