Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет407/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: жергілікті жердің планы картасы, интербелсенді тақта. 
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)

Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою:

  1. Азимут дегеніміз не?

  2. Масштаб дегеніміз не?

  3. Масштабтың түрлерін атап, оларға мысал келтір.

  4. 1: 25.000 масштабын атаулы және сызықтық масштабқа айналдырыңдар?

  5. Жерорта теңізінің ұзындығын өлшеу жолдарын айтып, масштабын айналдыр.

Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі
(13 мин)

План (латынша жалпақ, тегіс)- жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасын айтады.
Жер бедері дегеніміз- жер қыртысының бетіндегі ойлы-қырлы жиынтығын айтады.
Абсолют биіктігі дегеніміз (латынша абсолют- толық, сөзсіз)- жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктікті айтады.
Салыстырмалы биіктік дегеніміз (латынша)- жер бетіндегі кез- келген нүктенің басқа бір нүктенің биіктік айырмасын айтады.
Жер бетінде салыстырмалы биіктіктер деңгейлегіш құралдарымен анықталады.
Горизонтальдар (грекше горизонт-шектеуші)- биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтарды айтады.
Бергштрих (немісше берг-тау; штрих-сызық). Тақтаға сызып, көрсету.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі 
(10 мин)

Атласта, кітапта орналасқан топографиялық картадағы шартты белгілерді талдау, топографиялық картамен жұмыс істеуді түсіндіріп, төмендегі аулдар мен қала типтес ауылдардың координатасын табу:

Оқушылар атластағы топографиялық картамен жұмыс істейді, шартты белгілердің айырмашылығын қарайды, мұғалімнің берген тапсырмасын орындайды. Координаттарды іздейді.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі
(7 мин)

Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

  1. Сонымен план мен картаның қандай айырмашылығы бар?

  2. Жер бедері дегеніміз не? оның қандай түрлері бар?

  3. Абсолют биіктік пен салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы неде? Олар картада қалай белгіленген?

  4. Шартты белгілердің қандай маңызы бар?

  5. Топографиялық карталарда координатты қалай табу керек?

  6. Бергштрих дегенніміз не?

  7. Қандай карталарда бергштрих беріледі?

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі
(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)

§ 9 оқу, шартты белгілерді сызып, жаттау. Топографиялық картамен жұмыс істеуді үйрену.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет