2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі сұрақтар:
1.Бүйректің құрылысы және қызметі
2 Несепағардың құрылысы
3 Қуықтың құрылысы
4 Зәр шығару өзегінің құрылысы
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы заталмасуүдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістерді жылу реттелудейді.
Терінің маңызы. Тері – адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды.
Терінің құрылысы. Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты – эпидермис (грекше «epі» – сырты, үсті, «derma» – тері), ортаңғы қабаты – нағыз тері (дерма), ішкі қабаты – теріасты шел (клетчатка) қабаты деп аталады (89-сурет). Соңғы кезде теріасты шел қабатын нағыз тері қабатымен қосып, бір қабат деп санайды.
Терінің эпидермис қабаты – көп қабатты жалпақ эпителий (жабын) ұлпасынан тұрады. 4.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
1 Терінің қандай маңызы бар
2. Терінің құрылысы
3 Терінің қорғаныштық қызметі
Тер бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі терінің сыртына кішкене тесікшелер - шұрықтар түрінде ашылады. Тер бездері алақанда, табанда, қолтықта, тақымда көп шоғырланған. Тер бездері арқылы термен бірге ыдырау өнімдері бөлінеді. Тер бездерінен бөлінген тер дене температурасының тұрақтылығын сақтайды. Балаларда тер бездері нашар дамыған.
Терінің қалыңдығы 0,5 мм-ден 5мм-ге дейін болады. Ең жұқа тері көздің айналасында және дененің өзге сезімтал жерлеріде орналасқан. Ең қалың тері табанда болады. Оның қалыңдығы 5 мм-ден асуы мүмкін. Әсіресе жалаң аяқ жүретіндердің табан терісі қалыңырақ болады. Ол табанды зақымданудан сақтау үшін қалыңдайды.
«Безеу»
14-15 жаста көп оқушыда безеу пайда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып қыздырады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Кейде оның көлемі ұлғаяды, ал оны сығып тастаған жағдайда, орнында шешек ізіндей дақ қалады.
Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды. Олар уақытша пайда болып, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы да мумкін. Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек. Ыстық және суық сумен алма- кезек жуыну жақсы көмектеседі Өте ащы, дәмдеуіштер (бұрыш , қалампыр, т.б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тартыңдар. Ең бастысы – бір қалыпты ұйықтау, серуендеу, спортпен шұғылдану, дене шынықтыру. Осылардың бәрі мүмкіндігінше асқазан жұмысын жақсартып, безеулердің алдын алады. Таңертең аш қарынға бір стақан су ішкен дұрыс. Безеуді өзіңіз шұқылап, түртіп жүрмеңіз: инфекция енгізіп алуыңыз мүмкін. Асқынған жағдайда дерматолог дәрігерге көріну қажет
5.Қорытындылау.(білім бағалау)
Сабақ барысында белсенді түрде қатысқандарды өз бағаларын қою.
Достарыңызбен бөлісу: |