Сабақ жоспары Смайыл Аян Байтұрғанұлы Өскемен қаласы әкімдігінің"№46 орта мектебі"



бет5/5
Дата19.02.2017
өлшемі0,73 Mb.
#10751
түріСабақ
1   2   3   4   5

Әрі шылауы ыңғайлас салаластың әрқайсысымен қайталанып келгенде, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. Мысалы: Әншінің әрі дауысы да жағымды, әрі әні де сазды екен. Алқайталанбай бір-ақ рет келсе, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы:Құрылыс жұмысы басталды әрі құрылысшыларды орналастыру керек.

Және жалғаулық шылауымен байланысқан ыңғайлас салаластардың арасына үтірқойылмайдыМен өзімді-өзім ұмыттым және көңілім шалықтап әлдеқайда алып-ұшып кеткен сияқты.

 

2. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының, соңғысы алдыңғысының себебін білдіріп тұрады. Мысалы: Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің арты бұзылып келе жатқанын байқайды.

 
Себеп-салдар салалас құрмаластар жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бөлінеді. Себеп-салдар салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз. 

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуы:

1.Себеп мәнді сондықтан 2. Салдар мәнді

жай сөйлем сол себепті жай сөйлем

1. Салдар мәнді өйткені, себебі 2. Себеп мәнді

жай сөйлем неге десеңіз жай сөйлем

Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Мысалы: Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді. Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді, сондықтан мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым.

Жалғаулықсыз себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Мысалы: Үлкендер көрші ауылға кеткен еді, сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады.

Жалғаулықсыз салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын тұрса, арасына қос нүктеқойылады. Мысалы: Жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады: өйткені үлкендер көрші ауылға кеткен еді.

3. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы болады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдербірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген шылаулар арқылы байланысса,жалғаулықты қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Ауырғанда жаным көзіме көрініп барадыбірақ анамды қинағым келмейді. Жалғаулықты салалас құрмаластардың арасынаүтір қойылады.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жалғаулық шылаусыз іргелес тұрып байланысса,жалғаулықсыз қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Балықшылар ауды бірнеше рет салды, – балдырдан басқа ештеме ілінбеді. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбіне антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерденжасалады. Мысалы: Атаның баласы болма, – адамның баласы бол. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады. Мысалы: Көктем шықты, – ауада суық ызғар бар.



4. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын құрмаластың түрі түсіндірмелі салалас деп аталады. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаусыз, іргелестұрып байланысады да, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен.

Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышының құрамына сол, сонша, соншалық, сондай деген сілтеу есімдіктері қатысса, екі жай сөйлемнің аражігіне сызықшақойылады. Мысалы: Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті.



5. Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін саласатың түрі талғаулы салалас деп аталады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады да, арасынаүтір қойылады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылауларарқылы байланысады. Мысалы: Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге тырысады.

6. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдері айтылған іс-әрекеттің кезектесіп жүзеге асуын көрсетеді. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейдедеген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы тек салаласа байланысады да, араларынаүтір қойылады. Мысалы: Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.



Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, жалғаулық шылаулары мен тыныс белгісінің кестесі

 




Түрлері

Жалғаулықтары

Тыныс белгісі

1

Ыңғайлас салалас

Және, да, де, та, те, әрі.

Үтір

2

Қарсылықты салалас

Бірақ, сонда да,

дегенмен,

алайда, әйтсе де,

сөйтсе де.



Үтір, үтір мен сызықша

3

Түсіндірмелі салалас

Жалғаулығы жоқ.

Сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай

сілтеу есімдіктері

арқылы байланысады.



Қос нүкте, сызықша


4

Себеп-салдар салалас

Өйткені, сондықтан,

себебі, сол үшін, сол

себепті,

неге десеңіз, т.б.



Үтір, қос

нүкте немесе сызықша




5

Талғаулы салалас

Не, немесе, я, яки,

болмаса,


әйтпесе, не болмаса,

әлде.


я болмаса,


Үтір



6

Кезектес салалас

Кейде, бірде, біресе.

Үтір

 

Конспект сұрақтар


  1. Жай сөйлемдердегі ойдың тек біреуі ғана жүзеге асатын салаластың түрін көрсетіңіз.

  2. Жалғаулығы жоқ салалас түрін табыңыз.

  3. Жалғаулықсыз себеп-салдар салалас құрмаластың салдар мәндісі бірінші келсе, одан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын көрсетіңіз.

  4. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  5. Жалғаулықсыз құрмалас сөйлемді табыңыз.

  6. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  7. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сыңарлары қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысатынын табыңыз.

  8. Салаластың қай түрі екенін табыңыз. Менің артымнан тағы бір қыз туады, әке-шешем атын Балтуған қояды.

  9. Салаластың қай түрі екенін табыңыз. Қазақ жері көп еді, – жер пайдасын білетін білімді ері жоқ еді.

  10. Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан себеп-салдар салалас құрмаласты табыңыз.

  11. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

  12. Сөйлемде түсіп қалған жағдайда орнына сызықша қойылатын жалғаулықты табыңыз.

  13. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  14. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  15. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ерекшелігін көрсетіңіз.

  16. Талғаулы салаластың жалғаулық шылауларын табыңыз.

  17. Тек жалғаулықты болатын салалас құрмаластарды көрсетіңіз.

  18. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  19. Қай салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы «сол», «сонша», «сондай» есімдіктерінен жасалатынын көрсетіңіз.

  20. Құрамындағы жай сөйлемдері ешбір жалғаулық шылаусыз байланысатын салалас түрін табыңыз.


Құрмалас сөйлем

а) екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем


ә) екі я одан да көп жай сөйлемдерден болып, күрделі ойды білдіретін сөйлем
б) екі жай сөйлем, не бірнеше жай сөйлемнен тұрып күрделі ойды білдіретін күрделі сөйлем

Құрмалас сөйлемнің түрлері 
Сабақтас, салалас, аралас


Салалас
Ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы, кезектес,түсіндірмелі.
Салалас құрмалас сөйлем 
а) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде  байланысқан құрмалас сөйлем түрі
ә) құрамындағы екі,не одан да көп жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып байланысқан құрмалас сөйлем түрі

Салалас құрмалас сөйлем (мысал):
а) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен. 
ә) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. 
б) Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнардың тынышы кетті, сондықтан ол Қызылордадан Алмалыққа  біржола көшіп келді. 

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем   
а) құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ойдың екіншіге мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас қарым-қатынаста болатын салалас түрі. 
ә) құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі ойға екіншісіндегі  ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас қарым-қатынаста болып келетін салалас 
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем (мысал)  
а) Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген  сылдырады, шөп суылдады. 
ә) Көмірден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады. 
б) Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім. 

Қарсылықты салалас
а) құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама–қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрі 
ә) салалас  құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне  қарама-қарсы мәнде айтылған түрі
Қарсылықты салалас (мысал)
а) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ-ты
ә)Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық бұрынғыдай мазасыздандырмайды
б) Бас болмақ оңай,- бастамақ қиын. 

Түсіндірмелі салалас құрмалас
а) құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай қарым-қатынаста болатын салалас түрі 
ә) құрамындағы жай сөйлемдердің бастапқысы соңғысына меңзеп, ал соңғысы бастапқы сөйлем мазмұнын ашатындай қатынаста болатын салаластың түрі
Түсіндірмелі  салалас құрмалас сөйлем (мысал
а) Байжанның әлі дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді:
ол-Сырдария бойының маса-сонасы мен құрт-құмырсқа, бақа-шаян деген сияқты шақпалы жәндіктері 
ә) Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі партизан шалды көз алдарында шын көріп тұрғандай болды 
б) Көпшілік екі мәселеге көбірек тоқтады: бірі-жеміс отырғызу мәселесі, бірі- ағаш қондыру мәселесі

Себеп-салдар салалас  құрмалас  
 а) құрамындағы жай сөйлемдердің  алдыңғысы соңғысының  немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салаластың түрі 
ә)құрамындағы жай сөйлемдердің бастапқысы кейінгісінің, не кейінгісі бастапқысының себебін білдіретін салалас түрі 
Себеп-салдар салалас (мысал)    
а) Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді 
ә) Бұл егіннің  дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді 
Талғаулы салалас құрмалас  
а) құрамындағы жай сөйлемдердің тек біреуіндегі іс-оқиғаның жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіретін салаластың үрі 
ә) құрамындағы жай сөйлемдердің тек біреуіндегі іс-оқиғаның орындалуын болжайтын түрі 
Талғаулы салалас (мысал) 
а) Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар
ә) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын 
б) Ауылдан тура келесің бе, әлде жолдағы ауылдарға соқтың ба? 
в) Дәулеткелді бұның не сөзінен қызық күтеді, не бір мінінен әлдеқандай қызық күтеді

Кезектес салалас құрмалас


а) құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас түрі 
ә) құрамындағы жай сөйлемдердегі іс-оқиғалар кезектесіп келетін іс салалас түрі 
Кезектес салалас құрмалас (мысал)
а) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады 
ә) Машина жүрісін шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді 
б) Біржан біресе бұлбұл нақысты көп ырғақты «Жиырма бесті»
созады, біресе назды қоңыр  кең тынысты «Жанбота» шығады 

Сабақтас құрмалас сөйлем 


а) құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан түрі.
ә) құрмалас ішіндегі жай сөлемдердің бастапқысы тиянақсыз болып,  кейінгісіне бағына байланысқан түрі 
Сабақтас
Шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы , себеп бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы.

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас  


а) бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтастың түрі 
ә) сабақтастың бағыныңқы бөлігі басыңқы бөлігіндегі істің шарты болып келетін түрі 
Шартты бағыныңқы (мысал)  
а) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың 
ә) Көмір неғұрлым көбейсе, өнеркәсіп соғұрлым күшейеді 
б) Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас 


а) басыңқыдағы іске бағыныңқыдағы айтылған іс немесе бағыныңқыдағы айтылған іске басыңқыдағы іске қарсы қойыла айтылған сабақтастың түрі 
ә) сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқы бөлігіндегі іске бағыныңқы бөліктегі айтылған іс немесе бағыныңқы бөліктегі іске басыңқы бөліктегі іс қарсы қойыла айтылған сабақтас түрі 
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас (мысал) 
а) Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды 
ә) Ұлберген кедей болғанмен, киім – кешектерін таза ұстайтын 
б) Жастар білім жағынан артық бола тұра, тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен 

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас   


а) Бағыныңқысы  басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін түрі
ә) Сөйлемнің бағыныңқы бөлігі басыңқы бөлігінде айтылған ойдың себебін білдіретін түрі 
Себеп бағыныңқы (мысал) 
а) Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ 
б) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді 
в) Мұғалімнің сөйлегеніне Кәрім шыдап отыра алмай, біресе орнынан ұшып тұрады, біресе отырады

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас  


а) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін түрі 
ә) Бағыныңқы бөлігі басыңқы бөлігіндегі істің мезгілін білдіретін түрі 

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас 


Бағыныңқысы басыңқыдағы  істің, амалдың қалай  орындалғанын білдіреті түрі 
Қимыл – сын бағыныңқы (мысал)
а) Сұрғылт тұман дым бүркіп, барқыт бешпет сулайды .
ә) Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді 
б) Мезгілсіз үркіп кеткен ұйқының қайта оралуын тоспай-ақ, жол аушылар тағы да жолға шықты

Мақсат бағыныңқы сабақтас 


а) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін түрі 
ә) бағыныңқы бөлік басыңқы бөліктегі істің мақсатын білдіретін түрі 
Мақсат бағыныңқы сабақтас (мысал)
а) Ана мен балның бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей, жүріс-тұрысының сыбдырын сездірмеуге тырысты 
ә) Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбеккүн көп болуға тиісті 
б) Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар 

Көп бағыныңқы сабақтас 


а) құрамында екі, не одан да көп бағыныңқы сөйлем бар сабақтас түрі 
ә) Құрамындағы екіден көп бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас түрі
б) Бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан түрі 
в) Бағыныңқы сөйлемдері  басыңқымен тікелей байланыспай, өзара біріне –бірі  бағынып барып байланысқан 

Аралас құрмалас  


Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмалас түрі
Аралас құрмалас  (мысал)
а)Кү шығып, ел тұра бастады, Нұрлан жоқ 
ә) Қорған кезінде топырақ араластыра тастан алған екен де, бұл кезде қорғанның үстінде жыңғыл мен шеңгел аралас шығып өзінше ол да бір сән беріп тұр 
б) Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынан тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді ат етпетінен түсті 

Төл сөз     


а) Біреудің сөзі ешбір өзгеріссіз, дәл сол айтылған күйінде жеткізілуі 
ә) Пікір айтушының ойының еш өзгеріссіз жеткізілуі 
б) Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған күйінде берілген сөз

Төл сөз (мысал) 


а) –Бұл қыз менің қарындасым ,-деді Кенжетай, Асқардың сұрағысы келгенін біліп 
ә) –Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай, сөз бастау ұшін 
б) –Жақа, біздің балалар қолға алса, іс осылай тез бітеді – деді ол

Төлеу сөз 


а) Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, біреудің сөзінің тек мазмұнын сақтап қана жазылуы. 
ә) Біреу пікірінің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны ғана сақталып жазылуы 
б) Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілетін сөз

Төлеу сөз (мысал) 


а) Кенжетай Асқардың сұрағысы келгенін біліп, бұл қыз өзінің қарындасы екенін айтты 
ә) Итбай сөз бастау үшін, бұл үйдің жанының нешеу екендігін сұрады

ОРАЛХАН БӨКЕЙ «200 ГРАММ ЭНЕРГИЯ» әңгіме



Шешем бүгін көпке дейін мазасызданып жүрді. Өз-өзінен құдайым-ай деп күбірлеп, әлдекімге айбат қыла сөйлейді. Табиғаты байсалды, бес биенің сабасындай болып мол пішілген, мінезді ананың ашуланғаны — үлкен тай қазанның маңғаз қайнағаны секілді, бұрқ- сарқ емес екен. Әйтсе де осы шымыр-шымыр ашудың өзі ана болмысынан тым жарасымын тапқан жоқ-ты. - Не болды, тәте?— дедім. - Жай өзім ғой. Маған алаңдамай қағазыңды жаза бер. Күңкілдей сөйлеп, сары ала сандығын ұзақ ақтарып отырды. Отырды да артына бұрылмастан дауыстады: - Әй, Ораш, бері келші, құлыным. - Жай ма? - Сенімен ақылдасар шаруа бар. Сандығын ақтарып отырып, ақ матаға түйілген бір нәрсенің орауын шеше бастады. - Әкең екеуміз таңертең ұрсысып қалдық,— деді. - Неге? - Неге дерің бар ма? Жирен биенің айы-күні жетіп тұр емес пе? Жүгенін сыпырып алып, басқа бір салып қоя берейік десек, қысыр биелер құлынын тартып алам деп жүріп, жарақаттанып қала ма деп қорқасың. Аштан-аш қораға байлап қаңтарып қоюдың да реті келмейді. Жемшөп тақа таусылған. Совхоз маңайлатпайды... Қойшылардан жең ұшынан жалғасып, бірер астау жем алушы едік, қазір олар да кергіп алған, қойшы-қолаң құтырған қиын болады екен. Мен, шынымды айтсам, жалығыңқырап кеттім де: - Тәте, не айтайын деп едің? — деп едім, шешіліп айтқан әңгімесін бөлгенімді жақтырмай қалды. - Айтып отыр емеспін бе. Әкеңмен таңертең ұрысып қалдық. Буаз биеге берер жем жоқ. Зейнептің үйіндегі қойшы келіні, қайдан естігенін қайдам, құдай біледі, сыпылдақ енесі айтты, қыз кезінде ұртына ұрлап салған бидай тоқтамаушы еді, енді тісі түсіп кемиек болғанда, сөз тоқтар дейсің бе... былтыр, әкең тоқтыға бір ту қой айырбастап әкеліп еді, сол сәтінде жеткізіпті дүзқара... Мен тағы да қипалақтай бастадым. Шалы жұмысқа, қызы сабағына кетіп, қаңғыр-күңгір сөйлесер адам жоқ, не шошаң етер, айналып-толғанар кішкене бала жоқ, шешем ертеңді қара кеш екі көзі төрт болып, әлдекімді тосар еді, алда-жалда келе қалған кісімен аздап болса да әңгімелесіп қалу үшін, оның алдына барын тосар еді. Қаладан менің келуім бұл кісі үшін ұлы мереке, мәз-мейрам боп, жасап қалатын. Мен кеткен кездегі жым-жырттық шошыта ма, қайтар күнім жақындаған сайын, шешемнен де маза кетер еді. Енді, міне... - Зейнептің қойшы келіні айтыпты әкеңе: кемпіріңнің ескіден қалған тайтұяқ күмісі бар екен. Соның бүтінін болмаса да жартысын берсін, білезік соқтырып аламын. Егер сом күмісті әкеліп берсең — үш қап жемді мотоциклге салып, өзім апарып тастаймын. Ол бетпақтың бұтын кергілеп, мотоциклмен дырылдап жүретіні рас. - Сонымен берейін деп отырсың ба? - Бермегенде қайтем, әкең әкіреңдеп, құлақ етімді жеп қойды. Төркінімнен келген, ендігі қалған жалғыз дүнием еді десем, «ол не керек» деп... - Расында да, неге керек?— дедім мен тайтұяқ күмісті алақаныма салып салмақтап отырып. - Балам,— деді.— Қазақтың «Өлгенде кеудеңді қара тас бассын» деген қарғысы неге айтылғанын білесің бе? - Жоқ. - Ендеше, тыңда, адам бұл дүниемен иманын айта қоштасқан соң, жүрегінің басына— кеудесіне бисмилла деп бір кесек тас қояды, әйтпесе кеудесі толып, кеуіп кетеді. Мен әкеңе аманат қылып едім, егер құдай мені сенің алдыңда ала қалса, кеудеме тас қойма, осы тайтұяқ күмісті қой деп. Шешем тайтұяқ күміс оралған ақ матамен көзін сүртіп жылады. Менің де кеңсірігім ашыды. - Жемді ақшаға бермей ме екен?— дедім. - Ой, олар ақшамен от тамызып отыр, қойшы құтырған заман емес пе. - Жирен бие аштан өлмек түгіл, сеспей қатса да, тайтұяқ күмісіңді берме, — дедім мен. - Ендеше, осы сөзді әкеңе айт. Сенің тіліңді алады,— деді шешем. Ымырт үйіріліп, қас қарая бастаса да, бұл ауылдың шамы жана қойған жоқ. Баяғы заман емес, жердің жарығы аспандағы жұлдыздан бетер самаладай жарқыраған уақытта, қараңғы үйде қамалып, кешкі ас-суын іше алмай отырған өзгеше қызық екен. Әсіресе, қаладан барған адам елу жылға шегініп, өмір сүргендей халді бастан кешері рас. Осы Шыңғыстайдың да дәл үстінен жоғары қуатты Бұқтырма ГЭС-інің арқандай шуатылған сымы, бұдан аттай алты жыл бұрын тартылған, әлдеқайда алысқа кермедей керіліп, кете барған. Аппақ күмістей бағаналары қолтық көтере, қол соза зәулімденген электр сымдарына ауыл адамдары тек қызыға қарағаны болмаса, осы бесжылдықтың аяғына дейін дәме қылып отырған жоқ. Дегенмен, көңіл шіркін көк дөнен емес пе, төбелерінде төніп тұрған темір бағандардан күдерін үзбейді. Ал ауылда дизель моторымен жанатын сықсима жарық бар. Оның өзі де бір күн бар, бір күн жоқ, көксау шалдар секілді күркілдеп-күркілдеп, жым-жырт, тас бүркеніп жатып қалатын. Міне, кергіп барып- барып... тағы да тырқылдай жөтелді. Біздің үйдегі шамның кішкене сымы болар-болмас қызарған еді, шешем керосин шамды жақты да, өз бауырын — электрик Қисаның бас терісін аузына қаптап, ұрса жөнелді. - Әне тағы да соқыртеке ойнайтын болдық. Құдайым-ай, осы қу жалғыздан көргенім-ай. Тартпағыр кімге тартқан, жарықтық ағайым қандай кісі еді, кісінің сұлтаны емес пе еді... - Қисаның өзі жоқ, оны кімге айтып отырсың? — дедім мен. — Оның жазығы не? - Жазығы не?.. Білмейтінің бар — тыныш отыр. Жазығы сол — бізге тиесілі энергияны тағы да 200 грамм араққа сатып жіберді. Жиенісің ғой Алматыдан келіп жатқан, бар, бір шөлмек экстра беріп, аударып әкел жарықты. - Тәте, мен түк түсінбей отырмын. - Түсінбейтін несі бар. Қай үй арақ береді, сол үйдің энергиясын көбейтіп береді нағашың. «Апам, жалғыз апам»,— деп күні кеше ғана келіп кетіп еді... Дүкенге жүгіртіп жіберетін қайсыбір қолды-аяқты бала бар бұл үйде... Құр ауыз шыққан... «Орашың жылында бір-ақ рет келеді, сонда да қуанбайсың», — деп, бопсалап кетіп еді... Енді, міне, 200 грамм берген Қабанның үйіне бұрған да жіберген. Сенбесең қарашы... Терезеден тысқа үңіліп едім, шынында да, көршінің үйіндегі лампалар жарқырап тұр екен. Осы кезде әкем кірді, сөйлеп кірді. - Бәйбіше-ау, бәйбіше, жалғыз бауырыңды тағы да құр ауыз жібергенсің-ау, жүз грамың табылмады ма, тым болмаса ұлың аттанғанша алдай тұрсаң етті, сонан соң май шаммен отырсақ та бізге бәрібір. - Ол жүз грамға екі жүз грамның электрін жағып бермейді, — деді шешем. Мен далаға шықтым. Бұл жақтың кеші салқын болады. Өліараның қою қараңғысы. Ауыл әлден ұйқыға кіріскендей. Түн қараңғылығының құшағында тұншығып жатқан ағаш үйлердің бәрі-бәрі өлеусіреген, қысық көз жарықты тіпті жаққанды қойып, әлдеқашан өшіріп тастағандай. «Екі жүз грамм энергияны» артық алған көрші Қабанның терезелері ғана осы ауылдың жалғыз көзіндей шақырая жарқырайды. Ал дәл ауыл үстінен өткен жоғары вольтты бағаналар телефон сымындай емес, уілдеген мұңлы үн де шығармай, серейіп тұр...


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет