Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет64/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті




1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.




3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Жаңа тақырыпқа көшу үшін оқушыларға бірнеше сұрақ қояды:
1. Салааралық өндірістік кешен дегеніміз не?
2. Қазақстан өнеркәсібіндегі ең ірі салааралық өндірістік кешені қай кешен?

Сұраққа жауаптары:
1. Қазақстан шаруашылығының үшінші деңгейі салааралық өндірістік кешендерден тұрады. Оларды шаруашылық салалары құрайды.
2. Қазақстан өнеркәсібіндегі ең ірі кешен – отын-энергетика кешені. Ол соңғы өнімдерді – электр қуатын, жылу, техникалық және тұрмыстық отын түрлерін алу үшін көмір, мұнай және табиғи газ өндірумен айналысады.




4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Ең алдымен тақырыпқа жалпы шолу жасайды.
Отын-энергетикалық кешен (ОЭК) – отын өнеркәсібі мен электр қуатын біріктіреді.
ОЭК
отын электр мұнай құбыры
өнеркәсібінің қуаты газ құбыры
салалары (ЖЭС, СЭС, (ЭЖТ)
(мұнай және АЭС)
мұнай өңдеу, газ,
көмір)
Кешеннің негізін энергетикалық ресурстар құрайды. Қазақстанның ОЭК-інегізгі 4 ерекшеліктерімен сипатталады: 1) кешен отынның ірі ресурстары мен энергия ұуатына сүйенеді; 2) отынды өндіру ішкі тұтынудан бірнеше есе асып түседі; 3) өте тиімді отын түрі табиғи газ бен мұнай болғанмен, негізгі энергия көзі көмір; 4) экологиялық проблемалар туындайды.
Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібіндегі жетекші ролді атқарады. Одан 300 түрлі өнім алуға болады. Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі ХІХ ғ. аяғынан бастап дамыды. 1911 ж. Орал-Ембі мұнай-газ алабындағы Доссор кеніші игеріле бастады. Кейін Маңғыстау, Оңтүстік Торғай алаптары ашылды. Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде: «Шеврон-Тексако» (Теңіз), ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ), Қытай ұлттық мқнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл), «Қазмұнайгаз» Қазақстанның ең ірі ұлттық компаниясы. Мұнай өндіріс ауданынан темір жол арқылы цистерналарда, Каспий теңізі арқылы танкерлермен, негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Газ өндіру жеке сала ретінде 1920 ж. Игерілді. Қазір республикамызда ілеспе газбен бірге табиғи газ да өндіріледі. Газ құбыр арқылы тасымалданады. Республикамыздағы өзекті мәселелердің бірі – бірыңғай газ құбыры жүйесін құру.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, сабаққа қатысып отырады. Өздерінің өмірлік тәжірибесінен білгендері болса немесе естіген қосымша ақпараттары болса, қосып айтып отырады.




5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі 

Тақырыпты бекіту ретінде мұғалім оқушыларға біраз оқып, кейін келесі сұрақтарға жауап беру тапсырмасын береді: 1. Энергетикалық ресурстар қалай бөлінеді? 2. Мұнайдың қандай кен орындары бар? 3. Қазақстандағы ең ірі магистральді мұнай құбырларын ата. 4. Қазіргі кезде газ өнеркәсібі қалай дамуда? 5. Табиғи газ неше облысқа тасымалданады? 6. Транзитті газ құбырларын ата, картадан көрсет.





6. Сабақты қорытынды-лау

1. Қазақстанның отын-энергетика кешенінің құрамы қандай?
2. Қазақстан ОЭК-нің негізгі ерекшеліктері қандай?
3. Қазақстанның ОЭК бойынша д.ж.-гі көрінісі немесе сипаты қандай?





7. Бағалау кезеңі

Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.

Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.




8. Үйге тапсырма беру 

106 беттегі «Сен білесің бе» ақпараттарын оқу, 107 беттегі 1-4 тапсырмаларды орындау. Тестерге жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.




Сабақ №15
Күні:
Сынып: 9
Тақырыбы: Көмір өнеркәсібі. Электр қуаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет