Бұқар жырау жайлы, оның Абылай ханның ақылшысы болғанын, өлеңдерінің өз заманында бірлікке, ерлікке үндегенін оқып білу
Оқушылардың көпшілігі
Бұқар жырау өлеңдерінің тарихи маңызы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау
Жекелеген оқушылар
Бұқар жырау өлеңдерінің тарихи маңызы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасап, басқа жыраулардың көтерген мәселелерімен салыстыра отырып, бағалау
Құндылықтар:
Патриотизм, ерлік, бірлік, отан қорғау, шешендік
Лексика:
Сауға, талыс, шөнжік, алауыз, жауылық сағынба
Табыс критерилері
Барлық
оқушылар
Топтық жұмыс барысында Бұқар жырау жайлы, оның Абылай ханның ақылшысы болғанын, өлеңдерінің өз заманында бірлікке, ерлікке үндегенін оқып біледі
Оқушылардың көпшілігі
Топтық, жұптық жұмыстар барысында Бұқар жырау өлеңдерінің тарихи маңызы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасайды, негізгі идеясын табады.
Жекелеген оқушылар
Сабақ қорытындысында Бұқар жырау өлеңдерінің тарихи маңызы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасап, басқа жыраулардың көтерген мәселелерімен салыстыра отырып, бағалайды.
Абылай хан кім, оның заманындағы ақын-жыраулардан кімдерді атай аласыздар?
Абылай ханның кім екенін, оның қазақ мемлекеті мен тарихында алатын орны жайлы айтады, Абылай заманындағы ақын-жырауларды айтады, өлеңдерінен үзінділер келтіреді. (басбармақ арқылы бағаланады)
Жаңа білімді игеру
«Ай, Абалай,Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай» өлеңдерінің тарихи маңызы мен көркемдік ерекшелігін табу (топтық жұмыс)
Топтар «Ай, Абалай,Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай» өлеңдерінің тарихи маңызы мен көркемдік ерекшелігін табады, қорғайды. (екі жұлдыз бір тілек арқылы бағаланады)
Бұқар жыраудың өмір жайлы толғауларын тауып, көтерген мәселелерін анықтайды, қазіргі уақытта сахнада, ел арасында айтылып жүргендеріне тоқталады. (смайликтер арқылы бағаланады)