Сабақ жоспары Смайыл Аян Байтұрғанұлы Өскемен қаласы әкімдігінің"№46 орта мектебі"



бет4/5
Дата19.02.2017
өлшемі0,73 Mb.
#10751
түріСабақ
1   2   3   4   5

Шылаулы аралас құрмалас сөйлем


жолдастарың құрметтейді

ата - анаң қуанышқа кенеледі.

және


Сабақты жақсы оқысаң,



жас төлдер далаға жайыла алмады




Биыл қар ерте кетіп еді,




сәуір бойы қара суық болып,

бірақ


Сабақтас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемнің біреуінің көбіне алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас дейміз.
Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлем баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке тұрып сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.
Мысалы, Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше, оң қолына ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындағы сабактарды қырқып та үлгірді. (С. М.) деген құрмалас екі жай сөйлемнен құрылған. Бірінші жай сөйлемнің бастауышы — саусақтары (несі?) да, баяндауышы — жинап үлгіргенше (саусақтары не істегенше?), екінші жай сөйлемнің бастауышы — орақ (не?), баяндауышы — қырқып та үлгірді (орақ не істеді?). Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені оның баяндауышы тиянақсыз тұлғада айтылған: Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше… Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейміз. Ал құрмаластың құрамындағы екінші жай сөйлем тиянакты болады да, өздігінен дербес айтыла алады: оң қолына ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындағы сабақтарды қырқып та үлгірді. Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейміз. Сөйтіп, сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқы (шартты белгісі /——/) және басыңқы) (шартты белгісі І——І ) жай сөйлемдерден құралады.
Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауыш тұлғаларына қарай белгіленеді. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары етістіктің көсемше, шартты рай тұлғалары мен есімше тұлғаларына кейбір жалғау, жұрнақ үстеліп, немесе септеулік шылаулар тіркескен түрінен болады. Оны мына схемадан байқауға болады:
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бастауышымен қиыса байланыспайды: бастауыш әр түрлі жақта т9рса да, баяңдауыш өзгеріссіз болады: Тек бағыныңқы сөйлемнің баяyдауышы етістіктің шартты рай тұлғасынан болғанда ғана, ол бастауышпен жақ жағынан және жекеше, көпше түрде қиыса байланысады. Оны мына схемадан көруге болады:
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ.

Сабақтас кұрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен, бір жағынан, бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыз болып келуімен құрмаласса, екінші жағынан олардың өз ара мағыналық карым-катынасы арқылы да құрмаласады. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің бір-бірімен мағыналық карым-катынасы әр түрлі болады. Сондықтан да басыңқы сөйлемнен бағыныңқы сөйлемге сұрақ коюга болады. Сабақтастың құрамындағ ы бағыныңкы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің мағыналық карым-қатынасына қарай сабақтас құрмалас шартты бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы сабақтас болып алты түрге бөлінеді.


ШАРТТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Бағыныңқы сөйлем басқа сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрін шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Шартты бағыныңқылы сөйлем қ а й т с е? не етсе? кайткенде? не еткенде? кайтпей? не етпей?қайтпейінше?не етпейінше? деген сұрақтарға жауап береді.
Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) етістіктің шартты рай түрінен болады. Осыңдай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, ол көптің бірі боп біз қандай оп-оңай араласып кетер едік (Ғ. Мүсірепов).

ә) болымсыз етістіктің -й тұлғалы көсемше түрінен болады: Өткен мәдениеттегі өміршең атаульшың барлығын бойға д а р ы т ы п алмай, жарқын жаңа мәдениет жасау мүмкін емес. (Ә. Кекілбаев).


б) жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады: Қара теке — Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі — сары теке қатар тұр еді (М. Әуезов).
Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Қимылсын бағыныңқылы сөйлем қалай? қайтіп? не етіп? деген сұрақтарға жауап береді.
Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеден болады: Бір бүйірі қызарып, пісуге жақындап қалып еді. Осынша қуаңшылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген (Ш. Мұртаза).
ә) есімше тұлғасына -дай, -дей жұрнағы жалғанып жасалады: Өзгелері қос атпен тартқандай, косалқы мүғалім жолдаумен ілігіп келеді (Ғ. Мүсірепов).
МЕЗГІЛ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмалстың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас қ ұ р м а л а с сөйлем дейміз. Мезгіл баяғыныңқылы сөйлем қ а ш а н? қашаннан бері?қашанға шейін? деген сүрақтарға жа-
уап береді.
Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай
тұлғалардан жасалады:
а) жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады: Екеуі ымырт үйіріле үйден шыққанда, қонақтардың соңы әлі тараған жоқты (Ғ. Мүсірепов).
ә) есімше тұлғалы етістік пен кезде, күнде, шақта, уақытта деген мезгіл мәнді сөздердің тіркесуінен болады: Күн ұясына төніп келген кезде, Аманкелдіге тағы он шақты адам кездеседі (Ғ. Мүсірепов).
б) барыс және шығыс септік тұлғасындағы есімше мен шейін, дейін және кейін, соң, бері, бұрын шылауларының тіркесінен болады: Сейіттің әке-шешесі даланың бір айналсоқ қырғыны обадан өлгеннен кейін, Игілік — қалған мал-мүлкін жинап алғысы кеп жетім баланы өз қолына алдырған (Ғ. Мүсірепов).
в) -ша, -ше тұлғалы есімшеден болады: Ол жұрт кейін мекенге қайтып, малын сұрағанша, қолдан-жолдан қосылған жеті мың жылқы таңбаланып та қалған еді (Ғ. Мүсірепов).
г) көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғасыннан болады: Шынында да Барластар келгелі, Құнанбай бұл үйіне көп қонған емес. (М. Әуезов).
з) етістіктің шартты райынан да болады: Осындай қарбалас күңдердің бірінде Ерлан түс ауа шеберханаға келсе, Жақып жігіттерімен жоқ. (С.Бәкіров)
е) -ысымен (-ісімен) қосымшалы етістіктен болады: Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады (М. Әуезов).
ҚАРСЫЛЫҚТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Басыңқы сөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойыла айтылатын сабак,тастықтық түрін қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем қайтсе де? не істесе де? қайткенмен? не еткенмен? қайтпесе? деген сұрақтарға жауап береді.
Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) шартты райлы етістікке да, де шылауы тіркесінен болады: Мен қанша тесіле қарасам да, Маржан менің сағынышымды көктем хабаршысындай көре алмады. (Ә. Тауасаров).
ә) болымсыз тұлғадағы етістіктің шартты райынан болады: Мотор үні өшті демесең, екпіні басылмаған винт ақырьйі ғана айналып тұр (Ә. Әлімжанов).
б) көмектес септік тұлғасындағы есімшеден болады: Бұл атыраптың күні ыстық болғанмен, түні салқын (3. Қабдолов).
в) -ша, -ше тұлғалы есімшеден болады: Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл (мақал).
г) көсемше тұлғалы күрделі етістіктен болып, көмекші етістік тұра, тұрып сөзі болады: Патша қатесін мойнына алып кешірім сұрағанын біле тұрып, Рүстем батыр қаһарлы райынан қайтпады (М. Қаратаев).
ғ) шығыс септік тұлғасындағы болымсыз есімше түрінен болады: Алексей Мересьев аяқтары үсігеніне немесе мылжаланғанына қарамастан, орман мен балшықты аралап күндіз-түні еңбектеді (Б. Полевой).
СЕБЕП БАҒЫНЫҢҚЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Себеп бағыныңқылы сөйлем неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.
Себеп бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) -дықтан, -діктен қосымшасы үстелген есімшеден жасалады: Артиллерия дайындығы жеткілксіз болғандықтан, жаудың атыс қарулары жанды қимылдап, бет қаратпады (С. Бақбергенов).
ә) есімше тұлғалы етістікке соқ шылауы тіркесінен жасалады: Балуан аяңға көшкен соң, қалғандары да тақым суыта бастады («Қазақ әдебиеті»).
б) болымсыз етістіктің көсемше тұлғасынан болады: Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті. (Б. Полевой).
МАҚСАТ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС.
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтастық түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас дейміз. Мақсат бағыныңқылы сөйлем не мақсатпен? не етпек болып? не үшін? н е г е? деген сұрақтарға жауап береді.
Мақсат бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) мақсатты келер шақ (-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) етістік пен б о — л ы п көмекші етістіктің тіркесінен болады: Бүгін бірер керек кітабын алып шықпақболып, өзі жалғыз кіріп еді (М. Әуезов).
ә) тұйық етістік пен ү ш і н шылауының тіркесінен болады: Төбені шытынатпай тұтас ұстау үшін, төбеге аркалықтар тегіс тиіп тұру керек (Мұстафин).
б) шартты, бүйрық және қалау рай тұлғалы етістік пен деп көмекші етістік тіркесінен болады: Сол шаңқыл тына қалар ма екен деп, Көпей самауырды есік алдына қайта шығарды (Ғ. Мүсірепов).
КӨП БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Құрамында екі я одан да көп бағыныңқылы сөйлем бар сабақтасты көп бағыныққылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.
Көп бағыныңқылы сабақтас құрмаласта бір ғана басыңқы болады да, бірнеше (екі я одан да көп) бағыныңқылы сөйлем болады. Бағыныңқы сөйлемдердің өзін бағынған сөйлеммен байланысу ерекшелігіне қарай жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас және сатылы көп бағыныңқылы сабақтас деп екіге бөлеміз.

САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ.

Сабақтас кұрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен, бір жағынан, бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыз болып келуімен құрмаласса, екінші жағынан олардың өз ара мағыналық карым-катынасы арқылы да құрмаласады. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің бір-бірімен мағыналық карым-катынасы әр түрлі болады. Сондықтан да басыңқы сөйлемнен бағыныңқы сөйлемге сұрақ коюга болады



Мазмұнына қарай

Мысалдар

Сұрақтары

Баяндауыштың тұлғаларының

формасы

Шартты бағыныңқы

Басыңқысы басыңқыдағы іс-әрекет, жай-күйдің болу я болмау шартын білдіретін сөйлемді айтамыз.



Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы

қайтсе? не етсе? кайткенде? не еткенде? кайтпей? не етпей? қайтпейінше?не етпейінше?

Шартты райлы (-са, -се формалы етістік)

Қарсылықты бағыныңқы

Басыңқы сөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойыла айтылатын сабак,тастықтық түрін қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.



Оның құр мақтанғаны болмаса, қолынан ештеме келмейді.

Қыс қыстаулары басқа болғанымен де, жаз көбіне бірігіп отырады.

Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол.Мыңның түсінін білгенше, бірдің атын біл.

Жиналыстың аяқталғанын күтпестен, сынға шыдай алмаған Ермек рұқсатсыз шығып кетті.



қайтсе де? қайткені болмаса? қайткенімен де? қайткенше? қайтпестен?

-са, да, -се, де
-ған, -ы, -ма, -са
-ған, -мен, де

-ған, -ша, -ген, -ше

-ған, -ы, -на (-ған, -ы, -н), -ген, -і, -не(-ген, -і, -н); -ма, -с, -тан, (-пе, -с, тен)


Себеп-салдар бағыныңқы

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.



Бер жағы қалың ағаш болғандықтан, жолаушыға көрінген жоқ.


Неліктен? не үшін? не себепті? неге? не деп?

-ған, -дық, -тан, (-ген, -дік, -тен) өткен шақтық есімше

-қан, -ы үшін шылау тіркескен есімше



Қимыл -сын бағыныңқы

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің, қимыл-қозғалыстың сындық амалын, қалай болғандығын білдіретін құрмалыс сөйлемнің түрі



Әні әлемді шарлап, өз халқының даңқын жайып, Роза өз еліне оралды.

қалай?

қайтіп?


-ып, -ін, -н тұлғалы көсемше

-а, -е, -й тұлғалы көсемше

-дай жұрнағы


Мезгіл бағыныңқы

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін құрмалстың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас

қ ұ р м а л а с сөйлем дейміз.


Абай үлкен үйге кіретін есікке жақындай бергенде, оның қарсы алдынан Қазақбай жүгіре шықты,

Қашан? қай кезде? қайткенше? қашаннан бері? қашанға шейін?

Жатыс септік тұлғалы есімше(-ған, -да) арқылы

Өткен шақтық есімшеге-ша, -ше жұрнағы қосылу арқылы



Мақсат бағыныңқы

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтастық түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас дейміз



Оспан жұмыс басына бармақшы болып, Әйгерім мен Ерболды үйден ерте шықты.

Кім үшін? не үшін? не мақсатпен?

Тұйық етістікке үшін шылауының, ашық райлы етістікке деп көмекші етістігініңтіркесу арқылы және мақсатты келер шақ (-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек)етістік болып көмекші етістіктің тіркесінен жасалады.


Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндаушты тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді.



Сабақтас сөйлемнің сызбасы: бағыныңқы, басыңқы

Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінің мағынасына қарай 6 түрі бар:



Түрі

Ереже

Сұрағы

Шартты бағыныңқы

Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің шарты болып келеді.

Қайтсе? Не етсе? Не еткенде?

Қарсылықты бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама қарсы болып келеді

Қайтсе де? Не ете тұра? Не еткені болмаса? Қайткенмен?

Себеп бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіреді

Неліктен? Не үшін? Не себепті?

Мезгіл бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің мезгілін білдіреді

Қашан? Кай кезде? Қащаннан?

Қимыл сын бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс қимылдың қалай орындалғанын білдіреді

Қайтіп? Не етіп? Қалай?

Мақсат бағыныңқы

Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді

Не мақсатпен? Не үшін?

 

Салалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп , өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты келіп жай сөйлемдерді жеке – жеке қолдануға болады. 
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады. 
1. Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады. 
2. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара жалғаулық щылаулар арқылы байланысады. 
Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар. 
Қарсылық мәнді бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар. 
Себеп – салдар мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар; 
Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар. 
Кезектес мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар. 
3. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері . 
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді : 
1. Ыңғайлас салалас. 
2. Қарсылықты салалс. 
3. Себеп – салдар салалас. 
4. Ілектес салалас. 
5. Талғаулы салалас. 
6. Кезектес салалас.

Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Мысалы: Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды. Бұл – салаласа байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлем мен екінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып, екеуі тең дәрежеде байланысып тұр. Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті. Бұл – сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысып тұр. Бірінші жай сөйлемді екіншісінен бөліп, өз алдына жеке айтуға келмейді.

 

Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.




Түрлері

Құрамы

Белгісі

Мысалдары

Салалас

құрмалас


сөйлем

Кемінде екі жай

сөйлемнен

құралады


Өзара тең дәрежеде

байланысады,

баяндауыштары тиянақты

болады.


Әлден уақытта екі

атты кісі келді де,

мені ағаштан

шешіп алды.



Сабақтас

құрмалас

сөйлем


Кемінде екі

жай


сөйлемнен

құралады.



Бірі екіншісіне бағынады,

бірінші сөйлемнің

баяндауыштары

тиянақсыз болады.



Жігіттер жабылып

болмаған соң,

әнші сандыққа отырды.


Аралас

құрмалас

сөйлем


Кемінде үш жай

Сөйлемнен

құралады.


Өзара салаласып та,

сабақтасып та

байланысады.


Қыздың маңдайынан

сипады да, толқындай

қара шашынан бір сүйіп, өз

жөнімен кете берді.



Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежедебайланысқан құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас деп аталады. Мысалы: Сақадай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.

 

Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы – қойды екінші жай сөйлемнің баяндауышы жүріп кетті сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа)байланысып тұр.



 

Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

 

1) Іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мысалы: Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.



 

2) Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулық шылаулар: 1) да, де, та, те әрі және деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 2) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 3) өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 4) не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, болмаса, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы; 5) кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалассөйлем алты түрге бөлінеді: 1) ыңғайлас салалас, 2) себеп-салдар салалас; 3) қарсылықтысалалас, 4) кезектес салалас, 5) түсіндірмелі салалас; 6) талғаулы салалас.

1. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой менекіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылады. Мысалы: Төлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады. Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер да, де, та, те, және, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Жанай балуан қайраттыәрі үнемі қол бастайтын болат жүректі адам едіӨзі ешкімге соқтықпайды және ит баласына жібімейді. Бір мезгілде қу шөмшектер дыбысы келді де, бірдеме қасына тасырлатып жетіп келді.

Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болатын неболған істі білдіріп, баяндауыштары бір шақта айтылса, жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Ертеңіне жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.Бір күні ауданнан қос ат жеккен шана келді, Мыңбұлақтың сақшысындай болып тұрған Байшынарға қарай беттеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет