Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы



Дата10.11.2022
өлшемі18,8 Kb.
#157674
түріСабақ
Байланысты:
1 Биология ғылымы


Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы
Биология ғылымы.Ғылымдар жүйесіндегі биологияның орны және маңызы.Биологияның басқа ғылымдармен байланысы.Жаратылыстану –ғылыми пәндер жүйесіндегі Жалпы биология курсының алатын орны, мақсаты мен міндеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Биология ғылымы және оның қызметі, маңызы мен басқа ғылымдардан ерекшелігі жөнінде мағлұмат беріп, түсініктерін қалыптастырып жан – жақты білім беру.
Дамытушылық: Биология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы жөніндегі білімдерін тереңдету, ойлау, түсіну, ұғыну қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды бір – бірін құрметтеуге, сыйлауға, қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, ақпарат беру, сұрақ қою.
Пәнаралық байланыс: медицина, химия, математика, геоография, физика.
Көрнекіліктер: слайд, оқулық, суреттер, кестелер.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу. Сыныптың психологиялық ахуалын тексеру. Сыныптың материалдық базасын және оқушы дайындығын тексеру.

Кезекші тақтаны сабаққа әзірлейді және сыныпты түгендейді.

5 мин.

Жаңа білімді қалыптастыру

Биология - тірі табиғатты, оның алуантүрлілігі мен тірі организмдерді, қызметін, өсіп дамуын және сыртқы ортамен қарым – қатынынасыын зерттейтін ғылым.Ғалымдардың есебі бойынша, қазіргі кезде ғаламшарда өсімдіктердің жарты миллиондай, жануарлардың екі миллионға жуық түрлері бар екендігі белгілі.Ал микроорганизмдер туралы анқты айту қиын, себебі бактериялардың, әсіресе вирустардың әлі ашылмаған түрлері көп.Биология ғылымдары жер бетіндегі тіршілікті әртүрлі деңгейде – молекулалық,жасушалық,организмдік,популяциялық,түрлік,биосфералық және биогеоценоздық деңгейлерді зерттейді.Соңғы жылдары биологияның химия және физика ғылымдарымен шектесетін саласы – молекулалық биология жедел қарқынмен дамуда.Бұл ғылымның міндеті- организмдегі тіршілік көзі болып есептелетін жасушада жүріп жатқан зат алмасу мен энергия алмасу заңдылықтарын молекулалық деңгейде зерттеу. Молекулалық биологияның жетістіктерінің негізінде қазір гендік инженерия мен биотехнология дамуда.Осыған байланысты адам баласының болашақта тірі табиғатты толық меңгеру мүмкіндігі бар.Сондықтан жа жаңа XXI ғасыр –“ биология ғасыры” деп орынды аталып жүр.

Интерактивті тақтада көрсетілген презентацияға және мұғалімнің ауызша түсіндіргеніне назар салып, түсінік қалып-тастырады. Тақырыптың түсініксіз
тұстары жөнінде сауалдарын қойып,өзара талқыға салады.



25мин.



Пысықтау

Пысықтау сұрақтары беріледі:
1.Биология ғылымының анықтамасы.
2.Биология ғылымының маңызы, қызметі мен маңызын түсіндір.
3.Биология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы қандай?
4.Қазіргі заманды биология ғасыры деп атаудың себебі неде?
5.Биология ғылымының салалары?
Сонымен қатар сабақты пысықтау мақсатында жануарлардың алуантүрлілігі мен өсімдіктердің әр түрлі түрлерімен ұсақ микроағзалар жөніндегі қызықты мәліметтерді келтіре отырып, интербелсенді тақтадан бейнежазба көрсету.



Оқушылар пысықтау сұрақтарына жауап береді. Талқылайды.
Интербелсінді тақтадан көрсетілген бейнежазбаны тамашалайды.

10мин.

Рефлексия

Тақтада ребустар мен жұмбақтар беріледі.

Оқушылар жұмбақтар мен ребустарды шешеді.

3мин.

Қорытынды,
бағалау

Оқушылар сабақта белсенділік танытып, түсінік қалыптастыруларына, пікірлеріне қарай бағаланады.




2мин.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет