Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні


Негізгі этностар мен діндер



бет395/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Негізгі этностар мен діндер. Әрбір нәсіл көптеген халықтардың жиынтығынан тұрады. Ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасқан ортақ тілі, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, мекен ортасы бар адамдар тобын этнос деп атайды. Грек тілінен аударғанда «этнос» сөзі «халық» деген мағынаны білдіреді. Жеке этностар ішкі айырмашылықтарына байланысты ұлттар мен ұлыстарға, тайпаларға жіктеледі. Қазіргі кезде Жер шарында 4 мыңға жуық этнос бар.
Жер шары халқының діни құрылымы да күрделі. Діндер жүйесін материктердің байырғы халықтарында сақталып қалған жергілікті діни сенім-нанымдар, белгілі бір халыққа тән синтоизм, үнді халқына тән индуизм, еврей халқының иудаизм діндері жатады. Ал христиан, буддизм, исламдіндері әлемдік діндер болып табылады.
Елдер. Қазіргі кезде дүние жүзінде 200-ден аса тәуелсіз ел бар. Елдердің қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңді қамтыды. Жер шарындағы елдердің шекаралары, мемлекеттік құрылымы дүние жүзінің саяси картасында бейнеленеді.
Дүние жүзі елдері көптеген белгілеріне қарай ажыратылады. Елдерді топтастырудың ең көп тараған түрі – жерінің ауданы мен халқының санына қарай топтастыру. Жерінің ауданы жағынан ең үлкен 7 ел бар, олардың әрқайсының ауданы 3 млн км²-ден асады. Олардың жерлерін қосса, Жер шарындағы құрлықтың тең жартысын құрайды. Кейбір елдер бүкіл материкті немесе оның тең жартысын алып жатыр. Сонымен қатар жері өте шағын елдер де бар. Мысалы Ватиканның ауданы 1 км², ол Рим қаласының кішкене бөлігін ғана қамтиды.
Халқының саны ең көп 10 ел бар. Олардың әрқайсысында 100 млн-нан астам халық тұрады. Бұл елдердің халқы Жер шары халқының жартысынан астамын құрайды. Сонымен қатар халқы бірнеше мыңнан аспайтын ұсақ елдер де бар. Мысалы, Еуропадағы Сан-Марино елінде 25 мыңдай ғана адам тұрады.
Елдер
Сабақ жоспары 6-сынып
04 Апреля 2013 | Опубликовано в Общие | Просмотры: 9492 | Комментарии: 0


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет