Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет413/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, дүниежүзінің физикалық картасы, глобус.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі
3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
4. Сабақты қорытындылау кезеңі
5. Бағалау кезеңі
6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі
(20 мин)

Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын төмендегі сұрақтарды қою:
- Карта дегеніміз не?
- Оның қандай маңызы бар?
- Масштаб дегеніміз не?
«КАРТА»- табақ деген мағынаны білідреді. Карталарды мазмұнына қарай былай жіктейміз:
КАРТАЛАР
(мазмұнына қарай)
























Топографиялық карталар ұшақтан суретке түсірулердің нәтижесінде жасалады. Ірі масштабты карталарды қорыту арқылы топографиялық шолу және шолу карталары жасалады. Топографиялық шолу- карталардың дәлдігі топографиялық карталарға қарағанда төмен.


Ұшқыштар үшін қолайлы. Себебі осы карталар үлкен аумақтың жалпы көрініс шолу мақсатында қызмет етеді.
Шолу карталары- жер бетінің үлкен бөлігінің географиялық ерекшеліктерін жалпылама зерттеу мақсатына арналады немесе оны географиялық карталар деп аталады.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.

3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі 
(10 мин)

«Картаның адам үшін маңызы» эссе жазу.

Эссе жазу. Қысқаша өз ой пікірлерін жазу, оқу.

4. Сабақты қорытындылау кезеңі
(10 мин)

Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

  1. Жалпы географиялық карталардың қандай ерекшелігі бар?

  2. Топографиялық карталар қалай жасалады?

  3. Жалпы географиялық карталар қалай жасалады?

  4.  Мына масштабтың қайсысы ірі? 1: 50.000, 1: 100.000? Неге, дәлелде.

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

5. Бағалау кезеңі
(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

6. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет