Жұректен – жұрекке
Ұ. Есдәулетовтің «Қүс жолы» өлеңін орындау.
Аспан, аспан шайдай ашық,
Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық.
Қүс жолы ғарыш көкке туған жерден.
Қараймын жандай ғашық....
ПБ төрағасы:
Пән оқытушысы:
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Тыныс алу және оның жас ерекшеліктері.
Дауыс аппаратының жасқа байланысты ерекшеліктері
Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы
Дайындаған педагог: Нурметова Д.А. Күні : 2022 жылғы "__" ___
1.Жалпы мәліметтер
Курс: 2
Топ: __________________
Сабақ типі: теориялық
Пәнаралық байланыс:биология , гигиена, медицина
Сабақтың мақсаты.
1. Дауыс аппаратының құрылысы жайлы мағлумат бере отырып сабаққа болған қызығушылықтарын арттырып білімділігін көтеру, оқушылардың сабаққа болған ынтасын арттыру.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: оқулықтар,дидиактикалық материалдар
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі:сұрақтар арқылы.
1.Тыныс алудың маңызы
2.Өкпенің құрылысы мен қызметі
3. Тынысалу мүшелерінің құрылысы, маңызы.
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Тыныс алу жүйесі өте маңызды – газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес.Ағза мен сыртқы орта арасындағы газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады.
Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы-аңқа(носоглотка),көмей,кеңірдек,бронхылар (ауатамырлар) жатады.Бұлар ауа тасымалдайтын жолдар.Сонымен қатар өкпе жатады.Өкпеде газ алмасу жүреді.
Танау арқылы ауа сүйек-шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке бөлінетін мұрын қуысына түседі.Мұрын қуысында ауа жылынады,залалсызданады,ылғалданады.
Мұрын қуысынан ауа аңқа мен жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.
Көмей – іші қуыс түтік, ол мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан.Ауыз қуысындағы мүшелермен бірге көмей дыбыс түзу және айқын сөйлеу қызметін де атқарады.
Кеңірдек – ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм, өңештің алдында орналасқан түтік.
Бронхылар (ауатамырлар) оң және сол жақ өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып,бронхы ағашын түзеді.
Өкпе – кеуде қуысында орналасқан шымыр,кеуекті жұп мүшелер.Оң жақ өкпе үш бөліктен,сол жақ бөлік екі бөліктерден тұрады.Өкпенің сырты қабықшамен – өкпеқаппен (плевра) жабылған.
Альвеолалар – диаметрі 0,2-0,3 мм,тереңдігі 0,06-0,3 мм,ауаға толы өкпе көпіршіктері.Адам өкпесінде шамамен 700 млн альвеола бар.
Көмекей қабырғалары жұп және тақ шеміршектерден түзілген қуыс мүше.бұл шеміршектер сіңірлермен, буындармен және бұлшық еттермен қозғалмалы болып байланысқан.Көмекейдің қалқан тәрізді, оймақ тәрізді шеміршектері және тілшік шеміршегі, сынақ шемірегі болады. Тілшік шеміршегі көмекейдің кіреберіс үстінде орналасақан.Оймақ тәрізді шеміршек көмекейдің сақына секілді қаптап, ожау тәрізді шеміршектермен тікелеі байланысады. Қалқан трізді шеіршек (алдыңғы жағы)пен оймақ тәрізді шеміршекті (арғы жағы) оап даыс сіңірлері керіліп тұрады.Олардың керілу дәрежесі көмекей шеміректеріне бекінетін ересек бұлшық еттерге байланысты. Дауыс сіңірлерінің арасында дауыс саңылаулары болады.
Тыныс алу кезінде дауысатпарлары ажырап, үш бұрыш тәріздес ойық құрайды,оның көлемі тыныс алу мен тыныс шығаруға тығыз байланысты орталық жүйке жүйесіне тәуелді.
Дауыс қатпарлары бір жасқа толғанша және мутация кезеңінде қарқынды түрде өседі.
12жаста дауыс желбеектерінің ұзындығында жыныстық ерекелік байқала бастайды. Олар ер балаларға қарағанда қыздарда қысқарақ келеді :12 -13жасар ұл балаларда олардың ұзындығы 13-14м, өтпелі кезінде 6-8мм, ал20 жасқа толғанда 22-25мм жетеді. Қыздардың дауыс желбезектерінің өсуі баяу болады, әйелдердің дауыс желбезегінің ұзындығы 18-20мм.
Дауыс құрау кезіндегі тыныс алу мүшелерінің жүйесі үш топқа бөлінеді:
Ауа жинақтайтын және оның ағынының қозғалысына жағдай жасайтын мүшелер: өкпе, қолқа, кеңірдек
Дауыс шығаратын және дауыс құрайтын мүшелер : көмей, оның дауыс қатпарлары және бұлшық еттері
Дыбыстар күшейтуші және анықтағыш мүшелерді сайыстырушы : көмекей үсті қуысы (ауыз, мұрын, кеңсірік, ауыз және көмекей жұтқыншағы ), тіл, ерін, жұмсақ таңдай және басқа анықтағыш мүшелер, төмендегі күшейткіштер – кеңрдек пен қолқа.
Достарыңызбен бөлісу: |