Көмір өнеркәсібі. Елімізде пайдаланылатын отынның ½ көмірдің үлесінде. Ол металлургияда, электр қуатында, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайд. Қазір 13 көмір кен орны бар.Қарағанды к.а., Екібастұз к.а.
Электр қуаты.Қазақстанда электр стансаларының 3 түрі қолданылады. ЖЭС-ы 2-ге бөлінеді: жылу эл. орталықтары, конденсациялы стансалар; электр қуатының ең арзан түрі – СЭС; үшінші типі – АЭС (Ақтау – 1973 ж.). 1997 жылы өте жоғары электр тасымалдау желісі іске қосылып, екі энергия жүйесін байланыстырды. Яғни Қазақстандық эн. жүйесі қалыптасты.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, сабаққа қатысып отырады. Өздерінің өмірлік тәжірибесінен білгендері болса немесе естіген қосымша ақпараттары болса, қосып айтып отырады.
|
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
1. иақырыпты бекіту үшін мәтін аралығындағы 62, 63, 64, 66 суреттерді талдау тапсырмасын береді.
|
Оқушылар оқулықтарындағы 62, 63, 64, 66 суреттерді қарап, оларға толық талдау жасайды.
|
|
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
|
Қорытынды сұрақтар.
1. Еліміздегі көмір өнеркәсібі қай жерлерде игерілген.
2. Қазақстандағы электр қуатын электр стансаларының қандай түрлері береді?
|
Сұрақтарға қолдарын көтеріп карта бойынша жауап береді.
|
|
7. Бағалау кезеңі
|
Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.
|
Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.
|
|
8. Үйге тапсырма беру
|
117-118 беттегі ақпараттарды оқу; 119 беттегі 1-6 тапсырмаларды орындау. Тестерге жауап беру.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
|