БЕКІТЕМІН
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Орыс мектебінде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақтың даңқты батыры туралы мәлімет бере отыра, мәтіннің мәнін ашу, оқушылардың танымдылығын, біліктілігін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, аударма, түсіндіру, қайталау, тілдік талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Суреттерді тарату,қандай бір сурет алсаңдар бұл сендерге үлкен сәттілік әкеледі,менің бұл сабағым өмірлік ұлағат болады деп түсініңдер.
2.Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға кағаздағы суретке қарап суретін күн ай кітап,айна,ғұлама адмдардың суреті болады, сол суретке байланыстырып бір бірлеріне жақсы тілек айтады.
3.Бағалау кестесін түсіндіру
Таза қазақ тілінде сөйлеу Данияр коментария айтады.
Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап: «Ой шақыру» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Бауыржан Момышұлы кім?
Майданда Бауыржан Момышұлы қандай қызметтер атқарды?
1941 жылы қандай ерлік көрсетті?
Оның қолбасшы ретіндегі таланты қашан ашылды?
Бауыржан Момышұлының ерлігі қай кітапта суреттеледі?
Ол кітап қандай тілдерге аударылды?
Әскери әдебиеттің атасы кім?
Бауыржан қандай марапаттар алды?
Жаңа білімді меңгеру
Кіріспе сөз:
Қазақ топырағында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болмаған,
бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алашты әріге асып көрген емес.
Ал, Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл - ойы,
жігерлі мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті.
Ендеше, Бауыржан Момышұлының бабалық шағына тоқталып өтейік.
Біздің алғашқы тапсырмамыз «Сөз сыры» айдары болып табылады.
Бұл жұмысты жасау уақыты (5 минут).Сөздерді 1 минутта оқу,дәптерге жатқа жазу,сөйлем құрастыру.
Сөздік жұмысы:
Айырмасы жоқ,бірдей естіледі,анықтап,түртпектей,тұру,тұңғыш,талай,түзету,жеке,ретті жерінде,мағына,шығару,сан,мүдірмей,мәз болып,мақтап,тапсырды, шала-пұла
«Менің қиялымдағы - Бауыржан»
«Сөйлеу әдебі» Мәтінмен жұмыс:
а) Мәтінді мәнерлеп оқу. (мәтінді өзім және ұландар оқиды)
ә) Мәтіндегі кейіпкерлерді атау.
б) Мәтіннен табиғат құбылысын суреттеуді тауып оқыңдар.
в) Сұрақтар құрастыру
«Бәріміз біріміз үшін-біріміз бәріміз үшін» төмендегі сөздер арқылы бір –бірімізге сұрақтар қою.
(қалай ойлайсың,оқыдыңба,білдіңбе,таңқалдым,білдім,керемет,деп ойлаймын, білемін,иә, өте жақсы сұрақ)
Қалам ізі»
Тапсырма: Сөздердің синонимін және омонимін жазу.
Сөздер
|
Синоним
|
Сөздер
|
Антоним
|
Меңгеру
|
|
Жоқ
|
|
Білді
|
|
Дұрыс
|
|
Жүздесті
|
|
Келеді
|
|
Тұңғыш
|
|
Аз
|
|
Үні
|
|
Ашты
|
|
Ұстаз
|
|
Жақсы
|
|
2.Мәтіндегі етістіктерді теріп жаз және оларды тұйық етістікке айналдыр.
Шеберлікке машықтандыру
Сөйлемдерді аяқтау:
Батыр бойындағы елжандылықты қалай білуге болады?
“Ұқсастығығы неде” Сағдат Нұрмағамбетов және Бауыржан Момыщұлы туралы салыстыра пікір айту.
«Деректер сөйлейді» тақтадағы жылдардың батырға қатысы туралы айту.
Бала Бауыржан (балалық шағы)
Батыр Бауыржан Момышұлы
Өлең жолдарын құрастыру.
Керекті сөздер: батыр болу, қорғаймын,
елімді сүйемін, бақыттымын
«Кім жылдам»
1. Абайдың неше қара сөзі бар?
2. Жалғаудың түрлерін ата
3. Бауыржан Момышұлының балалық шағы туралы жазған шығармасы қалай аталады?
4. Қымыз қай малдан алынады?
5 Сәлемдесудің тағы қандай түрін білесіңдер? Амансыз ба? Мал - жан аман ба?
6. Түйенің сүті қалай аталады?
7.Қазақ тіліндегі жалғаудың түрлері
8.Балқожа кімнің атасы?
9.Отан үшін отқа түс бірақ күймейсің дана сөзінің авторы
10.Тұрлаулы мүшелерді ата
11. «Аққудың айырылуы» шығармасының авторы
12. «Абай жолы» романының авторы кім?
13.Интернет сөзінің қазақшасы
14.Үш бәйтерек кімдер?
15.Тайлақ деген сөзде неше зат есім бар?
16.Екібас тұз дегенде неше сан есім,неше зат есім бар?
17.Рахмет сөзін қай тілде айта аласың?
18. Балалар әдебиеті дегеніміз не?
19.Балалар әдебиетінің атасы кім?
Бағалау
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу 188-бет
Достарыңызбен бөлісу: |