Сабақ жоспары Сабақ: Сауат ашу Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті тамағым



бет1/2
Дата04.07.2018
өлшемі163,53 Kb.
#46675
түріСабақ
  1   2


Бектенова Гаухар Суйментаевна

№19 орта мектебі,

бастауыш сынып мұғалімі

Қостанай облысы

Рудный қаласы

Менің сүйікті тамағым

Сабақ жоспары

Сабақ: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті тамағым

Т. Бердияров. Сусын туралы жыр

Күні: 27.09.17

Оқытушының аты-жөні: Бектенова Г.С.

Сынып: 2 «А»

Қатысушылар саны: 26

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/

жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі/

кестеге салу


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады.

Көбі: Тақырыпты болжайды, қосымша кітаптармен жұмыс жасай алады, ас ішу ережесін жаза алады.

Кейбірі: Анықтамаларды тез тауып кестеге түсіреді, басқа да тағам түрлерінің анықтамасын табады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер және әр түрлі заттар, топтық тапсырмалар, стикер.

Бағалау критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды өзіне және бір-біріне деген құрмет көрсетуге, пікірін тыңдауға, өз ойын толық білдіруге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, орыс тілі, ағылшын тілі.

АКТ қолдану дағдылары




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Ширату жаттығуы

Тізіліп тұра қаламыз

Саяхатқа шығамыз.

Әй бұл не?

Бұл ... (орман, тау, өзен)

Үстіне міне алмаймыз

Астынан өте алмаймыз

Кеттік тура!

Көзді жұмып-ашамыз

Орнымызды табамыз.



Ширату тапсырмасы:

Күз тақырыбында бейнебаян тамашалау.



-Балалар, осы видеоны не үшін қарадық деп ойлайсыңдар?

-Күз мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелігін білеміз?

-Балалар, біз бүгінгі сабақта «Күз әлеміне» саяхатқа шығамыз.

-Осы «күз» сөзін орыс тілі мен ағылшын тілінде айтып көрейікші.

-Күз – осень – аutumn

-Енді осы саяхатымызға біз қандай көлік түрімен шығатынымызды анықтаймыз.



-Ол үшін біз берілген тірек сөздерді пайдаланып тауып көрелік.

Тірек сөздер: әуе, ұшқыш, зулайды, құстай ұшады, жанармай.

-қандай көлік түріне қатысты деп ойлайсыңдар?

-Ұшақ – самолет – the plane

-Ия, бүгін біз ұшақпен саяхат жасаймыз.

-Біз ұшақтан немен түсеміз? (парашютпен)

-Міне балалар, сосын сабақтың соңында прашютпен жерге түсетін боламыз.

Үй жұмысын сұрау. Салған суреттерін көрсетіп, таныстырады.

Суреттер


Бейнежазба

үш тілде жазылған сөздер

Ұшақ суреті

Оқушылар суреті



Сабақтың ортасы

20-25 минут



  1. Саяхатты бастау: – «Аспан әлемі»

Жұмбақ:

Қанатсыз құс жақын барады,

Көзінен жас тамып барады (бұлт)

Бұлт – Облака – clonds

-Бұлт қайда болады? Біз бірінші саяхатымызды аспан әлемінен бастаймыз.

(Күн мен бұлт суретіне ұшақ қонады).

Аспан әлемі тапсырмасы

Жаңылтпашты жаңылмай айтуға дағдылан.



  1. Есет атам ет асатар,

Ет асатса, бес асатар.

  1. –Мынау балқаймақ қай балқаймақ?

-Бұл балқаймақ – май балқаймақ.

Жаңылтпаштар арқылы тақырыпты болжату. Қандай тағамды ұнатасыңдар? Сабақтың мақсатын таныстыру. (Сүйікті тағамдарымызды таңдай білейік)



2-Саяхат жалғасы: «Биік таулар әлемі»

Жұмбақ

Үлкен, үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп (тау)
Тау – гора - mountain
Оқылым.

Өлеңді түсініп оқы. Тоқаш Бердияров. Сусын туралы жыр.



Айтылым. Автор туралы мәлімет беру.

Өлеңдегі балаларды атаңдар. Олар нені ұнатады екен?



Жеке жұмыс:

-Өлеңдегі кездескен ұлттық тағамдарды сызбаға толтыр.


Бұлт тамшылары мен суреті

Тау суреті

Оқулық-26 бет


Автор суреті, сызба

Сызба



Сергіту сәті

1 минут


«Қыдырып қайтайық»

Сергіту сәтіне арналған жинақ




3-Саяхат жалғасы: «Су әлемі»

Жұмбақ:

Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен (су)

Су - вода - water

Жұптық жұмыс.

Жұптасып сусын атауларың жазып шығыңдар (табиғи, жасанды)

(белгілі бір уақытта кім қанша сусын атауың жазғанын анықтау 1 мин 11 секунд)


Су суреті

Кесте




Сабақтың соңы

10 минут



4-Саяхат жалғасы «Жер әлемі»

Жұмбақ:

Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем (жер)

Жер-земля- earth

Топтық жұмыс.
1-топ: Үзілісте мектеп асханасынан тамақтанатын тағамдарды тауып алу.

2-топ: Анықтамалық кітаптардан/жинақтардан/ сөздіктерден ұлттық тағам туралы табу және кішкене сол туралы айтып беру

3-топ: Бала денсаулығына зиянды тағамдарды тауып алу.
Саяхат соңы

Кері байланыс

Енді саяхаттан алған әсерімізбен бөлісетін кезге де жеттік.

Біз ұшақтан жерге парашюттер көмегімен ораламыз.

Ал енді сабақтағы жетістігімізді саяхат барысындағы «Аспан әлемі», «Биік таулар әлемі», «Су әлемі», «Жер әлемі» арқылы бағалай аламыз.



-Мен сабақ барысында тапсырмаларды орындауда қиналдым.

-Әлі де оқу және өз ойымды айтып үйрену керек.

-Маған ұнады. Келесі сабақта бұданда жақсы ат салысып отырамын.

-Мен үшін сабақ қызықты өтті. Барлық тапсырмаларды дұрыс орындадым.

Үй жұмысы: Тамақатану ережесін құрастырып келу.

Жер суреті


Тағамдар суреттері
Хрестоматия, кітапша
Парашют сурет қимасы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет