Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет418/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

6-сынып (А; Б)
Сабақ: 13
Мерзімі:
Тақырыбы: Сарамандық жұмыс №1.
Мақсаты:
Білімділік: Өткен сабақта алған білім мен икемділіктерді одан әрі дамыту, білімді бекіту, қайталау.
Дамытушылық: Географиялық көзқарасты, дүниетанымын,картамен жұмыс істеуді одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Өз еліне деген патриоттық сезімді ояту. Географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: қайталау, бекіту.
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: дүниежүзінің физикалық картасы.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Білім мен икемділіктерді бекіту кезеңі.
3. Қорытындылау кезеңі.
4. Бағалау кезеңі.
5. Үйге тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2. Білім мен икемділіктерді бекіту кезеңі.
(40 мин)

Тапсырма 1.
Анықтама бер: азимут, ендік, бойлық, географиялық тор, глобус.
Тапсырма 2.
Карталар мен атластарды пайдалана отырып төмендегі координаттар бойынша географиялық объектілерді табыңдар:
60º с.е.-30º ш.б; 34º с.е.- 30º ш.б; 0º с.е.- 50º б.б; 34º с.е.- 20º ш.б.
Тапсырма 3.
Төмендегі мәтінді пайдалана отырып план құрастыр:
Туристер Арыс темір жол станциясынан бастап туристік жорыққа шықты. Темір жол азимуты 305º. Жолдың солтүстік- шығысында бұта аралас ағаштар тұр. Станциядан асфальт жол бойымен 50º бағытта 450 м жүре отырып шалғынды алаңға шығуға болады. Жолдың оң жағында телефон жүйесі, ал сол жағында шарбақ бар. Шалғынды алаңмен 750м жүріп су бөгеніне келіп жетеді. Бөгеннің шығысында кіші-гірім су қоймасы, батысында жел диірмен бар. Бірақ, туристер ол жол арқылы жүрмей 310º бағыттағы сүрлеу жолменен 500м аралас орман арқылы шалғын алаңына шықты. 200м жүрген соң Тихау өзені жағалауына жетті және ағаш көпір арқылы өзеннен өтіп 315º бағытта 300м қашықтықтағы Заречное ауылына жетті. Жолдың оң жағында терең жыра мен сай бар.

Атлас,карталарды пайдалана отырып оқушылар мұғалім берген тапсырмаларды орындауға кіріседі. Ол үшін транспортир, планшет, ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланады.

3. Қорытындылау кезеңі.
(1 мин)

Тапсырмаларды аяқтап болғаннан кейін жинап алу.

Дәптерді мұғалімге тапсыру.

4. Бағалау кезеңі
(1 мин)

Сарамандық жұмысты тексергенен кейін тапсырманы орындау дәрежесіне лайықыт бағаларын қою.

Максималды баға алуға тырысу.

5. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)

План және карта тарауын қайталап келу, кескін карта, атласты алып келу.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет