Сабақ жоспары Смайыл Аян Байтұрғанұлы Өскемен қаласы әкімдігінің"№46 орта мектебі"



бет3/5
Дата19.02.2017
өлшемі0,73 Mb.
#10751
түріСабақ
1   2   3   4   5

№11 қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пән аты: Қазақ әдебиеті Оқу ісінің меңгерушісі:

Уақыты: 14.11.2015 Кожикова Б .М_________

Сыныбы: 6 "А
едик:

Ықпалдың түрлері

    Ілгерінді           Кейінді                Тоғыспалы           

 ықпал. ықпал                  ықпал

 

1. Ілгерінді ықпал. (прогрессивті)



 

Аш- са –     аш – ша.                                    ш-с =  шш

 

Қара қой – қара ғой.                                    а – қ = ағ.



 

Жас бала –  жаспала.                                   с – б =сп

 

  Ілгерінді ықпал-алдыңғы дыбыстардың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі.



 

 

2. Кейінді ықпал (регресивті)-прогрессивті ықпалға 



қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.

          

Тарақ   +    ы     –     тарағы.                         қ – ы =  ғы.  

                 

Күрек  +  і –    күрегі.                                    К – і =  гі. 

 

Жан + бады – жамбады.                               Н – б = мб



 

Сөз - жоқ –  сөж жоқ.                                    З – ж = жж.

 

3. Тоғыспалы ықпал - көрші дыбыстардың  ілгері-кейінді қарсы әсері. Бұл сөзбен сөздің  арасында кездеседі.



 

               1.Аман  келді- Амаң - гелді.          нк-ңг

 

                2.Қан  қызыл- қаң  ғызыл              нқ-ңғ



 

                3.Мен  келдім-мең гелдім             нк-ңг

 

                4.Дос   жаран- дошшаран              сж-шш



 

 

Дыбыс үндестігі

ілгерінді ықпал кейінді ықпал тоғыспалы ықпал

көзқарас/ көз-ғарас ақ лақ/ағ-лақ бес жыл/ беш-шыл

Ілгерінді ықпал

Қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етуі (1 2)

Жазу:

Айтбек

Оқу:

Айтпек

Ілгерінді ықпал сөз ішіндегі және екі сөз арасындағы қатар тұрған екі дыбыс аралығында кездеседі. Мысалы:



1) Сөз ішінде кездесетін ілгерінді ықпал:



Орны

Жазылуы

Оқылуы

1

сөз бен қосымша арасында

ашса

ашша

2

біріккен сөзде

Сәтбек

Сәтпек


2) Екі сөз арасында кездесетін ілгерінде ықпал:



Орны

Жазылуы

Оқылуы

1

тіркесті сөзде

алып бер

алып пер

2

сөз тіркесінде

ақ балық

ақ палық

3

қос сөзде

Құрбы-құрдас

Құрбы-ғұрдас


Жазылуда ескерілетін ілгерінді ықпал заңдылығы:

Сөздер жазылғанда ілгерінді ықпалдың заңдылығы бойынша, сөзге жалғанатын дауыссыз дыбыстан басталаын қоымша:

а) егер сөздің соңғы дыбысы қатағ дауыссыз (тас) болса, қатаң дауыссыздан басталады. Мысалы: тасқа, тастар

ә) егер сөздің соңы дауысты дыбыс (бала), үнді дауыссыз дыбыс (түн) болса, ұяңнан не үндіден басталады (баланы, түнде)

б) егер сөздің соңы ұяң дауыссыз дыбыс (қарыз) болса, ұяңнан басталады (қарызды);

в) егер кірме сөздің соңы ұяң (б,в,г,д) дауыссыз дыбыс болса, қатаңнан басталады (штабқа, округтен)



Оқылуда ескерілетін ілгерінді ықпал заңдылығы
Ілгерінді ықпал бойынша сөздер оқылғанда, төмендегідей дыбыстық өзгерістер болады,олар жазылғанда ескерілмейді:

а) ш+с--шш, ш+ж--шш.

Егер "ш"-дан кейін "с,ж"тұрса, онда "с,ж"дыбыстары "ш" болып оқылады (ашса / ашша, үш жыл / үш шыл).

ә) қатаң дауыссыз +б -- қатаң дауыссыз +п

егер қатаң дауыссыз бен "б" дыбысы қатар тұрса, "б"дыбысы "п" болып оқылады (ақ бор / ақ пор).

б) Егер "дауысты дыбыс, үнді не ұяң дауыссыз дыбыс" пен "к,қ" қатар тұрса, онда "к,қ" дыбыстары "г,ғ" болып оқылады. Мысалы: ала кел / ала гел, жазкиік / жезгиік, ала қаз / ала ғаз.





Еміле

Жазылуы

Айтылуы

а

ш+с= шш, ш+ ж =шш

ашса

ашша

ә

Қатаң дауыссыз+б= қатаң дауыссыз +п







б

Егер "дауысты дыбыс, үнді не ұяң дауыссыз дыбыс" пен "к,қ" қатар тұрса, онда "к,қ" дыбыстары "г,ғ" болып оқылады.

ала кел

жез киік


ескі-құсқы

ала гел

жез гиік


ескі-ғұсқы


Кейінді ықпал

Кейінді ықпал - қатар тұрған екі дыбыстың екіншісінің өзінің алдыңғы дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы (1 2)

Жазу:

басшы

Оқу:

башшы

Кейінді ықпал сөз ішіндегі және екі сөз арасындағы қатар тұрған екі дыбыс аралығында кездеседі. Мысалы:



Сөз ішінде кездесетін кейінді ықпал

Орны

Жазылуы

Оқылуы

1

сөз бен қосымша арасында

басшы

башшы

2

біріккен сөзде

Есенгелді

Есеңгелді




Екі сөз арасында кездесетін кейінді ықпал

Орны

Жазылуы

Оқылуы

1

тіркесті сөзде

он бес

ом бес

2

сөз тіркесінде

ақ лақ

ағ лақ

3

қос сөзде

ап - алыс

аб - алыс

Кейінді ықпал заңдылығы бойынша сөздер жазылғанда, төмендегідей дыбыстық өзгерістер болады:

1



к, қп + дауысты = г,ғ,б дауысты

Сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, сөз соңындағы "к,қ,п" дыбыстары "г,ғ,б"болып ұяңданады.

аяқ+ы= аяғы

күрек+-і= күрегі

жақ+-ар= жағар

жап+-а= жаба



2

п+-ып=уып

п+іп =уіп

Соңғы дыбысы "п" болған етістікке көсемшенің"-ып, -іп" жұрнағы жалғанғанда, "п" дыбысы "у"-ға айналады.

шап+ып= шауып

кеп+іп=кеуіп



3

ы+-ау=ау

і+-еу=еу

ы+-у=у

Соңғы дыбысы "п" болған сан есімге "-ау, -еу,", ал етістікке "-у"жұрнағы жалғанғанда, "ы, і"түсіп қалды.

екі +-еу = екеу

алты+-ау= алтау

оқы+-у= оқу


Оқылуда ескерілетін кейінді ықпал заңдылығы

Кейінді ықпалдың заңдылығы бойынша сөздер оқылғанда, төмендегідейдыбыстық өзгерістер болады, бірақ олар жазылғанда ескерілмейді:



Дыбыстар__Емле__Жазылуы__Оқылуы'>Дыбыстар

Емле

Жазылуы

Оқылуы

1

н+ғ = ңғ

н+г=ңғ


егер "н" дыбыстары мен "г,ғ" қатар тұрса, онда "н" дыбысы "ң" болып оқылады.

Жанғали

сенгім


Жаңғали

сеңгім


2

с+ш=шш

з+ш=шш


егер "с,з" дыбыстары мен "ш" қатар тұрса, онда "с,з" дыбыстары "ш"болып оқылады.

басшы

жазшы


башшы

жашшы


3

з+ж=жж

з+с=сс


Егер "з" мен "ж,с" қатар тұрса, онда "з" дыбыстары "ж" не "с" болып оқылады

жүз жыл

тұзсыз


жүж жыл

тұссыз


4

н+б=мб

н+п=мп


Егер "н" мен "б,п" қатар тұрса, онда "з" дыбысы "м" болып оқылады

он піл

он бес


ом піл

ом бес


5




Егер "қ,к,п" мен "дауысты дыбыс және ұяң не үнді дауыссыз дыбыстары" қатар тұрса, онда "қ,к,п" дыбыстары "ғ,г,б" болып оқылады.

көкжиек


көгжиек


6




Қатар тұрғанда 2 дауыстының біріншісі түседі,

сары ала

сарала


Тоғыспалы ықпал

Тоғыспалы ықпал - қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінде кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы (1 2)

Жазу:

Бес жыл

Оқу:

баш шыл

Кейінді ықпал заңдылығы бойынша сөздер оқылғанда, төмендегідей дыбыстық өзгерістер болады, бірақ олар жазылғанда ескерілмейді.






Дыбыстар

Еміле

Жазылуы

Айтылуы

1

с+ж=шш


Егер "с" мен "ж"қатар тұрса, екеуі де "ш" болып оқылады.

Есжан тас жол

Ешшан таш шол

2

н+қ=ңғ

н+к=ңг


Егер "н" мен "к,қ" қатар тұрса, онда "н" дыбысы "ң", ал "к,қ" дыбыстары "г,ғ" болып оқылады

он келін

жиенқыз


он гелін

жиен ғыз



Сөздердің байланысу түрлері

Сөз тіркестері


Сөздердің тіркесу қабілетіне қарай
Есімді сөз тіркестері. Етістікті сөз тіркестері.

Қиыса Меңгере Матаса Қабыса Жанаса

байланысқан байланысқан байланысқан байланысқан байланысқан сөз тіркестері сөз тіркестері сөз тіркестері сөз тіркестері сөз тіркестері

Сөз тіркесінің байланысы сөздердің байланысу түрлеріне қарай айтылады. Байлансу түрлеріне қарай сөз тіркесі сыңарларының байланысы төмендегіше аталады:

1. Қиыса байланысқан сөз тіркесі (қиысу)

2. Матаса байланысқан сөз тіркесі (матасу)

3. Меңгере байланысқан сөз тіркесі (меңгеру)

4. Қабыса байланысқан сөз тіркесі (қабысу)

5. Жанаса байланысқан сөз тіркесі (жанасу)

Мысалы: білімді бала - қабыса байланысқан сөз тіркесі, кеше келді - жанаса байланысқан сөз тіркесі.





Түрлері

Ереже

Мысал

1

Қиысу

1. сөздердің жіктік жалғау арқылы байланысу

2. сөздердің интонация арқылы байланысуы:

3. бастауыш пен баяндауыштың байланысуы.

(Қиыса байланысқан сөздер сөйлем болады)




Мен жазушымен

Сен баласың

Мұрат - ақын


2

Матасу

ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің байланысуы

балалы үй біздің гүліміз


3

Меңгеру

екі сөздің табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғаулары арқылы байланысуы

суды төкті, бізде бар, ағасына берді, бізден сұрады, бізбен келді.


4

Қабысу

сөздерің ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы іргелес тұрып байланысуы (бірінші сөз анықтауыштың сұрағына жауап береді)

қара қалам, қызықты оқиға, төрт батыр


5

Жанасу

а) сөздерің ешбір жалғаусыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы;

ә) пысықтауыш пен баяндауыштың байланысы.



кеше болды, әдейі келді,

сол арқылы білді





Қиысу - атау септіктегі екі сөздің немесе жіктік жалғаулы сөздің атау септіктегі сөзбен байланысуы. Сөздер екі жолмен қиыса байланысады:

1) Байланысқан екі сөздің екеуі де "кім?" немесе "не?" деген сұраққа жауап беріп, атау септікте тұрады. Мысалы: Марат - мұғалім. Астана - қала. Байланысу тәсіліне қарай бұл сөздер интонация арқылы байланысқан сөздерге жатады.

2) Байланысқан екі сөздің біріншісі атау септікте тұрады, екіншісі жіктеліп тұрады. Мысалы: Мен жазушымын. Самат келді.

Сөйлемде бастауыш пен баяндауыш қиыса байланысады, сондықтан қиыса байланысқан сөздер сөйлем болады.

Матасу - ілік септіктегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Матасу байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары ілік септікте тұрса, екінші сыңарына тәуелдік жалғау жағанады. Мысалы: баланың үйі, менің тілім.

Кейде бірінші сөздің ілік септік жалғауы жазылмайды. Мысалы: қаланың тұрғындары / қала түрғындары

Кейде екінші сөздің тәуелдік жалғауы жазылмайды. Мысалы: біздің қаламыз / біздің қала, сіздің үйіңізде / сіздің үйде

Меңгеру - табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөздердің басқа сөзбен байланысуы. Меңгере байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңарына (бағыныңқы сөзіне) табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғауы жалғанады. Мысалы: суды төкпе, балаңа берші, бізде бар, досымнан аласың, мұғаліммен сөйлестім.

Кей тіркестерде табыс септік жалғауы жазылмаса да, олар меңгере байланысқан сөз тіркесіне жатады. Мысалы; су іш, кітап оқыды.

Туралы, жайлы, жөнінде шылауларымен байланысқан сөздер де меңгеруге жатады.Мысалы: сабақ жайлы сөйлестік (сабақты етістік), отан туралы жаздым (отанды жаздым)

Қабасу - сөздердің ешбір жалғаусыз орын тәртібі арқылы іргелес тұрып байланысуы. Қабыса байланысқан сөздердің арасына басқа сөз кіре алмайды. Қабысуды анықтауыш пен анықталушы сөздің байланысы деуге болады. Мысалы: қара қалам, төрт батыр.Бағыныңқы сөзіне (бірінші сыңарына) жалғау жалғанбаса да жұрнақ жалғана береді. Мысалы: тәрбиелі қыз, ақылды бала.

Кейде қабыса тіркескен сөз тіркесіндегі анықтаушы мүше бір немесе бірнеше сөзден болуы мүмкін.Мысалы: үш алма, үш қызыл алма.

Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері төмендегідей:

1. сын есім мен зат есім: ақ есік 4. есімдік пен зат есім: осы бала

2. сан есім мен зат есім: үш есік 5. есімше мен зат есім: жеген ат.

3. зат есім мен зат есім: темір есік

Төмендегі етістікті сөз тіркестері де қабыса байланысады:

1. сын есім мен етістік: жақсы оқыды, әдемі айтады.

2. еліктеу сөз бен етістік: жалт қарады, кілт тоқтады.

3. сан есім мен етістік: үш басады, екі айтты

4. үстеу мен етістік: кеш келді, аса ұиналмады, көп сөйледі

5. көсемше мен етістік: жымиып күлді, таңдана қарады

Жанасу - сөздердің ешбір жалғаусыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы немесе пысықтауыш пен баяндауыштың байланысы.

Мысалы: кеше болды, әдейі келді,телефон арқылы білді.

Жанасудың қабысудан ең басты айырмашылығы сол: жанаса байланысқан сөз тіркесінің сығарларының арасына басқа сөздер ене алады (кеше болды, кеше концерт болды), яғни екі сөз алшақ тұрып та байланысады, ал қабысуда араға анықтауыштан басқа сөз ене алмайды (үш қалам, үш қызыл қалам), қабыса байланысқан сөздер әрдайым іргелес тұрып байланысады. Ол екеуінің мысалын төмендегі кестеден көруге болады:


Қабысу

Жанасу

Үш кітап

Үш үлкен кітап

Кеш келді

Кеше қаладан келді.

Кеше қаладан жаяу келді.

Кеше балалар қаладан жаяу келді.


Аралас құрмалас сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем  құрмалас сөйлемнің бір түрі. Кемі үш жай сөйлемнен құралады. Олар өзара синтаксистік байланыстың ерекше түрі — аралас байланыс арқылы құрмаласқан. Мысалы: Жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды (Ғ.Мүсірепов). Бұл — тиянақты-тиянақсыз-тиянақты тұлғалы аралас құрмалас сөйлем.

 Аралас құрмалас сөйлем енді бірде тиянақсыз-тиянақты-тиянақты тұлғалы болып келіп, әр сыңарының өзіндік басыңқы сыңары болады. Мұнда алғашқы тиянақсыз тұлғалы сыңар өзінен кейінгі сыңардың бағыныңқысы сипатында жұмсалады, ал екінші сыңар тиянақты тұлғалы бола тұра, келесі сыңардың бағыныңқы бөлігі болып табылады. Үшінші сыңар ортаңғы сыңарға басыңқы сипатта тұрса да, бірінші сыңармен мағыналық байланысқа түспейді. мысалы: Көк қалың болғанмен, жерде әлі сыз бар, қар суын бойына тартып, дегди қоймаған-ды (Ә.Нұрпейісов).

Аралас құрмалас сөйлемнің айтылу ырғағы да кең. Онда салаласқан тән тиянақты, сабақтасқа тән тиянақсыз ұласпалы ырғақ орын ауысып, бірде тиянақты-тиянақсыз, бірде тиянақсыз-тиянақты түрде келеді.

Аралас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтастырылуында өзгешелік бар. Бірінші топ қатарын бірыңғай қатынастағы түрлер құрады да, екінші топ қатарын әрыңғай қатынастағы түрлер түзеді. Ал бұл екеуінің мағыналық жігін танытуда бір-бірінен өзгешелік жоқ, қойылған талап бір. Оның үстіне мағыналық қатынастардың белгіленуі жеке сыңарлардың тұлғалануына тәуелді емес. Ең алдымен алғашқы екі сыңар аралығындағы, соңынан соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынас айқындалады. Осы мағыналық қатынастардың сәйкес келіп, бір атаумен аталуы оның бірыңғай қатынастағы сөйлем екенін көрсетеді. Оның ыңғайлас мәнді, себеп мәнді, шарт мәнді, салыстырма мәнді, түсіндірме мәнді, мезгіл мәнді түрлері бар. Ал сөйлемдегі алғашқы екі сыңар аралығындағы және соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынастар екі түрлі болған жағдайда әрыңғай қатынастағы Аралас құрмалас сөйлем болып қосақталған түрде белгіленеді. 

Алғашқы айларда шоқ-шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда,  қазақ жұмыскерлері оны «Сары ауыз» деп жүріп еді, қазір сары балшықтың бетін түгел  көмір ұнтағы жауып кетті де, «Қара жыра» атанды.

Күн батуға таянғанда, аспан әлемін қара бұлт қаптаған еді, терістіктен соққан күшті жел  жерге бір тамшы да тамызбады.

Сабақты жақсы оқысаң, жолдастарың құрметтейді және ата-анаң қуанышқа кенеледі

1. Аралас құрамалас сөйлем білдіретін ой салалас пен сабақтастағы ойдан күрделірек болады.

2. Аралас құрмалас сөйлем салаласа да, сабақтаса да байланысқан кемінде үш не одан да күрделірек болады.

3. Аралас құрмалас сөйлемдердің құрамында шылаулы да, шылаусыз да сөйлемдер болады.

4. Тыныс белгілерінде сабақтастығы және салаластығы тыныс белгілерінің ережелері сақталады. Өйткені аралас құрмалас сөйлемнің құрамына енетін салалас құрмалас жалғаулықты да, жалғаулықсыз да болады және сабақтас құрмаластар да сол өз тұлғасымен енеді. Мұны кестемен былайша көрнекілеп көрсетуге болады:

Шылаусыз аралас құрмалас сөйлем


аспан әлемін қою қара бұлт қаптаған еді;

терістіктен соққан күшті жел жерге бір тамшы да тамызбады



Күн батуға таянғанда,

КККККК


оның әлсіздігі;

оның саясыздығы.




Кімде - кім өзін сынаудан қорықса,

кімде - кім өзінің мінін көре алмаса,

Ккік


Мұнда екі сабақтас тең дәрежеде - баяндауыштары тең формадабайланысып келгендіктен, екеуінің арасына нүктелі үтір қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет