Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні


Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақты үйымдастыру формасы



бет97/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар:  Қазақстанның саяси-әкімішлік картасы, тақырыптық карталар.
Негізгі ұғымдар: отын-энергетика кешені, машина жасау кешені, конструкциялық материалдар, қара металлургия, түсті металлургия, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары және ораман шарушалығының кешендері
Номенклатура:
Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІІІ – қайталап, бекіту кезеңі V – бағалау кезеңі
ІІ – үй тапсырмасын тексеру ІV – сабақты қорытындылау кезеңі
Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті




І

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.




ІІ

Үй тапсырмасын





ІІІ

1. Өнеркәсіп тақырыбын еске түсіру үшін келесі сұрақтарды қояды:
1. Өнеркәсіп салалары қандай топтарға бөлінеді?
2. Қазақстанда қандай топтағы өнеркәсіптер басым болып келеді?
3. Өнеркәсіпті орналастырудың негізгі принциптерін атаңдар.
2. оқушыларды 4-топқа бөліп әрбіреуіне жеке тапсырмалар береді:
1-топ. Отын-энергетика кешені. 1-тапсырма:Мұнай-газдың негізгі алаптарын карта бойынша көрсетіп, олардың тасымалдануын сипатта.2-тапсырма: әрбір бір алапқа сипаттама береді: а) географиялық орны, ашылуы, ә) негізгі кен орындары, б) бағытталуы, өңделуі, маңызы. 3-тапсырма:көмірдің негізгі алаптарын карта бойынша көрсетіп, олардың тасымалдануын, пайдаланылуын сипатта. 4-тапсырма:карта бойынша электр стансаларының түрлерінің орналасуын сипатта.
2-топ. Машина жасау кешені. 1-тапсырма: карта бойынша машина жасау салаларының орналасуын сипатта. 2-тапсырма: машина жасаудағы технологиялық кезеңдер суретін салып, оны талдау.
3-топ. Металлургия кешені. 1-тапсырма: Қара металлургия орталықтарының орналасуын түсіндір. 2-тапсырма. Толық циклді комбинаттың жұмыс сітеуін түсіндір, неліктен ол сол жерде орналасқанын сипатта. 3-тапсырма: картадан ауыр және бағалы металдарды балқытатын орталықарды көрсет және олардың орналасуын түсіндір. 4-тапсырма: жеңіл металдар өндірісін карта бойынша сипатта. Олардың шикізат көздеріне баға бер.
4-топ. Химия кешені. 1-тапсырма: карта бойынша химия салаларын сипатта. Неліктен олар осылайша орналасқан? 2-тапсырма: Құрылыс матриалдары өнеркәсібінің аймақ бойынша орналасуын сипатта.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
1. Өнеркәсіп салалары 3 топқа бөлінеді: 1-топтағы салалар – өндіруші, 2-топтағы салалар – олардың шикізатын қңдейді, 3-топтағы салалар – жеңіл өнеркәсіп салалары. Одан кейін ауыр және жеңіл деп бөлінеді.
2. Қазақстанда ауыр өнеркәсіптер басым болып келеді.
3. өнеркәсіпті орналастырудың негізгі принциптері: 1) шикізат, отын, энергияға, ғылыми орталықтарға, еңбек ресурстарына, тұтынушыларға жақын орналастыру; 2) қоршаған ортаны қорғау талаптарын, шетелдермен қарым-қатынас жағдайын есепке алу; 3) шоғырландыру, мамандандыру, кооперативтендіру, құрамдастыру, аумақтық үйлестірулерді пайдалану.
Оқушылар топтарға бөлініп, мұғалімнің тапсырмаларын орындайды.
1-топ. Отын-энергетика кешені. 1-тапсырма:Мұнай-газдың негізгі алаптары: Орал-Ембі, Маңыстау, Оңтүстік Торғай, Солтүстік Каспий, Шу-Сарысу алаптары. 2-тапсырма: Орал-Ембі: а) Қазақстанның батысында, БҚО, Атырау облыстары жерлерін алып жатыр. Ол 1911 жылы ашылған, ә) Доссор, Өзен, Қарашығанақ, Қаражамбас, Қаламқас, б) Орынбор, Самараға тасымалданады. 3-тапсырма: Қарағанды алабы, көмірі жоғары сапалы, Қазақстан мен Ресейдің металлургиялық зауыттарына тасымалданады, Екібастұз алабы – энергетикалық отын ретінде пайдаланылады, ол да Қазақстанны және Ресейдің аймақтарына тасымалданады. 4-тапсырма: СЭС-тар Ертіс өзені бойында ШҚО, Іле өзені бойында Алматы облысында, Сырдария өзені бойында ОҚО бар, ЖЭО-тар Қазақстанның барлық облыстарында салынған, МАЭС-ы Қазақстанда 5-у: Павлодар облысында үшеуі, Қарағанды және ОҚО-да бар.




ІV

Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды.

Қазақстанда ірі салааралық кешендердің біріне отын-энергетикасы жатады. Оның ішінде мұнай өнеркәсібі жетекші орын алады. Газ өнеркәсібі де жылдам дамуда. Бқл салаларды дамытуда табиғи ресурстарды тиімді пайдалана және қоршаған отаны қорғай отырып игеру керек.




V

Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.

Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет