Сабақ жоспары Сабақ: Жаратылыстану Тақырыбы: «Біз қалай қозғаламыз?»



Дата05.06.2017
өлшемі82,12 Kb.
#18032
түріСабақ
Алматы қаласы

Әуезов ауданы

104 жалпы білім беретін мектеп

Пән мұғалімі: Биибалаева Алтынай

Бастауыш сынып мұғалімі


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Сабақ: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Біз қалай қозғаламыз?»

Күні:

Мектеп: №104 ЖББ

Мұғалімнің аты: Биибалаева Алтынай

Сынып: 1 «Б»

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау

Бағалау критерийлері

1.Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын түсіну,білу.

2.Табиғаттағы және адам өміріндегі қозғалыстың маңызын анықтау



Дескрипторлар

1.Адам дене мүшелерінің арқасында қозғала алатынын біледі;

2.Басқа денелердің әсерінен заттардың қозғалуын түсіндіре біледі және тәжірибе барысында көрсете алады;

3.Өзінің және жануарлардың қозғалысын бақылайды және салыстырады

4.Адам мен жануар үшін қозғалыстың маңыздылығын анықтайды.



Тілдік мақсат:

1.Бұны не қозғалтады?

2.Мен бұны қалай жылдамдата / ақырындата немесе тоқтата аламын?

3.Бізді қоршаған әлемде ненің қозғалатынын санап шығайықшы? Т.б





Тірек сөздер:

Әсер ету-влиять-Influence,басқару-управлять- to govern,айналдыру-крутить-twist






Талқылауға арналған сұрақтар:Бұны не қозғалтады?

Мен бұны қалай жылдамдата / ақырындата / тоқтата аламын?

Бұл қалай қозғалды,ненің әсерінен қозғалды…?

Адамдар не үшін қозғалады?

Жануарлар ше? т.б


Бағалау түрі:

Бағдаршамның 3 түсі арқылы

Қызыл-төмен, сары-орта, жасыл –тамаша



Алдыңғы оқу:

Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

Жолдағы мәшине,жолдағы жаяу жүргінші ,аспандағы ұшақ қалай қозғалады?

Үнемі түзу сызық бойымен қозғалу мүмкін бе?


Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы 3 минут

1.Кіріспе тапсырма.

Оқушыларға түрлі қимыл көрсетіп тұрған суреттерді көрсетемін және осы қимылдарды көрсетуін өтінемінде сұрақ қоямын:

1.Балалар біз не жасадық? Қалай жасадық?

2.Қимыл –қозғалысымызды ненің көмегімен жасадық? деп сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын ашамын.Яғни бүгін біз сендермен «Біз қалай қозғаламыз ?» деген жаңа тақырыппен танысамыз.



Әртүрлі қимыл қозғалыстағы суреттері

Ортасы 35 минут

2.Спорт залда (Кітаппен жұмыс)

Яғни балалар біз осы қимыл қозғалыс жаттығуларын спорт залда жасайды екенбіз.



3.Біз заттарды қалай қозғаймыз?

Суретке назар аудартамын. Алдымен балалар не істеп жүр деп сұраймын. Ойыншықтар өз бетімен қозғалады ма?Адамдар заттарды Қозғалысқа келтіру үшін оларға қалай әсер етеді?


Сурет бойынша сөйлем құрауды сұраймын. Тап­ сырманы күрделендіру мақсатында кейбір оқушыларға суреттерге қарап әңгіме құрауды ұсынамын.Осыдан кейін оқушылардың назарын қалған екі суретке аудартамын. Кімдер бейнеленген? (Балалардың аналары.) Олар қандай заттарды қозғалтты? (Арба мен бесік.) “Бесікті кім біледі? Ол не үшін керек?” — деп сұраймын. “Бесікке салу” салт-дәстүрі туралы түсінік беріп, бейнефильм көрсетуге болады. Бесікті қалай тербетеді? Оқушылар “әсер ету” сөзінің мағынасын түсінетініне көз жеткіземін. Жақсы түсінуі үшін сол сөздің синонимін мысал ретінде келтіремін: ықпал ету, қол тигізу арқылы қозғалысқа келтіру.

Кейбір дене мүшелері қозғалмалы келеді.Мысалы аяқ пен қол.Оларды бүгуге,жазуға және айналдыруға болады.



4.Зерттейік. Бұл жұмысты алаңда өткізуге болады.“Денелерді қасына жақындамай қалай қозғауға болады?” — деп сұраймын. Топта асық ойнауды (немесе кеглді шарлармен құлатуды) ұсынамын. “Оқушылар асықты (кеглді) қалай қозғады?” — деп сұраймын. Оларды жанасты ма әлде қашықтықтан басқарды ма? (Жоқ, оларды басқа асықпен (шармен) қозғады.)
Пульттің көмегімен ойыншықтарды басқарғанда, модельдерді қозғағанда олармен жанасады ма әлде қашықтықтан басқарады ма?
Оқушылар ойыншықты пульттің көмегімен қа­ шықтықтан басқаруға немесе басқа заттар арқылы қозғауға болатынын қорытындылауы қажет.

5.Сен білесің бе?
Пульт арқылы қозғалатын алғашқы кеменің суретін көрсетемін, қазіргі заманғы модельдермен салыстыруды сұраймын.

6.Сергіту жаттығуын жасату «Аңдар» биі

7.Жануарлардың қозғалысы. Жануарлар даадам сияқты қозғалады. Алайда қимылдарында біраз айырмашылықтар бар: адам секіреді, жүгіреді, жүреді, жорғалайды, ал жануарлардың кейбіреуі осылардың біреуін ғана жасай алады. Оқушыларды оқулықтағы тапсырманың суреттеріне қаратып, мынадай сұрақтарды қойамын: “Бейнеленіп тұрған жануарлар қандай қимыл-қозғалыс жасап тұр? Адам осындай қимыл-қозғалыс жасай ала ма?”. Осы қимыл- қозғалысты жасауларын сұраймын. Оқытылып жатқан тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында ойын ұйымдастыруға болады. Мұғалім жануарды (жолбарыс, жылан, маймыл, бақа және т.б.) атайды, ал оқушылар осы жануарға тән қимыл-қозғалысты жасайды.

7.Дәптермен жұмыс

Адам қалай қозғалады? және жануарлар қалай қозғалады? Осы тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жануар мен адамның қозғалысын салыстырады.



Жаратылыстану оқулығы

«Бесікке салу рәсімі» бейнефильм

Балалр ойыншықтары: коляска, пультпен басқарылатын машина, жіппен тартатын машина т.б
Аңдар биі бейнеленген видио

Жан-жануарлар бейнеленген суреттер

Жаратылыстану пәнінің дәптері


Соңы 7 минут

8.«Венн диаграммасы» бойынша сабағымызды қорытындылаймын.

Мынадай сұрақтар қойамын: Егер адамдар қоз­ ғалмаса не болар еді? Жаттығулардың пайдасы неде? Күнделікті өмірде жаяу жүрудің немесе жү­ гірудің қандай пайдасы бар? Біз қозғалысқа түспей өмір сүре аламыз ба? Қозғалыстың аздығы денсаулыққа­ қалай әсер етеді?


Жануарлар не үшін қозғалады? (Тіршілік ету үшін: қорегін табу, тірі қалу.)

Венн диаграммасы

Және адам мен жануарлардың қозғалыысының маңыздылығын көрсететін суреттер



Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті балаға тапсырманы қалай түрлендіресіз?



Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік, құндылықтармен байланыс?

Кейбір оқушылар адамның қозғалысын зерттеу бойынша қосымша тапсырмалар орындай алады.Оларға бір орында тұрып алға секіруді және секірген жердің ұзындығын өлшеуді тапсырамын. Оқушылар бірнеше рет секірсін. Алайда әр секірген сайын әртүрлі дәрежеде күш жұмсап секірулерін ұсынамын. Осыдан кейін секіру қашықтығының итерілу күшіне байланысы бар-жоғын сұраймын.

1.Адам дене мүшелерінің арқасында қозғала ала­ тынын біледі;

2.Басқа денелердің әсерінен заттардың қозғалуын түсіндіре біледі және тәжірибе барысында көр­ сете алады;

3.Өзінің қозғалысы мен жануарлардың қозғалысын бақылайды және салыстырады.

4.Оқушылар адам жасайтын қимыл-қозғалыстарды біледі және оларды орындай алады.

5.Оқушылар әртүрлі жануарлар жасайтын қимыл­ дарды біледі

6.Оқушылар адам мен жануарға қозғалыстың маңызды екенін анықтайды




Дене шынықтыру. Жаттығулар жасау. Дүниетану. Таңертеңгілік жаттығудың пайдасы.

Ұлттық салт-дәстүрімізді сыйлау (рухани адамгершілік құндылығы)

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?



Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдалаңыз.Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

-Иә, орындалды

-1.Адам дене мүшелерінің арқасында қозғала алатынын білді;

2.Басқа денелердің әсерінен заттардың қозғалуын түсінді және тәжірибе барысында көре алды;

3.Өзінің қозғалысы мен жануарлардың қозғалысын бақылады және салыстырды.

4.Оқушылар адам жасайтын қимыл-қозғалыстарды білді және оларды орындай алды.

5.Оқушылар әртүрлі жануарлар жасайтын қимылдарды білді

6.Оқушылар адам мен жануарға қозғалыстың маңызды екенін анықтады

-Сабақ өзім жоспарлағандай өтті

-Иә, саралау жақсы іске асты.

-Уақытты дұрыс пайдаландым

-


Қорытынды бағалау

1.Ең жақсы екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқу мен оқытуға байланысты)

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
2.Қандай екі нәрсе немесе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (Оқыту мен оқуға қатысты)

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.
Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекеленген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет