Қызылорда облысы
Сырдария ауданы
С.Сейфуллин ауылы
№137 орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Рахмет Төребек Әбжапбарұлы
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сыныбы: 10
Сабақ тақырыбы: Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Өткізетін орны: спорт зал
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
1.Оқушыларға волейбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар жасату, жалпы дене дайындығының жаттығулары, допты төменнен және жоғарыдан тігінен ойынға қосуды тордан асырып орындау тәсілдерін меңгерту;
2. Волейбол ойынының техникалық тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар жасату;
3. Өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтары: Волейбол доптары, ысқырық, секундомер
Мазмұны
|
Мөлшері
|
Әдістемелік нұсқау
|
І. Кіріспе бөлімі
Сыныпты сапқа тұрғызу, сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып спорт секторынан мәлімет алу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Саптағы жаттығулар:
оңға,солға, айналу жаттығулары.
Жүру жаттығулары:
Аяқтың ұшымен жүру, аяқтың өкшесімен жүру.
Жүгіру жаттығулары: жеңіл жүгіру, оң, сол иық ты алға беріп секіріп жүгіру, тізені жоғары көтеріп жүгіру, аяқты алдыға, артқа лақтырып жүгіру.
Жүгіру жаттығулары:
Жеңіл жүгіру, қолды алдыға созып аяқты көтере жүгіру, қолды артқа қойып аяқты лақтыра жүгіру.
Гимнастикалық жаттығулар:
Басты оңға, солға айландыру 4 рет; иықты алдыға, артқа кең айландыру; оң қол жоғары, сол қол төмен артқа алдыға алма–кезек сермеу; белді оңға, солға 4 рет айландыру; аяқ иық деңгейінде ұстап, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа жеткізу, тізені бүкпеу; секіру жаттығулары; қол мен аяқтың буындарына арналған жатты –ғулары; демалыс жаттығуларын жасату.
|
20 мин.
|
Оқушылардың спорттық киімдеріне және сабаққа қатысуларына көңіл бөлу.
Жаттығуларды бұлжытпай орындауды қадағалау, талап ету.
|
ІІ. Негізгі бөлім
Арнайы жаттығулар; допсыз волейбол ойынының допты алу және қабылдау әдістерін үйрету; допты екі қолымен ұстап әріптесіне лақтырып беру және қабылдау; бір қолымен допты лақтыру және қабылдау.
Жаңа сабақты айтып, көрсетіп түсіндіру; допты беру және алу тәсілін үйрету; тапсырма бойынша допты бір-біріне беру әдістерін ұйымдастыру; кемшіліктеріне қарай тапсырмаларды қайталап орындау; допты жоғарыдан бір рет төбеге лақтырып, екінші допты әріптесіне беру; бір қадам алдыға жасап еңкейіп допты қабылдау.
Допты қабылдау әдістері: Ойынды үйрет
Ойыншыларды қарама-қарсы сапқа тұрғызып алақандарын біріктіріп ұстату, допты төменнен қабылдау әдістерін көрсетіп ойыншыларға бірнеше рет қайталату.
|
20 мин.
|
Оқушылардың сөре сызығында дұрыс отыруын және сөреден шығуын қадағалау.
|
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қорытынды бөлім.
Оқушыларды саппен жүргізіп, демалыс жаттығуларын жасату. Бір қатарлы сапқа тұрғызу
Сабақты қорытындылап, оқушылардың кемшіліктерімен жетістіктерін айту
Бағалау
Үйге тапсырма беру
|
5 мин.
|
Оқушылардың сабақ барысында жіберген қателіктерін айтып, ескерту.
Үйге берілген жаттығулардың орындалуын қадағалау
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
Интернет парақшалары;
Әдістемелік нұсқау
Достарыңызбен бөлісу: |