Сабақ-тың кезеңде-рі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
|
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
|
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
|
2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)
|
Үй жұмысы бойынша тест тапсырмасын алу:
1. Карта дегеніміз не?
А) сурет
В) табақ
С) глобус
2. Карталарды мазмұнына қарай нешеге бөлінеді:
А) 2
В) 3
С) 4
3. Тақырыптық карталарды тап:
А) топографиялық карталар
В) дүниежүзінің климат картасы
4. Масштабына қарай карталар нешеге бөлінеді?
А) 3
В) 4
С) 5
5. Ірі масштабты картаны тап:
А) 1: 90.000
В) 1: 200.000
С) 1: 150.000
6. Қандай картаның дәлдігі нақтырақ?
А) топографиялық шолу
В) топографиялық
7. Қандай карталар ұшқыштарға арналған?
А) шолу
В) топографиялық
С) топографиялық шолу
|
Тест тапсырмасына арнайы бір парақ қағаз дайындап, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру.
|
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі
(13 мин)
|
Дүниежүзілік және жарты шарлар картасынан ешқандай қашықтықты өлшеу жұмыстары жүргізілмейді. Жер бедері қат- қабат бояулармен көрсетіледі.
0 метрден төмен- қою жасыл
0-200 метр- солғыл жасыл биіктік шкаласы
200-500 метр- сарғыш түс
Мұхиттар, теңіздер, көлдер көгілдір немесе көк түске боялады.
Тереңдікке байланысты өзгереді- тереңдеген сайын бояудың түсі де қоюлана береді. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда тек қана басты елді мекендер:
- мемлекеттердің астаналары;
- аса ірі өндіріс орталықтары;
- тарихи қалалар;
Дөңгелек белгі қойылады. Қатынас жолдарының ең маңыздылығы, темір жолдар мен автомобиль жолдары, теңіз кеме қатынасы қамтылады.
|
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
|
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
(10 мин)
|
Атлас пен карталарды пайдаланып дүниежүзіндегі аса биік жерлер мен ең терең аймақтарды биіктік және тереңдік шкалалары арқылы анықта, биіктік пен тереңдік шамасында тап.
|
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады.
|
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
(7 мин)
|
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
- Картадағы түрлі-түсті бояулар не үшін қажет?
- Биіктік шкаласы арқылы нені анықтаймыз және қалай анықтаймыз?
- Д.ж. ең терең жер қайда орналасқан және қалай аталады?
- Д.ж. ең биік жер қайда орналасқан және қалай аталады?
|
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
|
6. Бағалау кезеңі
(2 мин)
|
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
|
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
|
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
|
|