Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және кескіндеме



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі284,92 Kb.
#27058
түріСабақ
  1   2
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна



Пәні: Сурет және кескіндеме

Сабақтың тақырыбы: Бас сүйек бейнесі

Сабақтың түрі: практикалық сабақ.

Сабақтың мақсаты: білімділік: Адам басының анатомиялық пластикасы мен бас сүйек құрылысы туралы мәлімет беру, бас сүйек қаңқасын бейнелеуді меңгерту.

дамытушылық: Көлемдік-кеңістікті дұрыс қабылдай білуге, танымдық түсінікті бейнелеу шеберлігін меңгеруді дамытуға, аналитикалық танымды және кеңістіктегі нысанның көлемін, пластикасын, құрылымын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.

тәрбиелік: Білім алушыны визуальды танымдық мәдениетке тәрбиелеу.

Оқыту әдісі: өзіндік талғамы бойынша бағдар беріп шығармашылығын дамыта отырып оқыту.

Сабақтың материалдық-техникалық көрнекілігі:

Интерактивтік тақта, бас сүйек гипс мүсінінің қойылымы, тақырыптық сурет мозайкасы, слайд-суреттер, бейнеролик.



Пәнаралық байланыс:

Анатомия, Композиция, Графикалық дизайн, Сурет, Кескіндеме.



Сабақтың мазмұны және барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі


  • оқушылармен амандасу

  • оқушыларды түгендеу, аудитория дайындығын тексеру.



Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасы бойынша практикалық жұмыстарын, үйге берілген суреттерді аяқтап әкелу, баяндау.


Сергіту сәті: «Дұрыс сөзді тап»

Өткен тақырыптар бойынша әріптері ауысқан сәулет мамандығына қатысты термин сөздерден дұрыс сөзді табу:

ҚАМТОРЫ – «____________»

ТУСІШЕР – «____________»

АСТЫҚАЛКЛИП – «____________»

УТӘШІСЕЛ – «____________»

АҢҚАҚ – «____________»

КИСЭЗ – «____________»

ОИНАМАЯТ – «____________»

ҒҰЛАТ – «____________»

КҮЙРЕТСЕ – «____________»

ШАХРУТИТ – «____________»

ШЕРЭКО – «____________»
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Бас сүйек бейнесі». Адам басының негізі – оның бас сүйегі. Адамның бет пішінін, кескін-келбетін бейнелеу үшін, ең алдымен оның бас сүйегінің құрылысымен танысқан жөн. Адам басының қаңқасы жайлы терең мағлұматтар алу үшін тәнтану пәнін жақсы окып үйрену керек. Сонымен қатар пластикалық анатомия кітаптарымен де жете танысу қажет. Адамның бас сүйегі әр алуан 23 сүйектен тұрады. Олардың негізгілері: маңдай сүйек, самай сүйек, төбе сүйек, шүйде сүйек, мұрын сүйек, т. б. болып бөлінеді. Адам басының пішіні төрт түрге бөлінеді.



Адам басы өзінің кұрылысы мен пропорциялары бойынша әр адамда өзінше жеке-дара. Адам басының пішіні 4 негізгі топқа бөлінеді. Олар: 1) Шаршы тәрізді. 2) Эллипс тәрізді. 3) Төңкерілген трапеция тәрізді. 4) Дұрыс трапеция.


Адамның бас сүйегін бейнелеуде бет сүйегін жақсы білу қажет. Адамның жас нәресте кезінен бастап ер жеткенге дейін бас сүйегі дамып өседі. Бет сүйегінің даму шегі 24 жаста тоқталады. Негізінен кәрі адамдар қаңқасының жалпы көлемі жеңілдеп, ол сүйектерінің жұқаруына байланысты кішірейеді.

Адам басын салу – бұл күрделі жұмыс. Қандай затты болмасын, немесе адамды, жан-жануарларды бейнелеген кезде оның ішкі құрылысынан мағлұматымыз болуы керек. Бастың құрылысы: бас сүйегі қаңқасынан және бас еттерінен тұрады. Сондықтан бастың пластикалық анатомиясын жете оқып білмейінше біз дұрыс бейнелей алмаймыз.



Бас сүйегі қаңқасы өзінің формасының өте күрделілігімен, әр сүйегінің бір-бірімен ерекше жымдасуымен көзге түседі. Жалпы қаңқа

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет