Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Масса және заттың тығыздығы. Сабақтың мақсаты : Білімділік



бет2/2
Дата01.04.2017
өлшемі0,72 Mb.
#12876
түріСабақ
1   2

Қорытынды: Денелердің көлемдері бірдей, массалары әртүрлі, яғни әртүрлі заттан жасалған.

(Эксперимент нәтижесін дәптерге жазамыз)

Заттың массасы деп денелердің инерттілігінің өлшемі. ХБЖ массаның өлшем бірлігі килограмм.

1т = 1000 кг

1г = 0,001 кг

1мг = 0,000001 кг

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. Сонымен заттың тығыздығын табу үщін дененің масссасын оның көлеміне бөлу керек.

Зат тығыздығы мына формуламен анықталады 



Зат тығыздығы бірлігі үшін бірліктердің Халықаралық жүйесінде (SI) килограмның метр кубқа қатынасы алынған. Бұл көлемі 1м3, массасы 1килограмға тең біртекті заттың тығыздығы 

Есептеулер жүргізу кезінде тығыздықтың сияқты басқа да бірліктері қолданылады. Көбінесе ;  қолданылады.

1800 , бұл нені білдіреді? (көлем бірлігіндегі кірпіш массасы)Тығыздығы осыған тең ол қандай зат? (Қосымшадағы 6,7,8-кестелерге қарап анықтаймыз)

Заттың тығыздығы мен көлемі белгілі болса, онда өлшеулер жүргізбей ақ оның массасын анықтауға болады. m= 

Егер дененің массасы мен тығыздығы белгілі болса, онда оның көлемін есептеп табуға болады.



V

Көп жағдайда дене тегі әр түрлі заттардан жасалады. Мұндай жағдайда ρ=m/V формуласы бойынша есептеулер жүргізе отырып, денені құрайтын материалдың орташа тығыздығы(ρорт=m/V ) табылады.



4. Сабақты бекіту

1. 800 және 2,6 нені білдіреді? (көлем бірлігіндегі керосин массасы және гранит тығыздығы)

2. а) Көлемі 1м3 болатын,массасы 1,29 кг тең ауаның тығыздығы неге тең? (1,29 кг/м3)
б) Көлемі 1л болатын,массасы 1 кг тең ауаның тығыздығы неге тең? (1000кг/м3)

3. Ыдыстарда бiрдей массалы сұйықтар құйылған. Қай ыдыста тығыздығы жоғары сұйық орналасқанын анықтаңдар



Группа 26Группа 23

4.Тауық жұмыртқаларының жаңа екенінолардың орташа тығыздығы бойынша анықтауға болады. Ұзақ уақыт сақтаған кезде сұйықтың бiр бөлiгi қауыз арқылы буланып ауамен алмастырылады. Оның көлем бірлігіндегі орташа тығыздығы азаяды да жеңіл болып қалады. Жаңа жұмыртқа суда батады, жаңа емес қалқиды.





5. Сабақты қорыту. Зертханалық жұмыс №3

1-тапсырма. Денені таразыға тарту арқылы массасын өлшеу.

Құрал-жабдықтар: таразы, ұсақ гірлер, білеуше, әр түрлі кішігірім денелер.

Жұмыс барысы кітапқа қарап орындалды. Тәжірибе жасалып болған соң мына кестені толтырады және қысқаша қорытынды жазады.



Тәжірибе реті

Өлшенетін дене

Дененің массасы, г

Дененің массасы, кг

1










2










3











6. Үй жұмысы.

§23, 24


Есеп. Қандайда бір тетік көлемінің 1/3 бөлігі қорғасыннанжәне2/3бөлігі қалайыдан жасалған. Осы тетік жасалған материалдың орташа тығыздығы қандай?



Есеп. Қоспа қорғасын мен қалайыдан жасалған, оның массасы 664 г, тығыздығы 8,3 г/см3 Қоспаныңішіндегі қорғасынның массасын анықта. Қоспаның көлемі оны құраушы бөліктерінің көлемдерінің қосындысына тең. 7300 кг/м3 ,  11300кг/м3

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет