4.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы .
2. Тыныс алудың жуйкелік және гуморальдық реттелуі.
5.Қорытындылау.(білім бағалау)
Сабақ барысында белсенді түрде қатысқандарды өз бағаларын қою.
Үй тапсырмасы:Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы 169-177 беттерді оқып келу
Оқытушының қолы:
ПБ төрағасы:
Сабақ тақырыбы: Балалардың тамақтану физиологиясы мен гигиенасы
Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ,.
Сабақ типі: пікір алысу сабағы
Пәнаралық байланыс:биология,медицина, гигиена
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік:Балалардың тамақтануы туралы түсініктеме бере отырып сабаққа болған қызығушылықтарын арттырып білімділігін көтеру, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығын арттыру.
2.Тәрбиелік:Таақтану тәртибін үйрету ,өз міндетін білуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушының сөйлеу процесі, қиялдау процесін ,білім бере отырып дамыту
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар : оқулықтар
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі:сұрақтар:
1.Ауыз қуысында астың өзгеруі.
2. Асқазанда астың қорытылуы.
3. Тоқ ішекте астың қорытылуы
4 Асқазан-ішек аурулары.
5. Тістің құрылысы
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Тамақтану тәртибі дегеніміз тамақты шамалап , түрлендіріп, күнделікті бір мезгілде ішуді айтады.Тамақты үнемі бір мезгілде ішуге дағдылану тамақ ағзаға жақсы сіңуіне көмектеседі. Тамақты ішу аралығы 3, 4, 5 сағат болу керек. Үнемі бала бір мезгілде тамақтанатын болса, сол уақытта қарын сөлі бөлінеді. Ас қорыту процесі жақсы өтеді. Егер олай болмаса шартты рефлекс жойылып отырады. Адамның тамақтану мөлшерін к/Дж - мен өлшейді. Балалар күніне 4 - рет тамақтану керек.
Ертеңгі ас 20 - 25%
Түскі ас 45 - 50%
Кешкі ас 20 - 25% қүрауы керек.
Тамақтың әр түрлі болуы ағзаның өсіп жетілуіне көмектеседі.Сапасы төмен және көп тұрып бүліне бастаған азық-түліктерді пайдалану тамақтан улануға соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне тұрып қалған шұжықтарды, консервілерді, улы саңырауқұлақтарды пайдалану кезінде байқалады. Асқазан мен ішектің қауіпті ауруларына – дизентерия (қантышқақ), іш сүзегі, тырысқақ және т.б. аурулар жатады. Бұл аурулардың көпшілігінде дене қызуы көтеріледі, құсады, ішек қызметі бұзылып, іш өтеді. Бұл кезде адам өздігінен емделмеуі тиіс. Ауру белгілері біліне бастағаннан-ақ дәрігерге көріну қажет. Ішек-қарын ауруларын көбіне тағам қалдықтарымен қоректенетін шыбындар, таракандар таратады. Олар тағамдарды әр түрлі ауру қоздырғыш микробтармен, ішек құрттарының жұмыртқаларымен ластайды. Сондықтан да тағамдарды тоңазытқышта, арнайы ыдыстарда, қораптарда сақтау керек. Жәндіктердің жаппай көбеймеуі үшін пәтерлерде, үйлерде, аулаларда гигиеналық ережелерді қатаң сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |