Сабақ жоспары Смағұл Елубайдың «Жалған дүние»


Қолдауды аз қажет ететін оқушыға



бет4/5
Дата25.02.2023
өлшемі34,59 Kb.
#170103
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қысқа мерзімді Жалған дүние романы

Қолдауды аз қажет ететін оқушыға шығарма желісі бойынша «жұптасып сурет салу» әдісін қолдану арқылы шығармашылық жұмысқа жетелеймін.
Қабілетті, дарынды оқушыға тақырып бойынша сыныптан тыс ақпараттарды ізденуге тапсырамын. Шығармашылық ізденіс жұмыстарына баулимын.

1-тапсырманы орындаған кезде «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісіне жиналу арқылы өткен тақырып бойынша, сыртқы шеңбердегі оқушылар ішкі шеңбердегі оқушыларға сұрақтар қояды. Сұрақтар құрастыруда мәтіннен ауытқушылық байқалды, көп ізденуің қажет. Сұрақтарың нақты, тақырыпқа қатысты, жүйелі құрастырылған, сұрақтарға дұрыс жауап бере алдың, «жарайсың!» т.б деп ауызша кері байланыс беруге болады.
2-тапсырмадағы топтық жұмысты «Өзара бағалау» арқылы шығарманы талдадыңыздар, бірақ ребус құрастыру барысында қосымша деректерге де мән берілуі керек сынды қателерін алдағы уақытта жібермеуге дағдылан деп ауызша қосымша кері байланыс беремін.
«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақ география, бейнелеу пәндерімен байланыстырылады.
АКТ - мен байланыста интернет, интербелсенді тақта қолданылады. Қажетті құрал - жабдықтарды пайдаланғанда, денсаулық сақтау және қауіпсіздік ережелері басты назарда болады.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма?
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері білім алушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып құрылғандықтан, шынайы қолжетімді болды.

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Шығарманың мазмұнын толық меңгерді, шығармада көтерілген мәселеге байланысты талқылау сұрақтарын жүйелі түрде құрастырып, «Жалған дүние» романы бойынша қосымша көптеген мәліметтер алды.

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Барлық білім алушылар оқу мақсатына жетті.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Білім алушылардың деңгейіне қарай алынған саралау тапсырмалары белгіленген уақытқа сай толықтай орындалды.

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Әртүрлі әдістерді қолдану арқылы уақытты тиімді пайдаландым.

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолданып, уақытты үнемді пайдаланғандықтан, сабақ жоспарында өзгерістер, ауытқулар болған жоқ.


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаландыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
Оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Шығармадағы кейіпкерлерге талдау жасау арқылы, сол кездегі өмір шындығын көрсете алады. Шығарманың мазмұнын толық меңгерді, шығармада көтерілген мәселеге байланысты талқылау сұрақтарын жүйелі түрде құрастырып, «Жалған дүние» романы бойынша қосымша көптеген мәліметтер алды.
Шығармашылық жұмыс кезінде шығарманы талдауда, «ОЖБ» әдісін пайдалану тиімді шықты. Оқушылар өз бетінше жұмыстанып, «Жалған дүние» романындағы автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын анықтады. Романды талдай отырып, «Сөзжұмбақ», «Ребус» құрастырды. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсете алды.
Сабақ соңындағы «Wоrdwall» тәсілі ерекше көңілді түрде өтті. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған мәліметтер негізінде, сыныппен бірлестікте жарыса отырып, тест тапсырмаларын орындады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет