Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Қосымша стандарттық программалар. Блокнот және Калькулятор Сыныбы: 5 «Ә» Сабақтың мақсаты


-топ: Word Pad мәтіндік редакторының интерфейсі



бет2/2
Дата09.06.2017
өлшемі173,05 Kb.
#18247
түріСабақ
1   2

3-топ: Word Pad мәтіндік редакторының интерфейсі.
Жылдам қолжеткізу тақтасы жеткізутақтасы



Жолақ

WORDPAD батырмасы

Сызғыш

Жай-күй жолы


Жаңа сабақ: 10-мин

Оқушыларға блокнот пен калькулятордың суретін көрсетемін, не үшін, кайда пайдаланатындарын сұраймын, содан ары жалғастырып өздеріне түсіндіремін.



Блокнот – мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым программа.

Оның ерекшелігі – онда әріпті немесе абзацты пішімдеу мүмкіндігі қарастырылмаған.

Блокноттың қызметі - мәтінді мәтіндік пішімде сақтау. Осының арқасында блокнотта сақталған файл дискіде ең аз орын алады. Блокноттың басқа мәтіндік редакторлардан артықшылығы - ол өте жылдам жүктеледі.

Калькулятор стандарттық программа – сандық ақпаратты өңдеуге арналған қосымшалардың бірі.

Калькулятор программасы бірнеше режимде жұмыс істей алады.

Жеңіл, оңай есептеулерді қарапайым режимде жүргізуге болады.

Сандық мәндерді Num Lock пернесін басып, цифрлық қосымша пернетақтадан енгізген ыңғайлы.

Дәптермен жұмыс.Оқушылар дәптерді ашып күннің жадын және жаңа тақырыпты жазамыз. Тапсырмалар (топтық жұмыс)

Тапсырма 1 3мин

Қызықты бет. Қай бағанадағы сандардың қосындысы көп болады? Калькулятор көмегімен қосып, болжауларыңды тексеріңдер.

123456789 + 1 =

12345678 + 21 =

1234567 + 321 =

123456 + 4321 =

12345 + 54321 =

1234 + 654321 =

123 + 7654321 =

12 + 87654321 =

1 + 987654321 =

Жауабы: Екі бағанадағы да сандарды қосу нәтижесі бірдей

Тапсырма 2 (3 мин)

«Кім тапқыр?» деп аталады. Мақал – мәтелдің бірінші жолы айтылады. Сендер екінші жолын тауып, мақалдың толық нұсқасын блокнотка енгізесіздер.

1-топ

1. Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.



2. Анаңа ауыр сөз айтпа! Атыңа ауыр жүк артпа!

2-топ


3. Еңбектің наны тәтті. Жалқаудың жаны тәтті.

4. Әзілің жарасса, Атаңмен ойна.

3-топ

5. Жақсының аты өлмейді, Ақынның хаты өлмейді.



6. Білікті бірді жығады. Білімді мыңды жығады.

Тапсырма 3 (3 мин)

Сандық әткеншек. Калькулятордың көмегімен келесі жазбалардағы амалдарды орында да, олардың сол және оң жақ бөліктерін салыстыр.

37 санның қызықты қасиеті

37*3=


37*6=

37*9=


37*12=

37*27=


Жауабы: 111, 222, 333 , 444, 999.

Сергіту сәті. Көзге жаттығу (видео). 2-мин

Бекіту (3-мин)

Дұрыс немесе бұрыс жауапты таңдаңыздар. Әр топ белгілеп болған соң жауаптарымен алмасып бір-бірінің дұрыс жауаптарын тексеріп бағалайды.



  1. Сандарды енгізу пернетақта батырмасын басу арқылы немесе түнтуірмен Калькулятордың батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады (Дұрыс)

  2. Калькулятордың 5 математикалық операциясы бар (Дұрыс)

  3. Калькулятордың 5 түрі бар: Обычный, Инжерный, Программист, Статистика, Алгоритм. (Бұрыс)

  4. Калькуляторда «Преобразование единиц» функциясын қолдануға мүмкіншілік жоқ. Мысалы, километрды сантиметрге өзгерту. (Бұрыс)

  5. Калькулятормен жұмыс істеу тәсілдері – күрделі есептерді шығару жолы. (Дұрыс)

Сабақты қорытындылау

Эдвард де Бононың ойды жеделдету әдісін пайдала отырып, оқушыларға тапсырма беру. - Оқушылар бүгінгі тақырып Калькулятор мен Блокнот болғандықтан үш топ өздеріңіз қалайтын осы құралдарды болашақта қалай елестетесіздер? Сіздер үшін қандай қызмет атқарғағанын қалайсыздар? Идеяларыңызды қағаз бетіне түсіріп, оны қорғап шығасыздар. Жобаны сызуға 5 минут және қарғауға да 5 минут уақыт беріледі. Екі топ өз топтарының атына сәйкес жаңа жоба жасап, тың идеяларын ортаға салады. Яғни жобаларын қорғап шығады. Жоба қорғаған топқа келесі топ өздерінің пікір, ұсыныстарын айтады.



 Сабақ соңындағы кері - байланыс. Осылайша оқушылар сабақтан не білім алғандарын көрсетеді.

Бағалау

Ең көп фишка жинаған оқушыларды бағалау. Шынайы марапат. Сабаққа ең үздік ат салысқан оқушыны «Ыстық орындыққа» отырғызу



Үйге тапсырма беру

§27 оқу. 198 беттегі Қызықты ақпаратты оқып келеміз.



Тексерілді:_____________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет